Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ (ашық тәрбие сағаты)

583

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ

(ашық тәрбие сағаты)

Сынып:  2″ә» 

 Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,  адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелеу: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   топтық, ұжымдық.

Әдісі:  Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.

Пән аралық байланыстар: экология, музыка, дене шынықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, тірек сызбасы сызылған суреттер, кодоскоп, бейне көрініс, тақтаға әр түрлі нақыл сөздер, зиянды тағамдар.                   

Сабақтың барысы:

Түрі:  сайыс сабағы

Сабақ жоспары:

  1. Денсаулық ұғымы
  2. Әр топ өз тобын таныстырады.
  3. Денсаулық туралы жырлар
  4. Маман кеңесі.
  5. Сергіту сәті.(ән, би)

                  6 . Жұмбақ шешу, Мақал-мәтел айту

  1. Зиянды әдет – мың бір әдет.
  2. Қорытынды

Сынып оқушылары  3 топқа бөлінеді. (сыныпта отырған қатарларымен)

1 топ. «Табиғи күш» тобы

2 топ. «Ептілер мен күштілер» тобы

3 топ. «Шипалы тағамдар» тобы

  1. Денсаулық ұғымы.

Денсаулық – зор байлық және  адам  денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек туралы түсіндірілді.

  1. Әр топ өз топтарын таныстырады.

Жас ақын

Жарысымыздың  үшінші кезеңі «Жас ақын”, оқушыларымыздың шығармаларын айтты.

  1. Маман кеңесі.

Әр топқа газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма? (суреттері беріледі дәрігер болып жауап қайтару керек)

  1. Сергіту сәті.

— Әйгілі «Қаражорға» биін билейік.Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық.

Би «Қара жорға»

 

Келесі кезеңі:  «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» —  деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдерден жарыс өткізіледі.

  1. Мақал-мәтел айту

Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

 

 

 

Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан, сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» екендігін дәлелдей алдық дейді.

Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!

 

  1. Қорытынды:

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі- халқының саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық, халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.

 Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.