Зиянды әдеттерден сақ болайық!!!

151

Сабақтың тақырыбы: Зиянды әдеттерден сақ болайық!!!

Сабақтың   мақсаты:

Оқушыларды ғасыр дерті темекі,есірткі,арақтансақтандыру,олардың денсаулыққа зияндылығын түсіндіру,салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау.Жат әдеттерден аулақболуға,салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сот сабақ
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар,сабаққа қажет киім үлгілері.
Сабақтың барысы: 

Хатшы: Тұрыңыздар, сот келеді. 

Сот: Отырыңыздар. Басты сот талқылауын ашық деп жариялаймын. 

Сотталушылар: Арақ, Темекі, Есірткі бойынша қылмыстық ісі қаралады.

Сот: Хатшы, осы қылмыстық іске кімдер келіп отырғаның баяндаңыз.

Хатшы: Сот процесіне қатысушылар:сот кеңесшілері,жәбірленушілерайыпталушы қылмыскерлер


Айыптаушы:— Бүгінгі сот процесінде қаралатын мәселе ХХ ғасырдың басты кеселдерінің бірі болған және ХХІ ғасырдың басты індеттерінің біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі.
Қылмыс толық дәлелденген. Сот алдына айыпталушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, жәбір көруші қоғамды шақырамыз.

Сот:- Жәбір көруші қоғам! Сот алдындағы айыпталушы қылмыскерлердің Сізге қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз?


Қоғамдағы экология саласы:- Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттар тек денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде.

Қоғамдағы демография саласы:- Дүние жүзіндегі қандайда болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне қылмыскерлер орнында отырған темекі, арақ, есірткінің кері әсері тиюде. Қаншама адамдар бұл қылмыскерлермен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда.


Сот:- Қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші қоғамның оларға таққан айыбымен келісе ме, жоқ па соны сұрайды.

Қорғаушы:- Жәбірленушінің менің қорғаушыларыма таққан айыптарымен толық келіспейтінімді мәлімдеймін. Себебін толық түсіндіру үшін айыпкерлердің өзіне сөз берілуін сұраймын.

 

Сот: Қазір қылмыстық істі баяндаймыз..

Сотталушылар тұрыңыздар. Өздеріңізді таныстырыңыздар.

Менің атым – Арақ, Египетте дүниеге келдім.

Менің атым – Темекі, Америкада дүниеге келдім.

Менің атым – Есірткі, басқа ештеңе де есімде жоқ.

Сот: Сотталушылар тұрыңыздар, нақты сот құрамына сенесіздер ме ?

Сотталушылар: (Орындарынан тұрып) Сенеміз.

Сот: Не үшін айыпталып отырғандарыңызды білесіздер ме? Кінәларыңызды мойындайсыздар ма? Темекі, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Темекі: Жоқ, мойындамаймын.

Сот: Есірткі, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Есірткі: Жоқ, мойындамаймын.

Сот: Арақ, сіз кінәңізді мойындайсыз ба?

Арақ: Жоқ, мойындамаймын.

Сот: Сонымен, арақ, темекі, есірткі мойындамады, осылардың қайсысынан бастасақ.Онда бірінші темекіден бастайық. Қарсы емессіздер ме?

Айыптаушы: Мен келісемін.

Сот: Темекі, сіз өз кінәңізді неге мойындамадыңыз, өзіңізді қорғау үшін қандай дәлеліңіз бар?

Темекі: Мен өзімді айыптымын деп есептемеймін.Мен де әріптесім арақ сияқты көптеген адамдарға жұмыс берудемін.Мені жарнама жасамаңыздар. Тартпаңыздар.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?

Қорғаушы: Темекі, сіздің кесіріңізден үйлер, егістік, ормандар өртенді дейді, сол шын ба?

Темекі: Жоқ, бұл өртке менің ешқандай да қатысым жоқ, мені тартқан кісі тартып болып, жанымды көзіме көрсетіп аяғымен мыжып, құмға көміп, көзімді құртты.

Айыптаушы: Темекі, сіздің құрамыңызға химиялық заттар кіреді екен.Никотин деген уың адам ағзасын әбден бүлдіріпті. Ол туралы бейне дәлел бар

Темекі: Адамдар менің құрамымды, никотиннің адаиға зиян екенін біле тұра жолғанына мен де таң қаламын. Мен өз түтінімінің құрамын ешкімнен жасырған жоқпын. Бәріңіз де білесіздер.

Сот: Темекі, сізге көптеген кінәлар тағылып отыр, алдағы уақытта не ойыңыз бар?

Темекі: Мен ешкімге зиян келтірейін деп бұл өмірге келгенім жоқ. Жоламасын маған.

Сот: Есірткі, сіз өз кінәңізді неге мойындамайсыз?

Есірткі: -Апиынды адамзат ертеден қазірге дейін адам бойындағы кейбір дерттерге шипа ретінде қолдануда.Адамдар жаман қасиетіме жоламай, тек жақсы қасиетімді ғана пайдалансын.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?

Қорғаушы: Есірткі, сіз әлгі азамат қайтыс болған күні қайда болдыңыз?

Есірткі: Қайтыс болған адамға ешқандай да қатысым жоқ, ол адам қайтыс болатын күні бір тиыны да болмай мені сатып ала алмады, берекеі кетіп шадамай, біреудің қалтасына түсіп еді, ол біліп қойып, тепкілеп жатқан, сол тепкіден кеткен болар.

Айыптаушы: Есірткі, сіздің кесіріңізден көптеген жастар өз өмірімен қоштасты ол туралы бейне дәлеліміз бар

 

СОТ: енді бұл туралы не дейсіз?

 

ЕСІРТКІ: Менің не кінәм бар көрмейсәз бе , өздері бірін- бірі шақырып , өздері өздеріне зиян келтірген .


Сот: Есірткі, Сіз осындай адамға қайғы-қасірет әкелуге не себеп болды?

Есірткі: Менде ондай жаман ой болған емес, өздері кінәлі.

Сот: Арақ, сіз айыбыңызды мойындамадыңыз, ал бізге соны нақты баяндаңыз.

Арақ: Мен ешқандайдай да өтірік қоспай ағымнан жарылайын.Осы адалдығым үшін жеңілдік болар деген үміттемін.Құрметті сот мүшелері, өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін.Менің қоғамға пайдалы жақтарым да бар.Мысалы, мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамы қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Куәгер: Менің ұлымның аяғы ше?
Арақ: Өзің ғой, менсіз тұра алмаған.

Айыптаушы: Сот мырза , осы арақтың кесірінен болған оқиғатуралы бейне дерек бар соны көрсетуге рұқсат етіңіз

Сот : көрсетіңіз

Сот: Арақ; сіз адамға неліктен қас болдыңыз?

Арақ: жүзімді ашытып шарап, одан арақ алып, жарнама бересіздер, бұл теріс жарнама.Не істесеңіздер де, ойлап істеңіздер.

 

Сот: тараптардан айыпталушыларға сұрақ бар ма?


Сот: Жауап алып болдық, енді сот талқылауына көшеміз.Айып сұрау ретінде мемлекеттік айыптаушы прокурорға сөз береміз.

Айыптаушы:  Мен осы 3 айыпкерлерді де адамзат баласына қастандығы үшін ең ауыр жаза қолдануды өтінемін. Темекі тартқан 13 жастағы бала өкпе рагінен қайтыс болды., есірткі адамды жындандырып, СПИД жұқтырды, арақ өлтіріп тынды.Айтқан айыптарымның бәріне толық дәлелдер, эксперт қорытындылары бар.

Сот: Жәбірленушілер, сіздер осы үш бұзақыға қандай жаза қолдануды қалайсыздар? Нақты фактімен дәлелдеңіздер.

Куә орманшы: Төртеулеріңнің бастарың біріксе, жүрген жерлеріңді жайпап жүресіңдер. Табиғаттың жауысыңдар. Қанша орман, егістік, үйлерді өртеп, адамдарды бақытсыздыққа ұшыраттыңдар.

Сот: Сотталушыларды соттау үшін сөз адвокатқа беріледі.

Қорғаушы: Темекінің кінәсі жоқ. Оны мадақтап Испанияға алып келген Американы ашқан теңіз саяхатшысы Христофор Колумб. Ол онымен де қоймай матрос, солдат, саудагерлерге, бүкіл халыққа таратып, оны қалай тартуды үйретіп насихаттаған. Темекі плантацияларын көбейткен, зауыттар ашқан. Мұның бәріне адамдар кінәлі.

Қорғаушы: Мен өз басым есірткінің көптеген жақсы қасиеттерін білемін. Өткен жылы маған өте күрделі ауыр операция жасалды, пышақ тиген оңай ма, жаным қиналып көз ілмей жатыр едім, осы есірткінің жиенімін деп промедол келіп, жанымды кіргізгенін әлі ұмытпаспын. Содан рахаттанып , ұйықтап кетіппін. Апиын деген, ол да медицинада , тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Конопля, қарасордейді, оданәртүрліталшықтар, май алады. 

Қорғаушы: Арақтанқашыпжүріңіздер, ішпеңіздер. Арақтыңүрім-бұтағынжақсыбілемін, этанол дегенағасынансинтетикалық каучук, бояуышзаттар, еріткіштер, сіркеқышқылын, әртүрлікүрделіэфирлералуүшінқолданылады. Медицинадақолданылады

Сот:-Айыптаушы мен қорғаушыдан сот процесінде қаралып отырған іске қатысты бар куәларды сот залына шақыру сұралады.

Хатшы:-Куәгерлердің сот алдында берген мәліметтері тек шындыққа жанасуы керек.Мәліметтер жалған болып,сот процесіне кері әсерін тигізген жағдайда Қ.Р Қылмыстық кодексі 15-тарауының 352-бабының І тармағына сәйкес (жалған мәлімет бергені үшін) жалақы мөлшеріне қарай айып тағылатыны немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны ескертіледі.

Хатшы:-Сот алдына сараптамашы -дәрігер маман шақырылады.

Сараптамашы-дәрігер:-Шылым шегу-зиянды әдет, ағзаны улайды.СПИД-пен ауырған адам көп дегенде 6 жыл өмір сүре алады.СПИД қанның құрамындағы иммунитетке жауап беретін Т4 түйіршіктерін өлтіреді де, сол жерде көбейеді.СПИД-пен ауырған адам пневмания, мененгит, энцефал ауруларына шалдығады.СПИД аурулары арықтау, температураның көтерілуі, терлеу, іштің өтуі, теріде рак ауруларының пайда болуына әкеліп соқтырады.

Сараптамашы дәрігер : Қазіргі уақыттағы ішімдік-ол нөмірі бірінші есірткілік проблема.Ішімдік бұл бауыр ауруларының, бас мидың функцияларының бұзылуының, асқазан жарасының, панкреатиттің және ішкі органдардың көптеген себептері болып табылады.

Сараптамашы дәрігігер:Темекі тартушылар жүрек ауруымен көбірек ауырады,өкпе, өңеш, қуық ісігі, панкреатит және бүйрек ісігінің көрсеткіштері темекі тартушыларда көбейіп келе жатыр.Темекі түтіні адам ағзасына зиянды.Оны мынадай мысалдармен дәлелдеуге болады: дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 миллион адам қайтыс болады.Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.Шылым шеккендер жүрек ауруларымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады.Олардың 80 өкпе ауруына шалдығады.

Хатшы:-Сот алдына маман-психолог шақырылады.

Психолог:-Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, не сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды,елеусіз жүреді.Жоғарғы сынып оқушылары өздерін үлкен адамбыз деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді.

Айыптаушы:-Спирттік ішімдіктерді сатқызбай, маскүнемдіктен біржола арылуға болмай ма?

Қорғаушы:-Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сақтауға тиым салудан нәтиже шықпағандығын білеміз.

Құрметті сот мүшелері және қоғам! Сіздердің таққан айыптарыңыз шектен тыс.Мынаған көңіл аударыңыздар.Менің қорғаушыларым-арақ, темекі, есірткіқоғам ішінде өз бетімен дерт болып тарамайды.Оларды айыптап отырған-қоғам, ал қоғам мүшесінің бірі-адам.

Сот: Сотталушылар, сіздерге соңғы сөз беремін.

Темекі: О ақылды, адамзат, жоламаңыздаршы, мендей пәлеге. Маған жоламасаңыздар, өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау болады.

Есірткі: Мені халықтың игілігіне пайдаланыңыздаршы, халайық.

Арақ: Арақ керемет деп, қызықтырып жарнама жасамашы, адамзат.

Сот: Тұрыңыздар, үкім жарияланады. Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 257 бабымен арақ пен темекі, 259 бабымен есірткініңқылмыстық ісін қарады.

Ашық сот талқылауында қылмыстық іс, арақ, темекі, есірткіні айыптаумен соттың анықтағаны:

Темекі оның құрамындағы улы заттар ағзаға өте зиянды әсер еткен. Атап айтқанда: оның құрамындағы синиль қышқылы, никотин, күйе т.б бірлесіп ұйымдасқан түрде ауыз қуысын, жоғарғы тыныс жолдарын бүлдіре өтіп, өкпе көпшіктеріне қонып, одан ауызға келіп, асқазанды ойрандаған. Темекі тыныс жолдарын аяусыз қабындырған. Темекі түтінің қара майы өкпе және оның бронхыларына әбден жабысып алып, өкпенің қорғаныштық қабілетін төмендеткен. Ағзаға оттегінің келуі азайған. Темекі уының салдарынан адамдар өкпе рагіне ұшыраған. Ол онымен де тынбаған, жыныс бездерінің қызметін де бүлдірген. Қан айналым жүйесін әлсіретіп , аяқты ақсатқан. Есірткіадамныңпсихикасынбүлдіріп, мидыулап, жүйкежүйесініңқызметінтөмендеткен. Есірткініңкесірінендауасыздерт СПИД-тіжұқтырған. Арақелімізге, отбасынақайғы-қасіретәкелді. Ұрпақтыбүлдірді. Арақішкенадамдарданақылесі кем балалардүниегекелді, қорболды.

Арақадамдықылмысқаитермеледі. Ағзаныойсыратабүлдірді. Басты сот талқылауындатемекі, арақ, есірткі.Арақ ,темекі, есірткі, өздеріжасағанкінәсінмойындамады, бірақ та олардыңкінәсідәлелдемелер мен өздәлелінтауыпотыр.

Сот үкіметті: СотталушыАрақ, Темекі, Есірткі,. Арақ пен темекіҚазақстанРеспубликасыҚылмыстықкодексінің 257- бабымен, ҚазақстанРеспубликасыныңҚылмыстықкодексінің 259- бабыменесірткінікінәлідептауып, оларға осы көрсетілгенбапбойыншаөмірбойы бас бостандығынанайыружазасытағайындалды.

Темекі, арақ, есірткінібасқамемлекеттердентасымалдауғашекқойылып, мемлекеттарапынанқатаңбақылауғаалынсын.Темекі мен арақтыөндіретінорындарғаайыппұлсалынсын.Бұлардытүрліжолдарменжарнамалауғашекқойылсын.Балбақша, мектеп, жоғарғыоқуорындары мен спорттықмәдениошақтармаңынантемекі, арақтысататынсаудадүңгіршіктеріалыныптасталсын.Қоғамныңөзішіндебұлдерттіңзияндылығыжөніндетүрліүгіт-насихатшараларыжүргізілсін.Сотүкімі мен ұсыныстарықайтақарауғажатпайды.

Сот: Сот мәжілісінжабықдепжариялаймын.

Оқушылар 

 

Бұларақтыішіпедіқайбабаң? 
Ішпектүгіл, ауызын да шаймаған.
Алла бізге «арам» — дедіарақты
Зияныкөпболғаннансоңпайдадан.

Арақдегеннаннанқымбат ас болып,
Төрегеұқсап, төрдетұрар бас болып.
Бабаларымсұрағанға су берген,
Балалары у беріпжүрқасболып.
Бұлкүндеріішіпжүргенарағың,
Біркүндерітөгіледіжасболып.

Өрбасыңныңтөмендетіпбағасын,
Жұлқыласыпжұрттыңжыртыпжағасын.
Арақдегентуғаныңнанбездіріп,
Алыстатарағайынныңарасын.
Осы арақ «Әй» дегізіпәкеге
Інісінеұрғызадыағасын.
Қаншамаадамкесіріменарақтың
Ұрыпсоғыпәкесі мен анасын.
Қартайғандасүйрепқарттарүйіне
Қайырылыпкөрсетпейдіқарасын.
Байғұсанақаншаиттіккөрсе де,
Сағынадыөзітуғанбаласын.
Күтіпжүрер «Балам келіпқалар» — деп,
«Құлыным» — депжасырадыналасын.
Тымқұрыса, немересінсүйеалмай,
Жүрегініңжазаалмайжүржарасын.
Анасүтінайырбастапараққа
Қайранқазақ, қайдакетіпбарасың?! 

Халқымбұрынбілмеген, 


Кейін келе үйренген.


Тұзақты мойынға салатын,


Адамды аздыратын,


Несібеден айыратын,


Баланы бездіретін,

Қанды бүлдіретін,

Бауырды күйдіретін,

Миды улайтын,

Ақылды кемітетін,

Ұрпақты тоздыратын,

Ананы зарлататын,

Әкені шарлататын,

Ар-ұяттан айыратын,

Отанын сатқызатын,

Ерте қартайтатын,

Өлімге жетелейтін

Зиянды әдеттерден сақ болайық!!!!!!!