«Аңыз адам – 100 жаста»

88

«Аңыз адам – 100  жаста»                                                                      

Мақсаттары: Қоғам және мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың 100 жасқа толуына орай оқушыларды аңыз адамның өмірімен,атқарған істерімен таныстыру;

Өз елдеріне,өз елінің құрметті азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту;

Халқымыздың құндылықтарын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу;

Өткізілетін орны:сынып бөлмесі

Көрнекіліктер: Д.Қонаевтың портреті,оның өмірбаяны жазылған хронологиялық кесте,атқарған еңбектерінің тізбесі,қанатты сөздер

Тәрбиелік шараның түрі:Ауызша журнал

        Шараның жоспары:

1-бет.Бала  Димаштан — Ел ағасы Димекеңе дейін
2-бет.Ұлы тұлға жайлы көркем ойлар

3-бет.Д.Қонаевтың 100-жылдығына -100шара

4-бет.Аңыз адамның нақылға айналған сөздері

Мұғалімнің кіріспе сөзі.(шараның тақырыбымен,мақсатымен таныстыру)

 

1-бет.Бала Димаштан –Ел ағасы Димекеңе дейін

(кесте бойынша оқушылар баяндайды)

1912ж.  12-қаңтар — Алматы қаласында дүниеге келген

1930ж. — Алматыдағы №14 орта мектепті бітірді

1931-1936 ж.ж.  — Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтында оқыды

1937-1939 ж.ж. — Қоңырат кенішінде бұрғылау цехының бастығы

1939ж. -«Алтайполиметалл» комбинатының Риддер кеніші басқармасына директор болып тағайындалды

1939ж. — КОКП мүшелігіне тағайындалды

 

1942-1952ж. — Қазақ ССР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды

1949ж. — «Қоңырат мыс кенін қазу»атты ғылыми еңбегі жарыққа шықты

1952ж. — Қазақ  Ғылым Академиясының академигі және Президенті болып сайланды

1955-1960ж. — Қазақ ССР Министрлер кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарды

1960-1962ж. — Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды

1966-1970ж. — Социалистік Еңбек Ері атағы,Ленин ордені ,Орақ пен балға алтын белгісі тапсырылды

1978ж.- «Кеңестік  Қазақстан» таңдамалы сөздері мен мақалалары жарыққа шықты.

1982ж.- Үшінші рет Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

1986ж. 16 желтоқсан — Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды.   Желтоқсан оқиғасы орын алды.

1992ж. – «О моём времени» атты кітабы жарық көрді.«Өтті дәурен осылай»

1993ж.  20 тамызда — Д.Қонаев Алакөл ауданының Ақши ауылында дүниеден өтеді.

2 бет. Ұлы тұлға туралы көркем ойлар

  1. Мейірім-шуағы мол , пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық — қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай , келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхаммед Қонаев.

Джавахарлал Неру                                                    Үнді мемлекетінің негізін қалаушы

  1. Мен бір жақсы адамдармен жекжат болған екенмін… Димаш бұйырса иісі қазаққа ортақ ұл болғалы тұр, тіл-көзден сақтасын.

М.Әуезов , жазушы

  1. Мен бүгін зор тұлғамен таныстым. Ол — терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам . Ол – КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы.

Дуайт Эйзенхауер, АҚШ мемлекетінің экс-президенті

 

  1. Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім.

Генадий Толмачев, жазушы

 

3-бет   Д.Қонаевтің 100 жылдығына – 100 шара.

 

  • 1994 жылдың 24 ақпанында ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Алматы қаласында мұражай-үйін құру жөнінде бұйрық шығарады.
  • Мұражайда 3000 жәдігер бар. Д.Қонаев жайында жазылған 66 кітап топтамасы бар. Жалпы кітаптардың саны 3000 асады.
  • Д.Қонаевтің атымен аталатын университеттің ашылғанына биыл 18 жыл. Университетте соңғы 10 жыл ішінде 20-ға жуық заң ғылымдардың диссертациялары , барлығы 200 диссертациялық жұмыс жасалып шықты.
  • Аңыз адам атына көшелер мен мектептер ашылуда.
  • Атамыздың 100 жылдық мерейтойына арнап « Елімнің ағасы» атты ән дүниеге келді. Ән авторлары Ескендір Хасанғалиев пен Қайрат Жұмағалиев. Ән: «Елімнің ағасы»

 

4-бет    Аңыз адамның нақылға айналған сөздері

  • Бүгінгі күн – ертеңгі күн шәкірті.
  • Жалада шындық болмайды.
  • Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
  • Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.
  • Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
  • Ақиқаттан аттап кету – арға сын.
  • Орынды сын ойлантпай қоймайды.
  • Адамға ең үлкен жаза – жұмыссыз қалдыру қалдыру.
  • Адам айнасы – адам.
  • Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
  • Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Тәрбиелік шара Дінмұхаммед атамыздың сөзімен қорытындыланады.

« Адамдық қалыпты биік ұстау — кімге де болса үлкен сын . Адамгершілік деген осы. Асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі де осы, азаматтылық жолда осы.»