Ана тілім – ажарым, асыл мұрам

Тәрбие сағаты: Ана тілім – ажарым, асыл мұрам

Мақсаты: Оқушылардың еліне, ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сқтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, ақын – жазушылардың портреттері, кітап бұрышы, интерактивтік тақта.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

ІІ. Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар, жиналған қонақтар, қош келдіңіздер! Халқымыздың аса бай рухани қазынасы туған ана тіліміз. Ол қазақ тілі. Елімізден жүзден аса ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 11-қыркүйекте қабылданған Тіл туралы заңда «Тіл-халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал 1-баптың 1-тармағында «Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып табылатыындығы атап көрсетілген.

Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 – қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні ретінде аталып келеді. Осы мереке құрметіне орай өткелі отырған «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты әдебикешімізді ашық деп жариялаймыз.

ІІІ. Негізгі бөлім

Интерактивтік тақтадан көрсетіледі.

1989 жыл. 22 қыркүйек – Қазақ ССР-нің «Тіл туралы заңы қабылданды»

1989 жыл 22 қазан – алматы қаласында өткізілген алғашқы құрылтайда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды

1990 жылы 23 наурыз – Республикалық «Ана тілі» газеті жарыққа шықты.

1993 жылы 28 қаңтар —  Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі  болып бекітілді.

2007 жыл – Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды.

2008 жыл қыркүйек – мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды.

1 – жүргізуші: Қазақ қазақ болғалы

Тіл үшін күрес -көргені

Көргені көн тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі,- демекші толғауы ана тілге арналады.

2 — жүргізуші: Туған тіл жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар, сірә. Бүгін бізде ана тіліміз жайлы сыр шертіп, қоғамның тіл жайындағы ой – пікірмен бөліскелі отырмыз.

Ән: «Анамның тілі»

1 – оқушы: Менің тілі біреу -ақ

Сөйлейтінде жазатын.

Тауып қойған тілеуі ақ

Қазақ деген аз атын

Дариядай пейілі,

Тілі , діні жырында

2 – оқушы: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар

Кен даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар

3 – оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім мен сәнім бар

Туған тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді  суырып-ақ алындар.

4 – оқушы: /қырғыз киімінде/   Тілін алып мемлекеттік мәртебе,

Иеленуде сөздерін көше, әр төбе

Біткен іске берсін дейін береке,

Алда талай біз жететін бар мәре

 

 

5 — оқушы:/өзбек киімінде/   Ғарышкерің зымыраған ен салды,

Ұл – қыздарың төл теігемен енші алды

Оны құнды ететін өз еңбегің,

Ие өзің өңдірісті, кеншарды

6- оқушы:/украин киімінде/   Бостандықтың тартып талай азабын,

Тоз-тоз болған жиналуда қазағым

Нарықты да жатсынбады, ол кешегі

Тарап кеткен көп жәрмеңке базарың

7- оқушы:/орыс  киімінде/   Барлық жеңіс қолдан бірден келе ме,

Сабыр-сабыр жаңа жайдың кереге.

Өшті үні полигондай тажалдың,

Бұл елдіктің бейнесі емей немене?

8- оқушы:/түрік  киімінде/   Ал дін-ада еңбегің, құт-берекең,

Етер оның айбынды, бай ел ертең.

Сөзбен емес, қиындықты іспен жең,

Құтты болсын меншікті бұл мерекең!

Ән «Қазақ жігіттері»

9 – оқушы: Сүйемін туған тілді – ана тілін,

Бесікте жатқаным-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным

10- оқушы:  Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің тендігін

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің

11 – оқушы: Ана тілі ұмытса —

Анасына қарар ма?

Ел дәстүрін жоғалтса —

Еліне жақсы болар ма?

12 – оқушы: Туған тілім – тіршілігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсермін

Өшсе тіілім мен де бірге өшемін.

13 – оқушы: Ана тілі – бар білімнің қайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы,

Алақаны мейірімді ананың,

Ұстазымның жарқы жүзі жайдары.

14 – оқушы: Ана тілім – тасталмайтын «Әліппем»,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен.

Өз тілімді жақсы көрі арқылы

Достасамын басқа барлық халықпен.

Ән «Атамекен»

15 – оқушы: Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,

Туған тілім – анам тілі, өз тілім,

Туған тілім – далам тілі, өз тілім,

Туған тілім – балам тілі, өз тілім.

16 – оқушы: Ана тілі – ана сүтім, арым менің

Сәулетім, сая бағым, сәнім менің.

Аспаным өзіңменен арайланып

Нұрланып атар ылғи  таңым менің

 

 

17 – оқушы:  Ана тілім —

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім

18 – оқушы: Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек Ана, мен өзіңнен тарлдым.

Сағат сайын саулығынды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

19 – оқушы: Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам

Анашымды ұмытқаным емес пе,

Ана тілім, егер сені ұмытсам.

20 – оқушы: Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп тірілді елім.

Арманыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау – парызым бүгін менің.

Хормен:  Қазақ тілім – ана тілім,

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Қорытынды:

1 – жүргізуші: тіл – достық дәнекершісі, мәдениет көрсеткіші. Өткеніміз бен бүгініміз және ертеңгі болашағымыз тіл арқылы сыр шертеді. Сондықтан әрбір азамат ана тілін жетімсіретпей, босағаға отырғызбай төрге шығаруға, биікке көтеруге тиіс.

2 – жүргізуші: Осымен «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» аттыәдеби сазды кешіміз тәмамдалды. Уақыт бөліп, тыңдағандарыңызға рахмет!