Алтын сақа

98

Сабақтың тақырыбыАлтын сақа

Сабақтың мақсаты: 1.Ертегі оқыту арқылы оқушылардыі ауыз әдебиетке

байланысты білімдерін кеңейтіп,толықтыру.

2.Ойын арқылы олардың тіл байлықтарын арттырып,

көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту

3.Адамгершілік,батылдық,ақылдылық қасиеттеріне

тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі 4 сынып оқушыларының арасында өт келі отырған «Алтын сақа» сайысына қош келдіңіздер! Бүгін біз оқушылары мыздың халық ауыз әдебиетін қаншалықты білетіндіктерін,олардыңсөйлеу  мәнерін,шапшаңдықтарын байқайтын боламыз. Бүгінгі «Алтын сақа» ойыны ның тақырыбы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі,яғни бүгінгі ойынымызда қойылатын сұрақтардың барлығы осы ертегінің мазмұнына байланысты бол мақ.

Ойын шарттары:

І. Әудемжер

ІІ. Қозыкөш

ІІІ.Беласар

ІҮ. Жолайрық

Ү. Алтын көмбе

 

Ойынға қатысатын  4 оқушыны таңдап алу үшін мен сіздерге 1-ші сұрақты оқимын.

  1. Ерте,ерте,ертеде,ешкі құйрығы келтеде,Қаратаудың ойында,Қарасудың бойында кімдер өмір сүріпті?
  2. Күндердің бір күні Қазанғаптың әйелі жүкті болыпты. Айы-күні жақын дап,күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай,тоғыз күн болғанда өмірге кім келіпті?
  3. Бір күні Кендебай аң аулап жүрсе,Қаратаудың ойында,терең құздың бо йында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып,жегелі жатыр екен. Кендебайдың іс-әрекеті?
  4. Кендебай қайырымды болып ержетіпті.Бір күні Кендебай аң аулап жүр се,қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі.
  5. Бала еңіреп жылап жүр екен.Кендебай келіп: — Көзі жасты,көкірегің қай ғылы не еткен жансың? – деп сұрапты.Кендебайға бала қалай жауап берді екен?

 

І. Әудем жер

 

  1. Кендебай баланың әке – шешесін іздеуге келісіп,қойшылардың қасын да 2 -3күн тынығып жатады.Қозышы бала кешке уақытында келмей, ертесі күні Кендебай баланы талып жатқан жерінен тауып алады. Кен дебай бала есін жиғаннан кейін мән-жайды сұрайды.Сондағы баланың берген жауабы?
  2. Үшінші күні қозышы баланың киімін киіп,қозы бағуға Кендебайдың өзі шығады.Күн батып,қас қарайғанда Кендебайдың үстінен алты аққу ұшып,жақындап келеді де:

Кендебай сал мұнда ма?

Керқұла аты қолда ма?

Бауда нұры балқи ма? – деп сұрайды.Кендебайдың іс-әрекеті?

 

  1. Сөйтіп,Кендебай жолға шығады. Керқұла ат құстай ұшып,теңізді көл, дарияны шалшық көрмейді.Кендебай күн жүріп,түн жүріп,бір жерлер ге келгенде бір биік тау көрінеді. Таудың етегіне келгенде Керқұла ат қа тіл бітіп сөйлейді. Керқұла ат не деді екен?
  2. Кендебай Керқұла аттың құйрығынан бір тал қыл жұлып алды да,қоя берді.Малшыны азат етіп,оның киімін,сиырды өзі бағып қалды.Кешке жақын өзеннен айдап өткізейін десе,сиырлар суға түспейді.Кендебай ашуланып кетіп,қандай әрекет жасайды?

 

 

 

ІІ. Қозыкөш

 

  1. Сөйтіп,Кендебай мал бағып жүре береді.Бір күні хан өзінің екі бала сын шақырып алып: — Бүгін қара бие құлындайды.Бұл оның тоғызын шы құлындауы.Құлындаған күні құлын жоқ болып кетеді.Бүгін сен дер биені күзетіп,не болғанын көріңдер, — дейді. Мұны Кендебай ес тіп тұрады.
  2. Ертеңіне хан екі баласын шақырып алып,не көргендерінсұрайды.Ба лалары: — Бие құлындаған жоқ.Еш нәрсе болған жоқ, — дейді.Сол кез де Кендебай есіктен кіріп келіп:- Дат,тақсыр! – дейді.Кендебай хан ға не айтқысы келді екен?
  3. Хан үшеуін құсты да,құлынды да тауып келу үшін жолға шығарады. Кендебай өзеннен өтіп,құйрықтың қылын тұтатқан кезде Керқұла ат жетіп келеді.Құла атқа мініп алып,Кендебай жөнеп береді.Бір жерле рге келгенде ат тоқтайды.Кендебайға былай деп тіл қатты…
  4. Аралда алтын құйрықты сегіз құлын,құйрығы жоқ бір құлын алтын науадан су үшіп тұр екен.Кендебай алтын науаны алдына өңгеріп,құ лындарды ертіп кері қайтады.Бірақ оларды үш бөгет күтіп тұр еді. Ол қандай бөгеттер?

 

ІІІ. Беласар

Беласарға үш оқушы қатысады.

  1. Бір уақытта алдарынан бір үлкен тау көрінеді.Тау теңселіп,бұларға қа рай жақындап келеді.Ары қарай не болды екен?
  2. Екпініне шаң ілеспей,Керқұла ат зымырап келеді.Бір кезде алыстан не естілді?
  3. Талай белестер артта қалып барады.Бір кезде жер дүниені қап-қара тұ ман басып кетеді.Тек алтын құйрықтардың сәулесі ғана олардың жол ын жарық қылып,көрсетіп тұрады.

 

ІҮ. Жолайрық

Екі оқушы шығады.

  1. Кендебай сол жерге 2 – 3 күн тынығып,кемпірдің қазынасын жинап,ал тын науамен,құлындарымен аман – есен ханның үйіне келеді.Хан Кен дебайды құрметтеп,оның аты – жөнін сұрайды.Сонда Кендебай: — Өз атым – Кендебай,бірақ ел мені Кеқұла атты Кендебай дейді, — депті. Мен ерігіп жүргенім жоқ.Екі бірдей жоқ іздеп жүрмін, — деп жауап бере ді.Кендебай не іздеп жүр екен?

 

Ү. Алтын көмбе

Хан Кендебайға : «Енді саған қояр шартым бар», -дейді. Ол қандай шарт? Оны Кендебай орындады ма?

 

ҮІ. Қорытынды. Жеңімпазды марапаттау.