Тәуелсіз елім – тірегім

207

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әлжанова Бақыт Қонысбайқызы

 

Тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім

Мақсаты:     1) Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;

2) «Отан», «Тәуелсіздік», «Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру;

3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: интеллектуалды шоу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.

Көрнекілігі: еліміздің туы, әнұранның сөзі жазылған плакат, Президенттің суреті, «Қазақстан» энциклопедиясы.

Кіріспе бөлім.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіз елім — тірегім» атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз. Ең алдымен сайыскерлерді таныстырып кетейін.

Сайыстың шарттары:

  1. Мақал-мәтел айту
  2. Бәйге
  3. Тіл-өнер
  4. Жеті жұмбақ
  5. Оратор

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»

Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, — деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім. Мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батыр, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар)

Ән: «Отан» Орындайтын: Амитова Назерке.

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)

  1. Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?
  2. Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
  3. 16-желтоқсан қандай күн?
  4. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
  5. Тудың авторын атаңыз.
  6. Елтаңбаның авторы кім?
  7. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
  8. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
  9. Ұлттық валютаны айтыңыз
  10. Биыл Ата заңға неше жыл?
  11. Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз
  12. «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?
  13. «Желтоқсан оқиғасы» туралы не білесіз?
  14. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
  15. Қазақтың атақты ұлы ақындарын атаңыз.
  16. «Желтоқсан оқиғасы» туралы жазған қандай ақынды білесіз?
  17. Республика күнін айтыңыз
  18. Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?
  19. Республикамыз 12 жылда қандай жетістіктерге жетті?
  20. Президенттің халыққа жолдауы туралы не білесіздер?

«Қазақ биі». Орындайтын: қыз балалар.

ІІІ бөлім. Тіл-өнер.

  1. Ер елінде … жерінде (гүл – цветок — flower)
  2. Ер туған жерінде, …. тоңған жерінде. (ит-собака — dog)
  3. Туған жердің …. да болысады. (тас-камень-stone)
  4. Отаның ….. бесігің. (алтын-золото-gold)

IV бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)

  1. Тарих. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
  2. Қазақ тілі. Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған.
  3. Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
  4. Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен Шалқар қаласында тұрамын.
  5. Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған туған жерімді жақсы көремін.
  6. Математика. 04.06.1992 сандары нені білдіреді?
  7. Жаратылыстану. Қазақстан қай материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді атаңыз.

V бөлім.         1. Отан үшін отқа түс күймейсің. (Б.Момышұлы)

  1. Өз елім — өлең төсегім. (мақал)

Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.