Әліппенің ар жағы – білім бағы!

51

Әліппенің ар жағы – білім бағы!

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 5 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.

Ортаға 1- ші сынып оқушыларын шақырамыз!

Әже: Ерте,ерте,ертеде

Ешкі жүні келтеде

Қырғауылы қызыл екен

Құйрық жүні ұзын екен.

Баяғы өткен заманда, Тимирязев мектеп-интернатында Әріптер патшалығы өмір сүріпті. Оның  Әліппе атты ханшайым сұлу  қызы бар екен. Шахардың оң жақ күнгей беткейінде қызыл шырайлы ел дауыстылар елі, ал сол жақ қанатында көк орай шалғын аспан түстес ел дауыссыздар елі өмір сүріпті. Ол екі ел бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріпті. Күндердің бір күнінде әріптер патшасы былай деп жарлық шығарыпты.

Жаршы: ( Томирис )

Ау жараңдар, жараңдар,

Бері таман қарандар.

Білім шахарының

 

 

Мектеп алтын сарайында

Әріптер патшалығы

Сіздерді жиынға шақырады.

Келіңіздер, келіңіздер,

Жарлыққа құлақ түріңіздер.

Әже:

  • Жиынға халық өте көп жиналыпты. Сонда әріптер патшасы былай

депті.

  • Әріптер патшасы: ( Данияр) Бүгінгі жиынға жиналған халайық. Сөзіме құлақ салындар. Қызым әліппе ханшайымның шартынан мүдірмей өтіп, сұрақтарына жауап берген адамдарға сый-сияпатым бар – депті.

Әліппе ханшайымы: (Мадина )

— Менің атым әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да, Мәлік те.

Барлығы: — Оны біз де білеміз,

Сондықтан да әліппе,

Мәңгілік сені сүйеміз!

(Әліппе ханшайымы отырады. )

Ән « Әліппе »

Әліппе ханшайымы: — Менің алғашқы шартыма құлақ түріңдер: ең алғаш  әліппені кім жазды?

  • Ыбырай Алтынсарин
  • Қазақ тілінде неше әріп бар?
  • 42 әріп бар.
  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Тәуелсіз.

Жанбота:«Т» кәдімгі телеграф бағаны,

Кейде оған ұқсатасың бағаны.

 

Сәния:Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

Томирис: Уық деген немене?

Уыз деген немене?

«У» әрпімен атаулар

Басталып тұр, балалар.

Айжұлдыз:Елге есті ер керек,

Ержет өсіп ертерек.

Дамир:Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

Даниял:Сыйламаған жолдасын,

Сыйлай алмас өз басын.

Нұршат: Жалғыз таяқ боп тұр,

Төбесінде доп тұр,

І әріпі боп тұр.

Диана:Зауза ұшады зыңылдап,

Зымыран ұшады зырылдап.

Әліппе ханшайымы: — Туған тілім туралы не айтар едіңдер?

Мансур: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

( Пираттар киінуге кетеді. Әділ мен Мирас)

Әліппе ханшайымы: — Дүниедегі ең асыл жан кім?

  • Ана.

Олай болса, ана туралы не білесіңдер?

 Нұршат:

 

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

 

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Сәния: Бейнеме де қарайды,

Жейдеме де қарайды,

Әуелден ақ ақылшым,

Әжем менің жарайды.

Малика: Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз,

Ана сені құттықтып,

Әндетеміз бәріміз.

Ән « Ана »

Әліппе ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Қазақ халқы шешен халық, шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы. Ата-бабадан жеткен баға жетпес байлық, асыл қазына.

( Балалар кетеді.)

( Музыкамен залға екі пират кіреді.)

1 пират: Естідің бе, мына кітапта қазына, байлық бар екен!

2 пират: Тезірек алып қашайық! Іші толған алтын, ақша шығар. Бұл нағыз байлық! ( Қолындағы сандығын ашады. )

  • Пират: Мынау не? Әріптер, суреттер? Байлық қайда?
  • Пират: Қазынаны қайда тықтың?

Әліппе ханшайымы: — Сендер ақшаны, алтынды байлық деп санайсыңдар. Ол дұрыс емес. Нағыз байлық, қазына – ол кітап, оның ішіндегі мақал-мәтелдер, дана сөздер, ертегі, аңыздар. Егер сендер мына оқушыларды тыңдасандар, бәрін де өздерің түсінесіңдер.

  • Кәне, балалар, менен қандай мақалдар үйрендіңдер?

Ильяс: Оқу – инемен құдық қазғандай.

 

Нұргүл: Өнерлі бала сүйкімді.

Жансая: Ана тіліңді ұмытқаның,

Өз тіліңді құртқаның.

1 пират: Балалар, біз бәрін түсіндік! Біз де кітап оқып, көп нәрсені білгіміз келеді. Сонда біз өте бай боламыз. Тезірек кітапханаға барайық.

Нұршат пен Томиристің орындауында  « Мектеп » әнін қабыл алыңыздар.

Би вальс

( Балалар сахнаға шығады.)

Жүргізуші: — Әліппеден біз көп нәрсені оқып, білдік, үйрендік. Әліппемен қош айтыссақ, оның білімін жалғастыратын Ана тілі кітабын қарсы алайық.

Барлығы:-Қош келдің ,Ана тілі!

Ана тілі: — Амансыңдар ма! Балалар, енді бұдан былай мені оқып, менен білім аласындар. Өз ана тілдеріңді құрметтендер!

Барлығы: Бар әлемде анаға.

Басымызды иеміз,

Бабалардың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Ана тілін, ана тілін, ана тілін сүйеміз!

Жүргізуші: — Балалар, 3-ші тоқсаннан бастап сендер бағаланатын боласындар. Олай болса, әр бағаның сырын ашайық.

Салтанат: «1» дегенім жаман баға,

Алады оны жаман бала.

Ильяс: «2» дегенім нашар баға,

Інішегім нашарлама.

Салтанат: «3» дегенім орта баға,

Сапасы оның орта ғана.

Сабина: «4» дегенім жақсы баға,

 

Алады оны жақсы бала.

Нұргүл: «5» дегенім үздік баға,

Оқиды оны үздік қана

Ән: « Есеп сабағы» ( Жансая )

Мирас: Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің,

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Нұржас: Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Әділ: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортқ бол,

Сауатты боп, шықты міне балаңыз.

Дамир: Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Тимур: Әліппем, менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Әліппе саған көп рахмет.

Гүлден: Бар әріпті үйреткен,

Міне менің Әліппем.

Жақсы оқимын сабақты,

 

Әріптерді танып мен.

Диана: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым данасы.

Әліппеден басталған.

Даналықтың данасы.

Сабина: Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған .

Рахмет,ұстаз алғашқы

Әліппе: Ал, балалар мен енді сендермен қоштасамын. Асар асуларың, алар шыңдарың биік болсын! Сабақты жақсы оқып, тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосар азамат, азаматша болыңдар!

Ән « Мектебім » Гүлсана

Би « гномики»

Жүргізуші:
—  Шәкірттерімді Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, құттықтау сөзін мектеп директоры Асанова Айман Серікқызына беремін.

( Марапаттау )

Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата — аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, келесі құттықтау сөзді сіздерге беремін.(ата-аналар құттықтау сөзі)