Шаршы ішіндегі ою

68

Сабақтың  тақырыбы: Шаршы ішіндегі  ою

Мақсаты:

Оқушыларға  «Шаршы»ою-өрнегін қидырып, олардың эстетикалық   талғамдарын жетілдіру , оюларды  үйлесімді  заттардың бетіне  салып  безендіру  шеберлігін  арттыру.

Қолданылатын  құрал-жабдықтар: түрлі-түсті  қағаз, желім, түрлі — түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы.

Көрнекіліктер:  Ою-өрнек  үлгілері.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

 

Жаңа  сабақ.

 

Оқушылардың  назарын ілінген «Шаршы»  ою — өрнегіне аударып,  оны қалайша  тез, әрі оңай  жасау  тәсілін  үйретуге   кірісемін29х20 см қағазды  ортасынан тік және  көлденең  бүктеймін. Қағаз екі рет  бүктелгенде  төрт қабатталған  шаршы  формасына  ұқсаған қағаздың  екі  қабатын диагональ бойымен  өзіне   қарай үшінші рет  бүктейді.  Сонда  тең  бүйірлі  үшбұрыш  шығады. Осы  тең бүйірлі   үшбұрыш  сияқты  бүктелген  қағаз  бетіне    шаршы ою-өрнектің жарты    көрінісін  қарындашпен  салады.  Ою-өрнек  элементтері  олпы – солпы болмай  жинақы,  әдемі  көрінуге  тиіс. Егер  дұрыс  сызылмаса  өшіргішпен  өшіріп,  түзеп  отыру  қажет. «Шаршы  оюды  қайшымен ұқыпты  қию  керек. Қиылған ою-өрнекті жайып,  оның бүгілген  жерлерін   тегістейді. Тегістелген  ою-өрне  әдемі  көріну  үшін 29х200 см  басқа (ақ,сары қағазға  желімделеді.   Ою дұрыс  шыққанда ғана  оқушы  матаға  ою-өрнекті  түсіреді және  түр  үйлесімділігіне  көңіл  бөледі.

Жасалу  жолы:

 

 

Үйге  тапсырма: «Шаршы ою-өрнегін пайдаланып түсті қағаздан сырмақ немесе текемет  үлгісін  жасап келу.(Қағаздың орнына мата пайдалануға  болады.)