ЕЛБАСЫ МҰРАТЫ-ЕЛ БАҚЫТЫ,ГҮЛДЕНГЕН ҚАЗАҚСТАН

ЕЛБАСЫ  МҰРАТЫ-ЕЛ БАҚЫТЫ,ГҮЛДЕНГЕН ҚАЗАҚСТАН

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әніне жазылған «Менің елім»әнімен ашылды. «Сарыарқа»күй ойналып тұрады.

Мақсаты:

-Оқушыларды Елбасына деген құрмет сезімдерін оятуға,Отанды сүюге,құрметтеп қастерлеуге,өз елін,тегін таричын білуге тәрбиелеу.

-Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

-Оқушыларға патриоттық,эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.Топта жұмыс істеу арқылы өзгелерді тыңдап,өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыны тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Слайд,Елбасының суреті,Қазақстанның картасы,Қазақстан туралы суреттер мен буклеттер,слайдтар

Туған жер туралы,Қазақстан туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Мұғалім:

-Балалар, бүгін міне сендер 5 сыныпқа көшіп, яғни үлкен мектептің табалдырығын аттап тұрсыңдар.Сендерді Білім құттықтаймын.

Бүгін біз Білім күнініне орай «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты алғашқы сабағымызды батаймыз.

-Балалар біз қай ұлтпыз?

-Қандай республикамыз?

-Біздің Елбасымыз кім?

-Қазақ елінің нышандарын кім біледі?

-Әнұранның негізгі мазмұны.

-Көк байрақтың негізгі сипаты.

-Елтаңбанын негізгі сипаты.

-Әнұранның сөзін,әнін жазғанр кімдер?

-Елтаңба,көк байрақтың жобасын жасаған кімдер?

Мұғалім:

Қазақстан біздің сүйікті-Отанымыз.Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары,айдын шалқар көлдері,жайыла аққан өзендері,ормандары бар.

Осының бәрі Алтай менен Атырау,Ақжайық мен Алатудың аясында құалш жайып,жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.

«Отан отбасынан басталады»-деп халқымыз айтқандай,Оған кең мағыналы,қасиетті ұғым.Әрбір адамның отбасы,тұрған мекенні,өскен ортасы,аймағы,мемлекеті-оның жарық дүниедегі жансаясы,өмір өрісі,оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп,аялау үшін еліміз ,туған жеріміз оның атрихын,өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

МЕНІҢ Қазақстаным!Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын.Тіпті,мүмкін емес десе де болады.Оны айтқандай бойынды ерекше сезім билеп,сананда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.

Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат,туған халқың ментуған топырағынның алдындағы перзенттік парызи жайлы ойлар жадыңа оралады.Одан өміршеңдік пен өрлікке,оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі.

Менің Қазақстаным!Бұл-жігеріңді жанып,жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер.Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен,оның өткенімен,бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығың,табиғи біртұтастығын еске түседі.

Оны айтқанда өзіңді арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын,сағым қуып,самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін,қыран қанатының ғаламат суылын естігендей  боласың.Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеуріңді қимылы көз алдына келеді.

Менің Қазақстаным!Бұл- қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі.Барша әлемге ашық , бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші халқы- тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі.

«Малым- жанымның садағасы, жаным- арымның садағасы» деген ізгі де асқақ даналықты өмірлік кредосына айналдырған, «Еңкейгенге еңкей- ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шалқай – ол құдайдың ұлы емес» дейтін тәкаппар да текті елдің серті бар онда.

1 оқушы

Қазақстан, менің асыл аймағым.

Қуантады күнге құшақ жайғанын.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.

1 оқушы

Қазақстан туралы жалпы шолу.

Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9-орын алады.Қазақстан аумағы 2,7 млн.шаршы шақырым.Қазақстан территориясы пайдалы қазбаларға бай.

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері-Елтанба,Жалау және Әнұраны бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы Президент резиденциясының,министрлер кабинеті,министрліктер,мемлекеттік комиттер,Ұлттық Ғылым Академиясы,жергілікті әкімшілік пен мәжіліс ғимараты,Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық және сауда мекемелері үйлнрінде көтеріледі.

2 оқушы

Қазақстан Республикасының азаматтары,сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын халықтар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуға міндетті.

1992 жылы маусымның 4-де республика парламенті жаңа рәміздері:Жалау,Елтаңба,Әнұранды қабылдады.Ал Қазақстан Республикасының заңында былай делінген: «Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалуы көк түсті,ортасы күн шапағына бөленген дала қыраны-бүркіт.Күн-оның шапағы,бүркіт алтын түстес.Сол жағынан қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген.1992 жылы маусымның 2-інде қазақ жалуы көтерілді.Жалаудың көк түсі бірлесу идеясына берілгендікті бейнелеп қоймай,бейбітшіліктің,тыныштық пен тоқшылықтың белгісі болған.Көк түс-бұл көңіл ақтығы,адамның үміт сияқты адамгершілік қасиеті,өз сәулесіне шомылған күн қазақ халқының жомарттығы мен арман ойларының биіктігін бейнелейді.Дәстүрлі ою-өрнек көп ұлтты Қазақстан халқының этникалық тұтастығын көрсетіп тұр.

3 оқушы

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

Мұғалім:

Қазақстан Республиканың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің халыққа арнаған биылға Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» туралы түсінік.

4 оқушы

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

5 оқушы

Қазақстан республикасы унитарлы мемлекет болып саналады.Ол 14 әкімшіліктің  территориялық облысқа бөлінген.Республиканың батысында Ақтөбе, Атырау, батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасса,солтүстігін Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары алып жатыр.Республиканың оңтүстік аймағында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облысы орналасқан республиканың орталық бөлігін ең ірі облыс- Қарағанды алып жатыр.

6 оқушы

Алматы- жері жайсаң облыс

Ақтөбе- өлке ақ тарысы – мол ырыс.

Атырау- мол Қазақстан мұнайы

Жамбыл – Жайлау, қазыналы, шұрайлы

Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетеу – Көп көгілдір көл аймағы

Қарағанды – Қара алтынның қоймасы,

Қостанай – құт қызыл бидай қоймасы,

Қызылорда – күрішті  сыр сағасы,

Орал – көне ақ  жайықтың жағасы.

Өскемен- өр шығыста Алтай аясы,

Павлодар- қара Ертістің саясы

Қызылжар- солтүстігім орманды

Семей- аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды

Талдықорған – жер жәннаты, көп бағы,

Ақмола- Арқада ыстық алқабы

Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

 

7 оқушы

Сыр бойындай баулардан ,

Алатудай таулардан.

Сарыарқадай даламнан,

Теңіз Каспий,Аралдан.

Баян сұлу,Жібектей,

Төлегендей түлектей.

Ұл-қызы бар елімнің,

Жұлдызы бар жерімнін.

Ұлы тойдай ұлы есім.

Жаралған ер жер үшін,

Сырда сұлу күрішім,

Қырда бидай ырысым.

Жыршы-жырау салтымнан,

Әнші-күйші халқымнан

Сәлем саған,туған ел!

8 оқушы:

Мемлекетіміздің астанасы-1997 жылы Астана қаласына көшірілді.Бүгінгі Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.Астана қаласының тұрмыс-тіршілігі,әілеуметтік жағдайы,экономикалық дамысы,өзге елдермен байланысы күннен күнге дамып,көркею үстінде.

9 оқушы

Ақ Жайық,Алтай арасы,

Қазақтың Шалқар қаласы,

Республикамк қарашы!

Жерінің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!

10 оқушы

Абай туған,СӘКЕН ТУҒАН,

Құрметте достым,қазақтың жерін,

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан-республикам менің!

Төлеген,Мәншүк,

Батырлар шыққан.

Қазақстан-республикам менін!

Орманы-пүліс,

Бұлағы-күміс,

Қазақстан-республикам менін!

Таулары заңғар,

Өзені ырыс,

Қазақстан-республикам менін!

11 оқушы

Республикам күндей күлген шығыстан,

Асыл елім,жан жүректі ұғысқан.

Ата- бабам аңсап өткен бақытым,

Алтын бесік – Қазақстан гүлстан.

Жүр барайық, ашайық ән арнасын,

Жырау толғап домбырасын қолға алсын.

Дастарқандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар билеп талмасын

 

 

«Негізгі ойды суреттеу» стратегиясы

Топпен жұмыс:

I топ «Қазақстан»

II топ «Болашақ» ортақ сұрақ:Болашақта Қазақстанды қалай елестетесіңдер?

(Болашақ Қазақстан жобасын салу)

Еркін жазу стратегиясы

I топ

II топ «Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,

Тыңдарсың оң жүректің сазын әлі.

 

Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім!-