Адамгершілік пен имандылық

Тақырыбы: Адамгершілік   пен  имандылық

Мақсаты:                     Оқушыларды  инабаттылыққа,

мейірімділікке,  кішіпейілділікке  үйрету.

Өздерін  көпшілік  жерде  қалай  ұстауды

және  сөйлеуді,  сөйлеп  жатқан  адамды

тыңдай  білуді  үйрету.

Көрнекілігі:                  Адамгершілік пен имандылық жайлы

жазылған мақал-мәтелдер, жазылған

плакаттар.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Сынып  белсенділерінің  атқарған  жұмыстарының  бір  апталық  есебін  тыңдау.
  3. Жаңа сабақ.

Оқушылардан  адамгершілік пен имандылықты  қалай  түсінетіндіктерін  сұраймын. Адамгершілік пен имандылыққа  байланысты  мақал — мәтелдер  айтқызамын.

     Бұл — ұлт  психологиясының  өзегі,  адамгершіліктің    бірегейі,  халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қоғамдық  санасының  практикалық  көрінісі,  барлық  кісілік  қасиеттердің  жиынтығы.  әрине, “Тауына  қарай  аңы,  заңына  қарай  заңы”, “Әр  елдің  заңы  басқа,  иттері  қара  қасқа”  дегендей  әдеп  сақтаудың  әр  елде  тарихы,  әлеуметтік  өзіндік  ерекшеліктері  де  болған.  Ал  қазақ  халқының  әдеп  сақтау  дәстүрі  ешбір  тапты,  ұлтты,  нәсіл  мен  жыныс  айырмашылықтарын  алаламайды.  Онда  релятивизм,  абсолютизм,  антитеза  дегендер  кездеспейді.

 

Иманды болу.

Екі түрлі адамға Алла- тағала ықыласпен қарамайды.

1.Туған- туыстарынан аулақ, жалғыз өзі өмір сүргендерге.

2.Көршілерін ренжіткендерге.Көршіні ренжітпей, тату-тәтті тұру адамгершілік.

Пенденің апатқа ұшырауына сеьепкер болатын жеті түрлі істен сақтаныңыз.

1.Күдік- күманнан, 2.Сиқырдан және сиқырлаудан, 3.Қомағай нәпсіден, 4.Өсім алудан, 5.Жетімнің ақысын жеуден, 6.Жаумен соғысқанда қашудан, 7.Ерлі- зайыпты адамдарды былапыт сөзбен сөгуден.

Әр адам терең ойланып әдепті жақсы істерді өзіне үйлестіру адамгершілік болады.Біреудің Алла- тағала алдында қандай адам екенін білгіңіз келсе, ол кісіге халықтың қалай қарайтынын біліңіз. Халық қалай бағаласа, оның дәрежесі де сол мөлшерде болады. Көпшіліктің берген бағасы Алла-тағаланың ризалығына тең. Шапаныңыз қаншалық әдемі, сәлдеңіз қанша үлкен, малыңыз қанша көп болсда Алла-тағала сізідің сән-салатанатыңызға қарамайды. Жүрегіңіздің адалдығына ниетіңіздің дұрысытығына қарайды. Не істесеңізде, адал көңіл, пәк жүрекпен істеңіз. Бір мүсәпір нан сұраса беріңіз. Ауру адамның халін сұраңыз. Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз. Артында оның пайдасын көресің. Адамдардан ештеңені сұрап тіленбе. Тіпті ат үстінде қолыңнан қамшың түсіп кетсе де өзің түсіп ал! Өлгендерді қарғап, жмандамаңдар. Өйткені олар өз кінәсін өтеуге кеткендер. Алла былай дейді, егер адам баласы маған бір қадам жақындаса мен оған бір аршын жақындай түсейін. Егер адам аршындай жақындаса, мен сажындап жақындаймын. Егер адам он қадамдай жақындаса, мен оған қарай жүгіремін деген.

Сыйластық пен достық.

Шақырған жерге барыңыз достықта. Бір адам  ақса той шақырса бай, кедей молда қожа төре шәкірт демей бәрін көріңіз. әрқандай жиынға шақырса қалмаңыз. әрбір адамның өзінің парызы саналатын істі өтегеннен кейінгі артық атқарған ісі жақындарының жүрегін қуанышқа бөлейді. Кімде кім жақын адамын қуантқысы келсе барлық адамды қуанышқа бөлейтін іс істеуі керек. Оның қаншалық асыл қасиет екенін әркім-ақ түсінеді. Бір адам сөйлеп отырғанда жан-жағына қарай берсе, басқа біреуге сөйле деп сөйлескенде оның қадіріне нұқсан келтірмеу керек. Мұның пайдасы жоқ. Сенің айыпты екеніңді айтып біреу сөксе де, сен оның өз айыбын бетіне басып сөкпе, ақыры сауабы саған тиеді. Кінәсі де, обалы да әлгі кісіде қалады. Жақсы ісіңді қанағат етіп қуаныш ет.  Жаман іміне қажып, қайғыр бұл имандылықтың белгісі.  Абыройың аратады. Бес нәрсені бес нәрседен бұрын болжай ойластыр. Өл  мен тұрып тіршіліктің қадірін біл. Басыңа іс түспей тұрып баршылықтың қадірін біл, кәрілік келмей тұрып баршылықтың қадірін біл. Өз араларыңызда сәлемдесуді жолға қойыңыз. Сонда бір-біріңізге достығыңыза артады. Біреумен амандасып хал-жайын сұраудың өзі де өте жақсы қылық.

Пайғамбар сөзі алланың сөзі.

  1. Мен айтқан хадис жүрегіңіздің ұнатқаны анық айтылған хадис мұсылманның көңіліне жақсы сезіледі. Ол пайдалы болады.
  2. кімде-кім хадистерімді пайымдау үстінде шүбә келтірсе онда ол суайттың суайты.
  3. Менің атымнан жалған хадис шығарып таратушы болса дозақтың ең лапылдап жатқан жерінен өзіне орын бар екенін білсін.
  4. Айтқан сөзімді естіген соң басқа адамдарға естіген қалпында жеткізген адамнан жүзін Алла жарақ қалсын тікелей біздің тыңдаған адамнан гөрі сырттан естушілер хадистерімді жақсырақ есте сақтайтын болуы мүмкін.
  5. Менің қауымыма арналған өсиеттерімнен қырық хадисті жатқа алған адамды ақрет күнімен қамқорлыққа аламын.
  6. Кімде-кім менің есімімді құлағы шалғанда менің атыма бір мәрте мадақ сөз айтса Алла тағала оған он рет алғыс айтады.
  7. Кім менің хадисімді естіп, естігендерін қауымына айнытбай жеткізсе, соған Алла шапағатын төксін. Өйткені өзге адамдар көптеген хадистер мен айтқаннан жақсырақ.

Ұстазым

Мәлікұлы мәуіт періште,

Пенденің келсе оңынан.

Гүрзі алып келсе қолына,

Мүңкір-нәнкүр солынан.

Армансыз болып өтерме,

Есен жолдай шайырдың,

Үлгі алып ерсен соңынан.

 

Апталық кеңес

Ғайыбына қамқоршы,

Ғарып атпа ұғылға.

Адал перзент жібермес,

Атаның сөзін шығынға.

Ең болмаса ескерер,

Айыменен жылында.

Аталық кеңес уағзаны,

Сөйлеген нешеу бұрында.

 

Адамдық іс

Күн туса, нұр қашады айдан-дағы,

Жарлы жақсы қайырсыз бойдан-дағы.

Бұрынғы қариялардан қалған нақыл,

Бұл сөзді  таптың-деме қайдан дағы?

Тұлпардың тұқымының туымы бар,

Белгілі ат болуы тайдан-дағы.

Алды аға артта-іні жетіп тұрса,

Жігітке ол бір құрал сайман-дағы.

Деген бар: төртеу түгел төрге шығар,

Төрің сол-бақыт құстың айналғаны.

Алтау боп-аузын ала бола қалса,

Дұшпанға құл  боп анық байланбаған.

Кейбіреу сәл бақытқа мас болады,

Шабақтай шапылдаған қайраңдағы.

Адамдық ісіңе жұрт аңсап тұрсын,

Не керек қарыныңның құрмаланғаны?

Көңіліне мен де адаммын деп жүрген көп,

Кілегей майға ұқсаған айрандағы.

 

Адамдық пен надандық

Дүниеге кімдер келіа кім кетпеген,

Табиғат-түбі терең ұол жетпеген.

Өтерін өміріңнің біле тұрып,

Маңдайын пенде барма терлетпеген?

Баз біреу көп ақылға ие болып,

Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген.

Баз біреу мал базарын мақсат етіп,

Ауруын адамдықтың емдетпеген.

Ақылдың ауырлығы қорғасындай,

Көңілді бұзық іске өрлетпеген.

Тынық боп тыпыршымай есің болса,

Қаңтардың шуағындай желдетпеген.

Лұқпандай мың жыл өмір сүрсе дағы,

Ақыры өлім кімді еңіретпеген.

 

 

Жастарға өсиет.

Шырағым шынмененай саумысың,

Басыңнан бақ-дәреже таймасын күн.

Парықсыз ақпа құлақ ақымақ болмай,

Көрінсе нұсқалы сөз көңіліңе түй.

Жасыңнан базар жайға барып тұрсың,

Өнердің порасын қой жібіген түй.

Ай сайын әр насихат аңдатамын,

Хауып ойлап тоқи ма-деп қатпаған ми.

Тұрғанда бидай бітеу нан борлмайды,

Тері де тон болмайды көрмеген.

Елде де талай адам жүр ғой демей,

Ілімсіз іске аспайды дәркілдек би.

Тайыңнан тас ақырға дайындадым,

Беліңді берік бойлап айылдадым.

Пайдасын от басының ойламайақ,

Заңы–деп заманымның қайымдадым.

 

Қазақы бата

Құдай жолың қабыл болсын,

Әрбір нәрсең әзір болсын!

Кеткенің келіп,

Кемтігің толсын.

Бақ пен дәулет

Құдайым нәсіп етсін!

Бар бәлекет аулақ кетсін,

Аллаһу әкбар!

Жортқанда жолдасың қыдыр болсын!

Жүрден аяққа жүрген ілігіп.

Басыңа бақыт қонсын,

Үйіңе ұрпақ толсын.

Бәрі де халқының ұлы болсын.

Атасының құлы болсын,

Аллаһу әкбар!

Бата

Күнің шуақты болсын,

Көңілің суатты болсын,

Еккенің жемісті

Еңбегің кеністі болсын.

Жұлдызың ағаңда болсын,

Құндызың жағаңда болсын.

Жарың жібектей болсын,

Арың түлектей болсын.

Өнерің өрлей түссін,

Өмірің төрлей берсін.

Е, құдайым бала берсін,

Мал мен басты және берсін.

Саған қас қылған дұшпанды,

Табаныңа сала берсін.

Аллаһу әкбар!   

Берген батам бола берсін.

 

Бата

Осы үйдің иесіне,

Молайта мал бер.

Көбейтіп бас бер,

Ұзақ жас бер.

Аттансын келген қонағың,

Іштей тоңып

Ырызғы таусылмайтын

Ықылас бер.

Жаз келіп көңілің жай болсын,

Көргенің шаттық той болсын.

Абзал досың көп болсын,

Берген батам сол болсын. Әмин.

Үйіңе береке кіре берсін,

Күнде қыдыр келе берсін.

Ішкен-жегеніміздің сауабы

Әруақтарға тие берсін.

Аллаһу әкбар қабыл болсын!

 

Шайың қызыл болсын

Ғұмырың ұзын болсын

Несібең таси берсін

Дұшпаның қаша берсін

Құдайым ұзақ ғұмырды жаза берсін

Берген батам қабыл бола берсін.

Аллаһу әкбар!

 

Құдайым жарылқасын

Бай қылсын

Төрт түлігің сай болсын

Мұратың асыл болсын

Бергеніме алла береке берсін.

Аллаһу әкбар!

 

Мақал мәтел және сұрыпталған сөздер.

Көптің бірі емес аздың бір дегені болыңыздар барлық уақытта астан болсын бағаларың.

 

Жылқы дүл-дүлімен жетеді мақсатына.

 

Жігіт бірлігімен жетеді мұратына.

 

Екі тойың қабат болсын

Екі дүниең азат болсын.

 

Мадақтаумен мақтағанға молданба

Ақымақпен дос болма,

 

Иманның жігері бәрін де жеңеді.

 

Бірінші неке Алладан

Екінші неке Адамнан

Үшінші неке шайтаннан

 

Еркектің ақылы көзінде

Әйелдің ақылы сөзінде.

 

Нақыл

Екі жақсы қосылса жарасады

Жақсыға жаман қосылса бір-біріне қарасады

Екі жаман қосылса шатасады.

 

Мәтел.

Асың дәмді болса

Көңілің сәнді болар

Дайын асқа құлшылыс.

 

Балам дейтін ана болмаса, анам дейтін бала қайдан табылсын.

 

Нақыл

Малдан малдың несі артық, бірақ асым еті артық.

 

Жерден жердің несі артық, бірақ уыс шөбі артық.

 

Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық.

 

Айтқаным болат деп сұраншақ болма,

Білегім жуан деп ұрыншақ болма.

 

Бітер істің басына, жақсы келсін қасыңа.

 

Көзің көзіне түссе мейірім бір-біріне сонда түсер.

 

Ата-ана баласына тағын жасап берсе де,

Бағын жасап бере алмайды.

 

Отызда ордалы болмасаң

Қырқында қамал алмайсың.

 

Туғанына жақпаған

Дұшпанына жағынар.

 

Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді.

 

Көзі жаман көлді бүлдіреді,

Ауызы жаман елді бүлдіреді.

 

Аллаға жағам десең, азаншы бол.

Ағайынға жағам десең, қазаншы бол.

 

Ауру астан, дау қарындастан.

 

Кей адамның дағдысы.

Сұрай қалсаң жағдайын, аярлығы дап-дайын боп тұрады.

Жол болмайды асусыз, той болмайды шашусыз.

 

 

Сабақты  бекіту.  Оқушылардан  әдептілік,  имандылық, адамгершілік жайлы  жоғарыда  айтылғаннан  не  түсінгендерін  сұраймын.

 

Үйге  тапсырма:  Адамгершілік элементтері ар мен ұят, үлкенді сыйлау, кішіге құрмет секілді сөздерді қалай   түсінетіндіктері  туралы  шағын  ойларын  қағазға  түсіріп  келу.