Шығармашылық жұмыс

Ашық сабақтардан үзінді:

Математика пәнін оқытудың сапасын көтеру ақпаратты технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыру болғандықтан, қолданылатын әдіс-тәсілдер қазіргі заман талабына сай  оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға әсер етуі қажет. Сонымен қатар ақпаратты технология  оқушының және мұғалімнің ақпараттық мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

Сондықтан менің әдістемелік тақырыбым: «Ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану» . Оқушының дүниетанымын кеңейту, жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай  ізденуге бағыт беру, жол көрсету арқылы  әдістемелік жұмыс тақырыбымның негізін қаладым  және тақырыпты жүзеге асырудағы  негізгі мақсатымды айқындадым:

Математика сабақтарында әрбір оқушының өзінің танып білу қызығушылық бағытын дамыту және іздену мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.

Міне, алға қойған мақсатқа жетудегі бірнеше мәселелер, менің міндеттерімді құрайды.

Педагогикалық қызметтің міндеттері

  • Оқу-үрдісінде оқушылардың танымдылығын, белсенділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;
  • Оқушылардың сабақ үстінде өз көзқарастарын білдіріп, негізгі ойын даралап ала білуге дағдыландыру;
  • Терең білім бере отырып, шығармашылықтарын дамытып, оқушылар-дың дүниетанымын кеңейту ;
  • Ақпаратты технологияларды математика пәнінде қолдануы жайлы мәселелер айналасында сараптама жасау арқылы білім сапасын арттыру;
  • Математика сабағында білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік жүйенің оқу құралдарын тексеру;
  • Оқу үрдісін жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік даярламалар құрастыру;

Математика пәнін өзіндік меңгеру :

Әр оқушының белгілі бір қабілеті болады. Сондықтан оқушының қабілетін анықтау мақсатында  қолданатын арнайы құралдар: тест, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, сауалнамалар арқылы анықтап, болашақта сол қабілеттерді сабақ барысында дамыту. Топтық қызметті ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бірлескен топтық жұмыс жүргізу барысында әр оқушы оларда не күтілетінін түсінуі үшін, оқушыларға арнайы нұсқаулар, кеңестер  беру арқылы олардың топтық жұмыс жүргізу біліктілігін дамыту .

Оқушының ойлау және өзіндік білім алу қабілетін дамыту:

Оқушыларға білім берудің барлық сатысында берілетін әр деңгейлі тапсырмалар оқушының өзіндік білім алуын қамтамасыз етеді. Оқушының танымдылық сұраныстарын қамтамасыз ете отырып, бұл тапсырмалар оқушының ойлау қабілетін оятады.

Оқушының өзіндік білім алуы, алған мағлұматты жетік меңгеруіне септігін тигізіп, өзіндік ойлау қабілеті, зейінін алған мағлұматты талдау барысында дамиды. Коммуникативтілігі, оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, кіші топтарда жұмыс жүргізу барысында проблемалық тапсырмаларды орындау арқылы бірігіп жобалар құрасытуға жағдай жасай отырып, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.

2009-2012жылдар аралығында «21ғасыр педагогикасы» 3-жылдық курсты оқып үйрендім. Мұнда математика сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор екеніне көз жеткіздім.

XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына са жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде математика пәнін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Заманауи сабақтардың оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.

Математика сабағын заманауи технологиялар арқылы  өткізуде, Блум таксономиясы арқылы құзыреттілік оқу тапсырмаларын орындауға машықтандыруға болады.

 

Оқушылардың оқи алу құзыреттіліктерін қалыптастыратын тапсырмаларды әзірлеу мен үшін үлкен ізденушілікті талап етті.

Биылғы оқу жылының басынан бастап,педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бірлесіп жасаған 3 айлық курсты оқып келгендер бізбен тәжірибе бөлісіп жатыр. Мен үйренгенімді өз сабақтарымызда қолданып жатырмын. Бұл бағдарламаның ерекшелігі  жеті модульді қамтып қысқа мерзімді және орта мерзімді сабақ жоспарларын әзірлеу. Жеті модульдің бірі — сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар, диалогтік оқыту да білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Мен оған сенімдімін, өйткені өткізген іс-тәжірибемнің арқасында осыны байқадым.Әр оқушы өз ойын жеттік жеткізе алса, ол алған білімін толық меңргені.Мен оқу барысында көптеген мәліметтер алдым. Яғни жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендік. Оқушылардың бір-бірін бағалау түрлерімен таныстық .Оқушыларға екі жұлдыз –бір ұсыныс айтқан өте ұнайды.

АКТ-ны оқушыларды бағалау кезінде де қолдандым. Қазіргі уақыттағы activote құралы осының айғағы. Бала тест сұрақтарына activote құралын пайдалана отырып, жауап береді де, нәтижесі автоматты түрде экранда көрсетіледі.

Әр сабақта топтық ,жұптық, жеке жұмыстарды жиі ұйымдастыру арқылы оқушының қабілетін арттыру, дарындылығын анықтауға үлкен мүмкіндік береді.

 

 

Қолданылған ресурстар:

  1. 2009-2012жылдар аралығында Республика көлемінде жарияланған «21ғасырдың инновациялық мектебі» атты халықаралық жоба авторы профессор Рудик Г.А.
  2. Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.
  3. Математика және физика. 2011 ж
  4. Интернет жүйесі.