Қыздарға әсемдік жарасады

616

Сабақтың тақырыбыҚыздарға  әсемдік жарасады

Мақсаты: а) Білімділік:Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланы бойына сіңіре отырып сыпайылыққа, достық қарым-қатынасты қалыптастыруғаталғаммен киінуге,   қыздарды сыйлауға, әсемділікке,сұлулыққа құштарлығын арттыру

Ә) Тәрбиелік:Қазақ  халқының  ұлттық  өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық  және  шығармашылық  қабілетін, эстетикалық  талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік  алдында  өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық:  Оқушылардың шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, аналарға, қарындастарға деген сүйіспеншілігімен  құштарлығын  одан  әрі дамыту.

Көрнегілігі:Презентация, плакат,шар,қанатты сөздер

Жоспары:

  1. Ұлылардан қалған ұлы сөздер
  2. Қыздарға арналған өлеңдер
  3. Би «Аққу»
  4. Қыздарға арналған мақал-мәтелдер
  5. «Ойланайық, пікірлесейік»
  6. Ән«Бағала оны бағала»
  7. Қолдан жасалған  бұйым
  8. Аналарға арналған өлеңдер
  9. Қорытынды

Сабақтың  барысы:

Қазақстан Республикасының Гимні

Мұғалім:Ана, Ана, Ана!… не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар  махаббатпен шапағаты тұрған ұлы ана  сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атауының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі  «Қыздарға әсемдік жарасады»  атты  ашық тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өтем .

Әдеп пен инабатты ақтап өтем

Қазақтың аруларын мақтап өтем

Ақын мен әнші деген –ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі.

Алдымыздағы келе жатқан 8-наурыз халықаралық  аналар мен қыздар мерекесі  құтты болсын ! -дей отырып сіздерге зор денсаулық,мол бақыт,еңбектеріңізге табыс тілейміз.Қыз баланың нәзікте байсалды, сабырлы да төзімді болуы оның алған тәрбиесіне байланысты.Қыз баланы құрметтеу олардың алдында дөрекі сөйлемеу,ізетті болу, әшекейлі бұйымдардың ең жақсысын оларға арнау ежелден келе жатқан дәстүр.

Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын-деп халық әнінде бекер айтылмаған.

“ Ұлылардан қалған ұлы сөздерге” құлақ төрейік.

  1. Асылдарға ой керек,

Бозбалаға той керек,

Сұлу қызға бой керек(Шернияз)

2.Қыз анадан көрмейінше  үлгі алмас ,

Ұл атадан көрмейінінше  үлгі алмас(Қорқыт)

3.Әуелі анаңды сыйла,сосын анаңды сыйла және тағы анаңды сыйла! (Мұхаммед  Пайғамбар)

4.Ана-бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан.                       (Ғабит Мүсірепов)

  1. Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. (Б.Г.Белинский)
  2. Нәзіктік атаулының жиынтығы –ананың алақаны , сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя (В.Гюго)
  3. Ана көрергенддігінің теңдесі жоқ (О.Бальзак)

 

Рүстем:Қыз  сұлу көрінеді білімімен

Қыз  сұлу  көрінеді  қылығымен,

Жарыса  төгілген  қос бұрымымен

Бұл  күнде  сұлулықтың  үлкені  осы,

Қыз  сұлу  көрінеді  білімімен

Қыз  сұлу  көрінеді  шашыменен,

Ай  қабақ , қиғаш  қара  қасыменен

Қыз  сұлу  көрінеді  толған  айдай,

Он  бес  пен  он  сегізде  жасыменен

Қыз  сұлу  көрінеді  өрмегімен,

Тізіліп  сөз маржанын  тергенімен

Майыса  бұратылып, майда  басып,

Жаныңа наз  қылықпен  келгенімен

Дарытқан  бар  асылды  өз  елінен,

Қыз  сұлу  көрінеді өнерімен

Құлпырды  8-сынып  арулары

Өткендей  сұлулықтың  елегінен

 

Орынбасар:   Қыздарға

Өмір қатал көтермейді ойынды

Ұқпайды да кейде ізгі ойынды

Тағдыр жолын жіңішкелеу өмірде,

Жаман аттан аулақ ұста бойыңды

Қыз ғұмырың үлпілдеген гүліңмен

Тербетілген ақ самалмен,күнменен

Абайлап жүр ерте үзуге тым ғұмыр,

Тасбауырдан қадіріңді білмеген.

Байқа ботам өте нәзік жаныңды ,

Айқау болма,қызыққа көп салынба

Кір келтірме қыз атыңа,арыңа

Шалыс басып,түсіп кетпе жалынға

Төтеп берсін дауылдарға желкенің

Сарқылмасын бал қылықты ертеңің

Күрес еркем,жаман атпен жосымай

Күндей нұрлы болу үшін ертеңің.

Нұрлан:Қарындас           О.Әубәкіров

Қарындас, қалай  саған  табынбайсың,

Мәуелі  гүлдеп  тұрған  бағымдайсың.

Еркелеп аға деген назың қандай

Кетпейтін таңдайымнан балымдайсың

Қарындас, қалай саған табынбайсың,

Іздесем сағынғанда табылмайсың

Алдымнан айдай болып шықсаң дағы

Мен үшін  қол жетпейтін сағымдайсың

Қарындас,қалай саған табынбайсың,

Арайлы алаулаған таңымдайсың

Өзіңдей ақылдыны ұнататын,

Кішкентай кеудемдегі жанымдайсың.

Мағжан:Қыздарға  кеңес!

-Ей, қыздар

Ұшып  қонып, жат  қылыққа  желікпе,

Өнегелі  өскен  жанға  елікте

Мода  қуып  боянғаннан  түк  шықпас,

Ми  болмаса,  не  тұр  дейсің  көрікте

Арақ  пенен  темекіге жуыма,

Желікпеңдер  ішкіліктің  буына

Жын ойнаққа үйір болсаң опық жеп

Алданарсың алаяқтың қуына

Үйір болма мейрамхана кафеге

Сау басыңды ұшыратар қатерге.

Өмір бойы өкінішпен өтерсің

Бір ұрынсаң түзелмейтін қатерге

Көше  кезіп жүрмеңдерші қаңғырып,

Естіледі қыз жүрген жер жаңғырып

Отырысқа күндіз кетіп үйіңнен

Келіп жүрме қисалаңдап таңға ұрып

Өзің келіп жігіттерге ұрынба

Елең етсең, атың шығар қырымға

Әзіл айтқан мас жастарға қадірің

Жауап қайтпа, есің болса бұрылма

Еске алыңдар бұл өмірдің сабағын

Жетілдіріп ой-өрісін сананың

Дұрыс, теріс жағын ойнап білсін деп

Барлық қыздар сабағына саламын.

Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ,ән шығармаған сазгер жоқ.Қызыл гүл,қарақат көз,қиғаш қас,алма мойын-бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға арналған теңеулер.

Әуезі  ән,  жаны  раушан,  күй  жүрегі,

Шел  басқан  сезімді  де  идіреді.

Билесе  қыздарымыз  мың  бұралып,

Жер  тербеліп, аспанымда  күн  келеді

Би:«Аққу»  

Ата  дәстүр-абырой  көтергенде,

О, бұл  сөздер  сүйектен  өтер  демде!

Тоқталамыз  енді  біз,  ал  халайық,

Қанатты сөз, мақал-мәтелдерге  деп  кезекті  қыз-бойжеткен, әйел  туралы  мақал-мәтелдерге береміз.

  1. Сұлу-сұлу емес,сүйген сұлу
  2. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда
  3. Жақсы үйге түскен келін-келін болады
  4. Келіні жақсының-керегесі алтын
  5. Қызға қырық үйден тыйым
  6. Апасының киген тонын, сіңілісіде киеді
  7. Қызды кім сүймейді, қымызды кім ішпейді
  8. Анасын көріпқызын ал, ыдысын көріп асын іш
  9. Отырған  қыз  орнын  табады
  10. Қыздың  құны  қырық  жеті
  11. Қызға  берген  көрінбес
  12. Төркін  десе  қыз  төзбейді
  13. Қыздың  көзі  қызылда
  14. Қыз  бала  кісінің  кісісі
  15. Қыздың  қабағында  құт  бар
  16. Қыз  назы  қырық  кісіні  мас  қылады.
  17. Қыз  ауыр  ма,  тұз  ауыр  ма,
  18. Қызы бардың —  назы бар

 

Сүйкімді дүниенің сұлулықта

                                                           (Ертегі)

Ерте, ерте, ертеде, үлкен бір шахардың ханы өз баласына жар таңдап, жар салыпты. «Кімде кім өз парасаты мен ақылын менің алдымда көрсете алса, сол қызды мен өз сарайыма ханша етемін»  дейді. Бұл жар салуды естіген  қыздар жан-жақтан ағыла бастайды.  Бірі өзінің қымбат әшекейімен сұлу болғысы келеді, бірі әдемі сән-салтанатымен көзді арбайды. Бірақ хан алдында әр қыз тек сұлулығын көрсете алғанмен, парасатын көрсете алмапты. Тіпті, сұлулық пен парасаттың  бір-біріне қатысы не деп таңданғандары да жоқ емес. Осылайша, біраз таңдаумен хан да, оның баласы да шаршайды. Сөйтіп күндер өте ханның баласы енді ел аралауға шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, белгісіз, күндердің күнінде бір елдің шетіне келіп, бір жұпынылау үйдің қасынан өтіп бара жатып, сұлулығы көзді алдамаса да сүйкімді бір қызды көреді. Қыз жанына жиналған барлық кішкене қыздарға кесте ілуді үйретіп отырады. Жігіт оған:

—  Сіңлілерің не деген көп еді? – деп таңданысын жасырмайды. Қызда жігітке бір сәт көз тастап , танымаса да инабаттылықпен амандасады. Үйіне кіріп, жолай өткен жігітке салқын сусын ұсынады. Сосын барып, бұл қыздардың өз шәкірттері екенін , өз қолынан келген өнерін басқаға үйретуді жаны сүйетінін мақтанышпен  әңгімелейді. Қыздың сыңғырлаған үні мен өзіне жарасқан ұяңдығы, әдептілігі мен сыпайылығына тәнті болған жігіт сол арада өз жүрегінің шешімін айтып, әкесіне осы елдің адамдарына сөз салып, қызды айттырып алады. Бір қызығы, әкесі мен шешесінен бөлек, қызды бүкіл ауыл қимастықпен шығарып салады. Қоштасар сәтте ауылдың сөз тоқтатқан қариясы:

— Сүйкімді дүниенің сұлулықта деуші еді бұрынғылар.Біздің қызымыз өзінің жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрген қыз еді. Осы қыздың арқасында біздің ауылымыз да сүйкімді болған екен. Біздің алтынымызды қадірлей біл, — деп, шығарып салған екен.

  «Ойланайық,  пікірлесейік»  сұрақтар бойынша пікір алысу

  • Жігіт неліктен қызды таңдады?
  • Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар?
  • Қыздарға әсемдік жарасады дегенді қалай түсінесіздер?
  • Әдеп әріден басталады дегенді қалай түсінесіз?
  • Әдептілік пен әсемділік сөздерінің айырмашылығы?
  • Қазіргі қазақ қыздарының бойынан әдептілік пен әдемілікті көре аламыз ба?

Қызбала –бойжеткен,келін,ана ,

Бәрі дедер кезінде дара тұлға,

Ұрпағының ойласаң болашағын,

Қызды сыйла,жамағат қызды сыйла.

Ән:«Бағала оны бағала»Орындайтын:Жұман Нұрлан .

 

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып басып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан,

Шеше көрген тон пішер деген рас

Қыздарымыз шебер қолға араласқан –дей келе қыздарымызға алдын ала үйге тапсырма берілген болатын өз қолдарынан жасалған кез келген зат жасап келу.Олай болса қыздарымызды кезектесіп шақырайық.

 

Мағжан:Ана

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейміз жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ!

О, аналар осындайсың бәріңде,

Осындайсың жасыңдағы кәріңде,

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге, дей отырып өзімізге бастауыш сыныпта «А»  дегенде ана деп үйреткен ұстазымыз Үсенова Баян апайға 8-сынып оқушылары атынан көптен-көп рахметімізді айтамыз.

Айман:   «Ана»        Төлеген Айбергенов

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың  қасиетті  Жерге  сен.

Мен  өзіңді теңдес  жоқ  құдірет  деп  түсінем,

Сендік  қуат  мың  есе  артық  Жердің тарту  күшінен.

Сұлу  әлем,  әлем  сұлу  сен  жаратқан  адаммен,

Көк  жолының  қарсылығын  қағып  тастап  барам  мен.

Сендік  қуат  болар, бәлкім, басын  иді көк маған.

Әр  кез  сенен  туғанымды  есіме  алсам, тоқтаман.

Ал  ұмытсам, ұмыт болып  қаларымды  білемін,

Ұмыт  қалмау  үшін  менің  шарқ ұрады  жүрегім.

Шат  жүріп-ақ  қас қаққанша  боламын  мен шерменде,

Жетім  емес кей ананың жетімдігін  көргенде,

Көз  алдымда  жас  дөңгелеп булығам да ызадан,

Маған  тіпті  сөз  келмейтін  ұяттардан  қызарам.

Бұл  дүниеге  онсыз  дағы  кеткен  жоқ  па  көп  есең,

О, аналар, кей пысықты  жаратасың  неге сен!

Тасбауырлар  дүниеге келсін де, тез  кетсін де,

Әлде  өзгелер  ондайлардан жиіркенсін  дейсің бе?

Қай  кеудені  жылытады  лапылдаған  отпенен,

Өз  кеудесін  жылытуға  құдіреті  жетпеген.

Анаң  саған  керек  болса,  балаға да сен  керек,

Кезекпенен  ауысатын ғұмыр  ғой бұл дөңгелек.

Ана керек! О, адамдар, ана  керек  адамға,

Анасыздар  аң сияқты күн кешіп жүр  ғаламда.

Пікірімді  ұнатпаған таптық  та  дер  дананы,

Даналықтың  қажеті  жоқ  сыйлау үшін ананы.

Қорытынды:Әсемдік  адам  өмірінің  сәні  болып  қана  табылмайды, ол  оның  мәні  десек  те  қателеспейміз. Өйткені  еңбек – адамды  адам  еткен  болса, сұлулық  — адам  бойын  қуаныш, әсем  сезімге  бөлей  отырып,  сол  еңбекке  деген  талпынысты, құштарлықты  оятады, сұлу  қимылдар  мен  әсем  де әдемі қылықтарды, әдеттерді  қалыптастырады. Әсемдікті  табиғаттан  үйренетініміз  шындық. Адамның  өмірін  әсем  ететін  тағы  бір  күш – ол  өнер.