СПИД – ғасыр індеті

710

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: СПИД – ғасыр індеті

Мақсаты:1. 1 – желтоқсан – СПИД – пен күресу күні екенін айта отырып,                           оның зиянын түсіндіру,        СПИД – ті жұқтырып алмау жолдарын

үйрету.

2.Оқушылардың ой – өрістерін дамыту, жан – жақты білімдерін

дамыту.

3.Салауатты өмір сүруге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:оқушылардың салған суреттері, СПИД туралы кітапшалар,

брошюралар.

Әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ассоциация,

Барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Негізгі бөлім.

  1. Қызығушылығын ояту.

СПИД деген не? Ол туралы не білесіңдер?

Ассоциация құру.

 

 

 

 

 

  1. Мағынаны тану.

1.СПИД жұқпалы ауруы 1981 жылы АҚШ – та пайда болды. Ол өте қауіпті індет. Оны « ХХІ ғасырың обасы» деп атаған. Онымен ауырған адамдарды емдейтін тиісті дәрі – дәрмек жоқ.Бұл ауру адам бойында бірден пайда болмайды. Вирус иммундық жүйесіне зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды.

СПИД пайда болғаннан бері қанша жылдар өтсе де, одан емделіп, мүлдем айығып кеткен адам жоқ. Науқастардың аны күн сайын арта өсуде.

Бұл ауру туберкулез ауруының асқынуына тікелей әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша жыл сайын 1-желтоқсанда СПИД-пен күрес күні аталып өтеді. Қазір дүние жүзінде СПИД-пен бірнеше миллиондаған адам ауырады.

         СПИД қалай жұғады?

  • қан арқылы
  • жыныстық қатынас арқылы
  • шприц арқылы

СПИД-тен сақтану жолдар:

—  жеке 1 ғана рет қолданылатын шприц пайдалану

—  наша мен есірткіге әуестенбеу

  1. Ой толғаныс.

Оқушылардың салған суреттері бойынша әңгімелерін тыңдау.

Брошюралар тарату. Қабырға газетімен танысу.

ІІІ Қорыту.

Сұрақ – жауап.

СПИД деген қандай ауру?

Олауру қандай жолдармен жұғады?

Одан қалай сақтану керек?

 

СПИД –ғасыр індеті.Қазіргі уақытта бұл аурудың емі жоқ, бірақ одан сақтану жлдары бар. Әрдайым сол сақтық жолдарын естен шығармай, орындап жүрсең, өзіңді сақтайсың.