Қағазды төрт бүктеп ою, шексіздікке ұластыра ою, жиек ою

66

Сабақтың  тақырыбы:   Қағазды төрт бүктеп  ою, шексіздікке  ұластыра ою,  жиек  ою.

Мақсаты:  Оқушыларға   шексіздікке  ұластыра  оюдың  жасалу  жолдарын  түсіндіру

Қолданылатын  құрал-жабдықтар: түрлі-түсті  қағаз, желім, түрлі — түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы.

Көрнекіліктер:  Ою-өрнек  үлгілері.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

Жаңа  сабақ.

Түскиіз, текемет, сырмақ, кілемдер мен құрақ  көрпелерге зер  сала  қарамсаңдар олардың  бетіндегі  оюлардың  жиегін  бір ғана  ою элементі  көмкергенін  аңғарасыңдар. Мұның  өзі  жіңішкелеу  лента іспетті  жолақтың  ішіне  орналасады. Осы  жолақтың  ішінде  бір  ғана  элемент ондаған, тіпті  жүздеген рет  қайталануы  мүмкін.  Сонда қалай  ойлайсыңдар, бармақтарынан бал  тамған  шебер  әжелеріміз  солардың  әрқайсысы жеке – жеке ойып отырғанба?

Олай емес. Сонда қандай әдіспен  ойды екен? Ойланып  көрейік.

Ақ  қағазды жіңішкелеу етіп қиып  аламыз. Ұзындығы  өз  қалауымызша 30-40 см болса  жарап  жатыр. Содан кейін  бір элементті  қанша рет қайталағымыз келсе, әлгі 30 см ұзын  қағазымызды соншаға бөлеміз .Өзіміз таңдаған оюды 6 рет қайталағымыз  келеді. Ол үшін 30-ды алтыға  бөлеміз.. Сонда (30  6-5) «5» саны  шығады.  Демек  жаңағы  қағазымызды  әрбір  5 см кейін  бүктем  отырады  екенбіз.  Дұрыс  бүктелгеннен кейін қажетті  ою үлгісін бір  жақ  бетіне  сызып  аламыз да  қайшымен  көрсетілген  тұсынан  бастап  қырқып  шығамыз. Сонда  бір-бірімен  жалғасып,  шексіздікке ұласқан  ою  шығады.

Алдымен қағазға  орындаймыз. Ою  дұрыс шыққан  жағдайда  матаға   орындаймыз.

 

 

 

 

 

 

үзік сызық  бүктеу үшін

жебе   бүктеу  бағыты

 

Үйге  тапсырма:  Үйде аяқтап келу