Отбасы – алтын бесік (Бастауыш қазақ сыныптар ата-аналарының арасында өткізілетін сайыс жоспары)

314

Отбасы  –  алтын бесік

(Бастауыш қазақ сыныптар ата-аналарының  арасында өткізілетін сайыс жоспары)

Мақсаты: Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру.

Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу.

Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер, қызыл, жасыл, сары, көк конверттер, билеттер.

 Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық сайыстың қатысушылары!

Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі «қазақ» деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі- ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие.Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Ал отбасы-бұл қоғамның негізі.

Олай болса, бүгінгі №9 орта мектебі бастауыш сыныптар ата-аналары арасында өткізілгелі отырған «Отбасы- алтын бесік» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

 

Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!

1.Айтжановтар  жанұясы

  1. Жарасовтар жанұясы

3.Нуридиновтар жанұясы

  1. Жансеріковтар жанұясы

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Сайыста жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз.

 

Бүгінгі сайысымызды ашу үшін № 9 орта мектеп ұжымын басқарып отырған басшымыз Салтанат Асқарқызына сөз береміз.

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын

Сайлап алсақ жөн болар,–демекші, әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.

1.Секеев Мұқатай Берікұлы – Тараз қаласы әкімі жанындағы ақсақалдар

кеңесінің мүшесі.

2.Есенаманова Хадила Ебелекбаевна- қазақ тілі пәні мұғалімі.

  1. Қарабаева Елене Бейбітқызы- қазақ тілі пәні мұғалімі.
  2. Бегасилова Назира Асқарқызы – қазақ тілі пәні мұғалімі

Ал, енді сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1 кезең. Отбасы өз-өзін таныстыру

2 кезең. «Ата мұраң – асыл қазынаң». Қазақтың салт дәстүрлері.

3 кезең. «Көңілді   аспаздар»

Әкелер картоп аршудан жарыс

Аналар: Менің баламның сүйікті асы.

4 кезең. Сұрақ-жауап яғни ситуациялық жағдаяттар

5 кезең. «Ән шырқайық ,қосылып.»

6 кезең. Үй тапсырмасы. ( шежіре ағашын сызып келу)

 

Ал, енді кім қай кезекпен шығып өз өнерлерін, білімдерін ортаға тастайтынын біз жеребе арқылы анықтаймыз.

 

1кезең. Таныстыру. 

Олай болса, қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық

Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

 

2 кезең. . «Ата мұраң – асыл қазынаң».

Аналарымызға қазақтың салт -дәстүрлері бойынша сұрақтар.

Ал, әкелерімізге 7,3 санына байланысты ұлттық салт-дәстүрлер бойынша

сұрақтар.

  1. «Байғазы» салт -дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
  2. Жеті атаны атап бер

 

  1. «Көрімдік» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
  2. Үш алысты атап беріңіз.

 

  1. «Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
  2. Жеті қазынаны атап беріңіз.

 

  1. «Иткөйлек» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
  2. Үш арсызды  атап беріңіз.

 

Музыкалық номер

Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

 

3 кезең. «Көңілді аспаздар»

Әкелер картоп аршудан жарыс

Аналар: Менің баламның сүйікті асы.

Қорытынды: Ұпай сандарын жариялау.

 

4 кезең. Пікірталас яғни ситуациялық жағдаяттар

1-жағдаят.(анаға)

Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан

сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?

(балаға)

Бүгін сабаққа кеш қалып келдің. Қоңырау соғылғанына 5 минуттай уақыт болыпты. Не істейсің?

 

2-жағдаят (анаға)

Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «Мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

(балаға)

Кеше кешке дейін ойнадың. Сабақ дайындауға шамаң келмей кешке ұйықтап қалдың.Сабақ таңғы 8-15-те басталады. Азанда асығыс шыға салдың. Мектепке келіп сөмкеңді ашсаң кітап, дәптер орнына ойыншықтар тұр. Не істер едің?

 

3-жағдаят (анаға)

Мектептен келген қызы мамасына: «Мама сізге бір қызық нәрсе айтайынба? Бүгін мектепте… деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы»- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

(балаға)

Мектепке келер алдында асығып көйлегіңді теріс киіп алыпсың. Сырт киіміңді шешіп, сыныптың алдына келген кезде көйлегіңнің теріс екенін байқадың. Не істейсің?

 

4-жағдаят

Мектептен келген балаңыз: «Мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болма

 

5 кезең. «Ән шырқайық қосылып».

Ана, достық, табиғат, туған жер туралы әндер

Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

 

6 кезең. Үй тапсырмасы. ( шежіре ағашын сызып келу)

Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

 

Муз. номер

Сайысымызды қорытындылау үшін  әділ қазы мүшелеріне  сөз береміз.

Марапаттау.

Аяқталуы:

Құрметті ата-аналар және қонақтар, ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Отбасы- алтын бесік» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Ойламаңыз өнерлерін аяп қалды,

Уақыт болса біршама таяп қалды.

Береке, бірлік тілеп әр жанұяға,

Сайысымыз осымен аяқталды.