Отбасындағы әке мен ананың,баланың рөлін айқындау,ата-ананы сыйлауға,қадірлеуге,татулыққа тәрбиелеу

Мақсаты: Отбасындағы әке мен ананың,баланың рөлін айқындау,ата-ананы сыйлауға,қадірлеуге,татулыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші:Отбасы алтын ұя,киелі шаңырақ болса,сол шаңырақтың мұрагері,ұрпақ жалғасы балалар болып табылады.Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады.Олай болса баланың бас ұстазы ата-ана.Ұлы Абай бұл туралы.

«Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

2-жүргізуші:Әке мен ана-шаңырақтың тірегі.Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады.Дана халқымыз «Әке-асқар тау,ана-бұлақ,бала жағасында өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі,шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

1-жүргізуші:Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады.Олар ағайын,яғни өз жұрты,нағашы жұрты.Бұл үшеуі де жанашыр,сүйеніш,қорғаны болып саналады.Туыстық негіз бен атаулары осы үш жұрттан басталып,жақындық қатынас ағайын,туыс,нағашылы,жиенді,жамағайын,жекжат,жұрағат,құдандалы деп аталады.Мұны туыстық атау.

2-жүргізуші:Ата-әкенің әкесі,ел жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтады.Мұндай кісілер төрден орын алады,әрқашан құрмет көрсетіледі.Ата ел ұйытқысы,батагөйі,ақылшысы,қамқоры болып есептеледі.Жастар атадан бата алуға тиіс.

1-жүргізуші:Әже-әкенің шешесі.Ел іші,отбасының бүтіндігін ойлайтын ел анасы.Ол салт-дәстүрді сақтап,жастарды тәрбиелеген.

2-жүргізушіӘке-шеше,ата-ана-өзіңді өмірге әкелген адамдар.Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар.Мұхаммед пайғамбардың хадисінде «Ата анасын ренжіткендерді Аллаһ жақсы көрмейді» делінген.

Ән: «Әкелер» орындайтын Қуатова Гүлістан

1-жүргізуші:Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар.Бала-ұл мен қыз.Ұрпақтарын ата-бабаларымыз «ізбасарым», «мұрагерім», «қолғанатым», «бақытым» деп еркелеткен және оларды көпсінбеген.

2-жүргізуші:Ұлдың баласын «немере» дейді.Ата,әже үшін немере өте ыстық.

1-жүргізуші:Шөбере-немеренің баласы.Шариғат бойынша шөберенің қолынан су ішкен адамға о дүниеде жеңілдік жасалады.

2-жүргізуші:Шөберенің баласы «шөпшек»,шөпшектің баласы «немене» деп аталады.Жеті атаның соңы неменемен аяқталса керек.

Айдана:                     Үш жұрт

Баламын есті мен,

Атамнан естіген.

«Үш жұртты» білемін,

Таратып беремін.

Бабамнан басталар,

«Өз жұртым» мыналар.

Ең жақын адамдар,

Әкем мен анам бар.

Әкемнің шешесі,

Ақ шашты әжем бар.

Ұлдардың үлкені,

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені,

Бір туған әпкем бар.

Ұлдардың кішісі,

Бір туған інім бар.

Қыздардың кішісі-

Бір туған қарындас.

Әпкеге сіңілі бар,

Әкеге мен-бала,

Атаға-немере.

Немере баласы,

Болады шөбере.

Шөбере баласы,

Шөпшек деп аталар.

Шөпшектің баласы,

Немене саналар.

Осы ұрпақ жалғасы,

«Жеті ата» бола алар.

Гүлжайна: Әке дейміз бәріміз де аңқылдап,

Әке дейді жас сәби де жарқылдап.

Әке деген-бәйтерегі өмірдің,

Әке деген-алтын қазық,алтын бақ.

Нұрсауле:    Әке десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туысық.

Бар адамға берсе әкенің мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Жибек:          Әке деген-жарық жұлдыз шырағың,

Әке деген-қайнар ыстық бұлағың.

Әке деген- өмірдегі қамқорың,

Әке деген- сүйенерің,жан құрбың.

Перизат:      Әке-менің жасыл бағым жайнаған,

Сол бағымда асыр салып ойнаған.

Пәк жүректен жыр жазады перзентің,

Бар бақытты жалғыз сізге арнаған.

1-жүргізуші:Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

1-оқушы:Бала тәрбиесі бесіктен.

2-оқушы:Баланың жақсысы-қызық.

Жаманы-күйік.

3-оқушы:Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

4-оқушы:Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры.

5-оқушы:Құс  балапаны  үшін тозаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

6-оқушы:Ата-бәйтерек,бала-жапырақ.

7-оқушы:Атадажақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

8-оқушы:Жақсы әке-жаман балаға қырық жылдық ризық.

9-оқушы:Әкең өлсе де,әкеңді көрген өлмесін.

10-оқушы:Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11-оқушы:Анаңның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

12-оқушы:Ағайын-алтау,ана біреу.

13-оқушы:Ағайынның алтын сарайынан,

Ананың жыртық лашыға артық.

14-оқушы:Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.

2-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан,

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы,жаман болса,бала-солардан»

Ән:«Анашым» орындайтын Алыманова Жибек

Оқушылардың тақпақтары:

Айдана: Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Әсемай:  Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың,ардақтысың,данасың!

Қайратыңнан қайта көрме,анашым!

Айнур:   Анам менің күн көзіңдей шуақты,

Даладай кең,таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы.

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

Анжела:  Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезілер әр ісінен даралығы.

Ана-Өмір,Ана-Бақыт,Ана-Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.

Гүлістан:Ана деген-өмірдің кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Нурия:  Анатуралы өлең

1.Өмірге ана-бақыт,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай шешен,талай көсем,

Талай ер,талай ақын,талай дана.

2.Жасынан сүйіп өсер балақанын,

Бір саған сенім артар балақанын.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайымнан алақаның

3.Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғынам.

4.Ана-ол біздің елде ардақты адам,

Кішісі де,үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

5.Бастадым ал сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойға жиған,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

6.Ана деген-адамға Атамекен,

Әр адам анасымен адам етекн.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыңнан садаға еткен.

7.Туғаннан «құлыным» деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Анасыз бір бұлбұл да сайрамаған.

8.Сен ғой тербеп өлеңді,

Сен ғой жанға күш берген.

Мен адалдық дегенді,

Сенен ана үйренгем.

9.Жақсылықты көздеген,

Сен өсірген бар бала.

Сүрінген бір кезде де,

Сүйеу болған жан ана.

10.Есімде,анам,есімде,

Есімнен сөзің қала ма?

Жолаушымен жөнелтіп,

«Оқысың» дедің қалада.

1-жүргізуші:Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықыты болса,қоғамның діңгегі де берік болады.

2-жүргізуші:Отбасында әуелі сенім мен сезім,сүйіспеншілік пен сыйластық  болса,қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын,суығы мен ыстығын,қайғысымен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

Қортынды сөз: