«Ою — өрнек» тақырыбы бойынша қорытынды білім тексеру

93

Сабақтың тақырыбы: «Ою — өрнек» тақырыбы бойынша қорытынды білім тексеру

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұмат беру.
  2. Ою – өрнектің шығу тарихы, оның күнделікті тұрмыста пайдаланылатын түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру, өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне, әсемдік пен сұлулықты көріп бағалай білуге үйрету. Шығармашылық қиялын дамыту.
  3. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып, батылдыққа, өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін көтеруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ою – өрнектің жасалу жолдары көрсетілген плакат, текемет суреті, сабақтың сызба нұсқасы.

Сабақтың түрі: Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Оюхан мен Жоюхан» аңызын айта отырып, оқушылардың психологиялық көңіл – күйін бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ – жауап әдісін пайдаланамын.

№1

Ою – өрнектің неше түрі бар?

а) 300

ә) 10

б) 500

№2

Ертеде ою – өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсілді қолданған?

а) қарындаш

ә) уыз

б) бор

№3

«… аузынан шөп алмайтын момын» теңеуі қай түлікке арналған ою – өрнекте кездеседі?

а) итқұйрық

ә) тайтұяқ

б) қошқармүйіз

ІІІ. Қайталау сабағы «Ою — өрнек»

Оқушыларды төрт топқа бөлемін.

1 – топ «Геометриялық ою – өрнек»

2 – топ «Жануарлар ою — өрнегі»

3 – топ «Құстар ою — өрнегі»

4 – топ «Өсімдіктер ою — өрнегі»

 

Төрт топқа бір – бір топ басшысын сайлап аламыз. Әр топқа бірден «Белгі беру» қағазын беремін. Дайын болған топ осы белгіні көтереді. Қай топ бірінші болып көтерсе, сол топ бірінші жауап береді.

ІҮ. «Құпия сандық» оюға байланысты төрт пәннен сұрақ.

Әр топ басшысы келіп, бір конверттен алады. Әр конверттің ішінде сұрақ бар.

№1 Математика пәні

Геометрия пәнінде түрлендірудің қай түрі ою – өрнекте қолданылады?

а) геометрия

ә) бұру

б) симметрия

№2 Химия пәні

Қазақта жүнді бояған кезде жақсы сіңіру үшін қосатын қоспа бар. Қоспаның атын айт?

Жауабы: ас тұзы (формуласын көрсетемін NaCL)

№3 Музыка пәні (жанды сұрақ)

Оюды би көрінісімен көрсет. Оған қандай оюлар жатады?

Жауабы: құс қанаты, бәйшешек, жапырақ, т.б.

№4 Физика пәні

Суықта терезе әйнегіне не үшін қырау түседі? Неліктен ол өрнектеледі?

Жауабы: заттың бір күйден екінші күйге көшуі арқылы. Ауаның төмендеуіне байланысты терезе әйнегіндегі бу мұзға айналады.

Ү. Дәптермен жұмыс

Оқушылар өз топтарының атына байланысты сурет салады. 5 минут уақыт беріледі.

Әр топ өздерінің топтарындағы оқушылардың суреттерін талқыға салады. Ең жақсы, үздік салынды деген суретті таңдап алып, тақтаға іледі.

ҮІ. «Ғажайып кілем»

Кілемде сегіз оюдың аты өрнектелген. Осы оюларды оқушылар тауып, ол оюлардың қайда өрнектелетінін айту керек.

  1. Төртқұлақ оюы
  2. Айшық оюы
  3. Жұлдызша оюы
  4. Ирек оюы
  5. Үшбұрыш оюы
  6. Тұмарша оюы
  7. Ботагөз оюы
  8. Тышқаніз оюы

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

«Сыңарын тап» ойыны

Екіге бөлінген оюлардың сыңарын тауып, орналастыру.

ә) Сұрақ – жауап

  1. «Тышқаніз оюын» қайда қолданамыз?

2.Мынау қандай ою?

  1. Ою – өрнектің қандай түрлерін білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Тақияны оюмен өрнектеп салып келу

Бағалау.

Оқушыларды мадақтап, бағалау.