Өзіңді тексер

Тақырып. Өзіңді тексер

Оқыту мен тәрбиелеудің  міндеттері:  Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету; бауырсақ, қаркеш,жан-жануарлар мүсінін  құрастыру арқылы  ой өрісін дамыту,  құрастыруға дағдыландыру және  адамгершілікке баулу

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: ермексаз, қайшы ,қол орамал.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарын реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.

Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.

Жаңа сабақ:  оқушы ермексазбен жұмыс жасауды үйрену кезінде нені жасаса,сол мүсіндерді жасап, әрі шелпек, көрпеше, кептірілген нан жасап көрсету керек.

Пысықтау: Кітаппен жұмыс:  суретті зерттеп қарау, мүсіннің бейнесін кескішпен және саусақтың ұшымен жасау.   Қаркеш  жасап көрелік.  Басын, қолдарын,көзін ,мұрнын,аузын жасап  құрастыр.

Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік?  Саған ұнады ма?  Ұқыптылық  деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау: Ермексазбен жұмыс істеудің тағы қандай тәсілін білесің.

Бағалау :

Үйге тапсырма беру:  ермексаз әкелу..

Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік?  Саған ұнады ма?  Адамгершілік деген не деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау:

Бағалау : Жеке оқушыларға  қосымша  тапсырма беру, өздігінен  әшекейлеу

Үйге тапсырма беру: Бірнеше пішіндер қиып келу.