Көмектесе білейік

106

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек ірекеттері  туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: қайырымды, жағымды қарым өатынастар жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Елімізді сүйеміз

Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

Қайырмасы:

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.

Туған жерде аунап-қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Өнер десе ерінбейміз.

Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де

Боламыз ел қаһарманы.

Ырыс алды – ынтымақ

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ  тобылғы  әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

– Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, – дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

– Енді бір-бірден сындырып көріңдер, – дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

– «Міне, сындырдық», – деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

– Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, – дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды–ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.

  • Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?
  • «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

 

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

  1. Ынтымақ түбі –… .
  2. Бірлік, ынтымақ – байлық, … .
  3. … – табылмас бақыт.

Қажетті сөздер: татулық, береке, бақ.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.