Сыйласаң – сыйлы боласың

46

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң – сыйлы боласың

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дос, туыс, жақын адам арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық мақсаты: дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілікті арттыру

Тәрбиелік мақсаты: достық, туыстық, сыйластық қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Адамдар арасында бірлік болса,  олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады

Өмірлік сый

Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы-сіңлілісіңдер ғой, бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина: Мен тек үлкен болғандақтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.

Әмина: Оның мені тыңдағысы келмейді.

Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек.

Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ!

Анасы: Сіңліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.

Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы – әпкеммен ойнау.

Анасы: Сендерге бір-біріңмен тату, бірлікте өмір суру керек екендігін  қалай түсіндірсем екен!?

  • Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
  • Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?
  • «Әпкең мен ағаң – өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 

Татулық – табылмас бақыт

Халық мақалы

Берілген жағдаяттардың шешімдерін табыңдар.

 

¯ Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды.

Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.

Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?

¯ Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптас­тарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.

Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.

 

  • Саматты қалай көпшілдікке үйретуге  болады?

¯ Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.

 

  • Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

           Бірлік:   

1)                    ортақ істе ұйымшылдық көрсету;

2)                    жаныңдағылармен тату өмір сүру; өзгенің  пікірімен санаса білу;

3)                    өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.

 

Бата

Ұзақ болсын ғұмырың,

Биік болсын тұғырың!

Ақиықтай қыран бол,

Абылайдай ұран бол!

Өнегелі, өрісті,

Елін сүйген ұлан бол!

Деп аталар өрелі

Баталарын береді.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.