Отанымды сүйемін

50

Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Отан деген…

Бірде құрбыластарым бас қосып, көңілді әңгімелесіп, сөз таластырып қалдық.

Біз тұратын көше ауылдағы ең әдемі көше, жап-жалтыр асфальт төселген,деді Мадина.

Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің,деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.

Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! –деп, сөзін бастай берген Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.

Қойыңдаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл…деп қабағын шытты.

Қыздар үн-түнсіз қалды… Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.

Неге, неге олай дейсің, Салтанат? «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы өз ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? – деп жатыр.

Сол сәт мен де Самалдың өтімді сөзін толқи тыңдадым. Ойыма «Отаншыл болу от басынан басталады» деген батыр ағамыз Бауыржан Момышұлының аталы сөзі оралды…

  • Балалар өз көшелерін қалай мақтан етті?
  • Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

Төменде берілген суреттерді пайдалана отырып, «Менің Отаным» деген тақырыпта айтып беріңдер.

Ризамыз саған біз.

 Қ. Ыдырысов

Күнде шат күліп күн –

Өміріміз жайдары.

Мәңгілік бақыттың

Өзіміз – айғағы.

Күлеміз, ойнаймыз,

Демалып алаңсыз.

Ризамыз саған біз,

Ұлы Отан – анамыз!

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.