Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлу

72

Тақырыбы: Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлу

Мақсаты: а) Оқушыларға кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлуді және                          пайда болған жаңа кесінділерді оқып, жазуды меңгерту.

ә) Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

б) Оқушылардың ой-өрісін, танымын арттыру.

Сабақтың түрі: Пирамидалық сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, СТО стратегиялар.

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • Қане, балалар, мына жұмбақты шешейікші.

Күндіз бар, түнде жоқ. Ол не?

  • Әрине, күн (интерактивті тақтадан күннің суреті шығады)

Психологиялық дайындық.

  • Сәлем, достар!

Көзімді таңмен ашамын!

Әлемге нұр шашамын.

Мен алтын күннің сәулесімін,

Сендер мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма?

  • Достар мені ұстап көріңдерші.

Көздеріңді жұмыңдар. Бастарыңды көтеріңдер. Мен сендердің беттеріңдемін, мені сипап көріңдер. Енді көздеріңе жеттім, бастарыңдамын.

Енді бір-бірімізге күлкі сыйлайық.(Балалар бір-біріне қарап жымияды)

II Үй тапсырмасын тексеру.

  • Ал енді осындай көңіл-күйімен сабағымызға назар аударайық.

Барлығымыз назарымызды үй тапсырмасына аударайық.

Үйге қандай тапсырма берілді? №5 53-бет.

а)

Қосылғыш 1254*31 12428:26 855:285 25899 30220
Қосылғыш 25250 25108 11*265 90052-680 300:20
Қосындының мәні

ә)

Азайғыш 273*158 452*42 12654+355 100000
Азайтқыш 9711:83 7705:67 2458:2 2306*3
Айырманың мәні

(Оқушылар мәнін жазады)                        (II слайд тақтаға шығады.)

III Жаңа сабаққа әзірлік. Миға шабуыл.

I топ                 II топ              III топ

(III слайд. Кесінді, нүкте, бөлік сөздері шығады.)

  • Балалар, кесінді, нүкте, бөлік сөзі сендерге қандай ой туғызды? (Жауаптары әртүрлі)
  • Иә, балалар бұл сөздер.
  • Балалар, осы сабақта сендер не білгілерің келеді?(Оқушылар сұрағын таңдау)
  • Балалар, мен сендердің сұрақтарыңа жауап бермеймін, бірақ жауабын табуға көмектесемін. Ол үшін сендердің көмектерің қажет.(Пирамида жуйесимен танысу.) Сабақтың мақсатын, тақырыбын айту.
  • Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлуді үйренеміз.

(Интерактивті тақтада IV слайд көрсетіледі.)

  • Қандай қорытынды жасауға болады?
  • Олай болса, пирамиданың бастапқы бөлігін құрайық.
  • Ал,енді пирамиданың «терең таныстық» бөлігін құрау үшін әр топқа жеке тапсырма. Оқулықтағы №2 тапсырма.

№3 а) I, II топ.

ә) III, IV топ.

«Кубизм» стратегиясы.

№4 I топ (а)                    III, IV топ (б)

II топ (ә)

№5 786*х=83201+22909             I топ

(3850+1892):х=638               II топ

5088:х=256626:807              III топ

(6000-1744):х=8                   IV топ

«Сиқырлы таяқша»

Ойлау есептері. (Сиқырлы таяқша)

Әр топқа логикалық 3 сұрақтан қою.

IV Бекіту.

Балалар, бүгінгі сабағымызда нені оқып үйрендік?

Кесінді дегеніміз не? Тағы қандай геометриялық фигураларды білдіңдер?

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

  1. Кесінді(зат есім)
  2. ___________(сын есім)
  3. ___________(етістік)
  4. ________ ________  ________    ________(сөйлем)
  5. ___________(синоним)
  • Балалар, сабағымызды қорыта келе нәтижесінде, біз пирамида тұрғыздық. Яғни бүгінгі сабақта жүктелген міндеттерімізді орындай білдік.

Рефлексия.

Сабақта не ұнады?

 

Нені білдің? Нені білгің келеді?

 

V Үйге тапсырма №6

VI Қорытынды. Сабақты аяқтау, бағалау.