Разрядтық қосылғаштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.

100

Сабақтың  тақырыбы:   Разрядтық  қосылғаштарға   жіктеу  арқылы  екі  таңбалы   санды  бір  таңбалы санға  көбейту.

Сабақтың  мақсаты:       екі  таңбалы санды бір  таңбалы  санға  кбейту

біліктілігін  қалыптастыру.

Оқушылардың ауызша  есептеу  дағдыларын

жетілдіру. Зейінін, ақыл –ой белсенділігін, логикалық

білім дағдыларын, танымдық  қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды  сабаққа  белсенділікке, тапқырлыққа,

өз бетінше  жұмыс  істеуге, өзін – өзі  бағалай

білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:     аралас  сабақ

Әдіс- тәсілдері:  сұрақ жауап, ойын, талдау, өзіндік  жұмыс

Көрнекілігі:  интерактивті тақта , суреттер.

Сабақтың  формасы:  сыныппен, жеке оқушымен

Сабақтың  барысы:  І. Алғашқы  ұйымдастыру.

ІІ.  Ауызша  есептеу.  Көңілді  өлең  есептер:

1.Бір  топ  қоян  орман  кезіп  барады,          2.Құс  қорада  балалар

Жолда  олар  қасқыр  ізін  санады.                 Тамақ  берді  қаздарға.

Қасқырлар да  өткен екен  топталып,              Балапандарымен қосқанда

Әр  табанның қардағы  ізі  ап – анық.           Қаздарда 5 отбасы,

Қасқырлардан  қалған  іздер 120,                  Әрқайсысында 12 балапан.

Неше  қасқыр  жүріп  өткен  шынында?         Түскі  асқа  нешеу жиналды,

( 120 : 4 =  30 )                                                   Сол қаздарды  санасаң?

( 12*5 =  60)

 

  1. — Бұталардың арасынан  тышқанды,              4. Жаздың  күні жайнады,

Түлкі  үйретті  баласына ұстауды.                    Құстар  салды  сайранды.

Түлкінің  бұл  зұлым  ойын ұғынған,               Екеуіне  бұтақтың

Тышқандар да  шыршаға  кеп  тығылғын.       4  торғайдан  отырды.

Саны  олардың 5- еу  еді  шамасы,                   Ал  келесі  екеуін

Әр  ананың  9 – дан  бар  баласы.                      3  үкіден  мекендеп,

Айтыңдаршы , неше  тышқан    тығылды,       «Ухілейді»  уілдеп.

Қорыққанда  шырша болып  панасы?              Қалғымаңдар,  балалар,

( 9*5+5  = 45 )                                                      Құстар  нешеу  санаңдар?

( 4*2+3*2 =  14 )

ІІІ.  Жаңа материалмен  жұмыс.

« Кім  жылдам?»   ойыны. Берілген  мысалдарды  шығару  арқылы  сабақтың  бүгінгі  қонағын  анықтаймыз.( әріптерден  сөз  құрастыру)   И,  Т,  І , Н

36:5+5       36:4       9*9    8*8

-Бізге  қонаққа  Тиін  келген  екен.  Ол  туралы  не  білесіңдер?  Ол   немен  қоректенеді ? Олай болса   тиінге  жаңғақ жинауға көмектесейік . Ол үшін  әрбір тапсырманы  дұрыс  орындасаңыздар ,  кәрзеңкеге  бір жаңғақтан   жинап отырасыздар.Егер  бүгін  сабақта  өз  білімдеріңді  жақсы  көрсетіп , көп жаңғақ жинасаңыздар  ,тиін  сендерге  риза  болады.  Сондықтан  сабақта  белсенділік  көрсете  біліңдер. (Тақтада  тиін , жаңғақ  ,кәрзеңке суреттері ілулі тұрады)

№ 2 Кестені   интерактивті  тақтада толтыр:

       а       12      24       33        42       15
а*3 — 15

 

№3  Өрнек  құрып,  оның  мәнін  тап:

а)6 және 3 сандарының қосындысын  4 есе  арттыр;

б) 23 және 4 сандарының  көбейтіндісіне 8 – ді  қос

в) 39 және 2 сандарының  көбейтіндісінен  70 – ті  азайт

г)100 –ден 9 және 10 сандарының  көбейтіндісін  азайт

ІV.  Өз бетінше жұмыс:    амалдарды  орында.

712  — 542  =  170             375 + 234   = 609       16*6=   96       33*5 =   165

236 + 432  =   668               700 – 318=   382       23*4=   92      28 * 3 =  84

 

№5  Ұрлықшы  сауысқан  36 бұранда, одан 9 есе  кем  кілт  пен  65 шеге  ұрлады.  Сауысқан  барлығы  неше зат  ұрлады:

Шешуі:  36 :9 =  4 ( кілттің  саны)                 36+4+65= 105      Ж:  барлығы 105 зат ұрлады.

№8  Лулу  пингвині  әр  күні  балықтардың  бірдей  санын  аулап, 3 күнде 27 балық   ұстады.  Лоло  пингвині күн  сайын Лулу  пингвиніне  қарағанда  2 есе  көп  балық  ұстады. Лоло  пингвині  үш  күнде  неше балық  ұстаған? Шешуі:  27 : 3  =  9 (  Лолоның бір  күнде  ұстағаны)

9 * 2 * 3= 54    Ж: Лулу пингвині  үш  күнде 54 балық  ұстады.

V.Логикалық  тапсырма:  Ойлан!

Дәрігер Жанарға 3 таблетканы 20 минут  сайын  ішуге  нұсқау  берді. Осы  дәріні  ішуге  қанша  уақыт  кетеді?   ( 20+20 =  40  мин).

Кеше  Айнұрдың  туған  күні. Ертең  бейсенбі. Айнұрдың  туған  күні  аптаның  қай  күні  болды? ( сейсенбі )

VІ.  Бекіту.

Математикалық  тізбек:

4*3*5:10+9-3*2*3:8*6*2 =  ?         (108)

Ал, балалар , бүгінгі біздің  қонағымыз  сіздерге риза  болды деп ойлайсыздар ма ?

Әрине ,  риза  болды. Өйткені сендер   оған  азық қорын  жинауға көмектестіңдер.

V ІІ. Өзін – өзі  бағалау.

  • Әркім көңіл – күйіне  қарай тиісті  бағасы бар геометриялық  фигураны  таңдайды.
  • -Кім бәрін  түсіндім,  сабаққа  белсенді  қатыстым, беске  жауап  бердім  деп  санаса- күлімсіреген  үлкен  фигураны  таңдасын. Өзіне « 5» деген  баға қояды.
  • -Кім жауапты толық  бере  алмадым, дұрыс жауап  бердім, жақсы  жұмыс істедім  деп  ойласа- кішірек фигураны  таңдасын. « 4 »

-Кім  ойланатын  нәрсе  бар, бұл  сабақта  аз жұмыс  істедім, бірақ  келесі  сабақта

  • міндетті түрде  тырысамын десе- көңілсіз « 3» фигурасын  таңдайды.

VІІ.  Үйге  тапсырма:  № 13 ( 181 бет )