Координаталық жазықтық

214

Мақсатым:

       «Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларды, жаңа ақпараттық технологияларын қолдана отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.»

 

«Координаталық жазықтық» тақырыбында өткізілген сабақ Кембридж білім беру бағдарламасы бойынша құрылды. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Жаңа сабақты оқушылар өздері ізденіп, топта  талқылап , постер қорғап түсінеді. Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Әр тапсырмаларды әртүрлі тәсілдермен   бағалап отырады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, зерттеушілік қабілеттерін іске асыруға көмектеседі. Жеті модульде жұмыс жасау мұғалімге де оқушыға да өте тиімді.

 

Күні Пәні: математика Сыныбы: 6

 

Сабақтың тақырыбы Координаталық жазықтық
Мақсаты   «Координаталық жазықтық» тақырыптары бойынша алған білімдерін толықтыру, тиянақтау, жүйелеу, талдау. Іскерлік қасиеттерін, есептер шығаруда білім, білік дағдысын жетілдіру.
Табыс критерийлері: 1.  Координаталар жүйесінің құрылуын түсіндіру

2.  Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарының атауларымен атау

3.  Координаталық жазықтықта берілген нүктелерінің координаталарын таба білу

4.  Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орнын анықтайды

Түйінді идея      Координатақы жазықтық туралы ұғымды түсінеді
Сілтеме Алдамұратова Т.А. , Байшоланов Т.С., оқулық 6-сынып
Оқыту әдісі Топпен жұмыс, жеке жұмыс, диалогтік әдіс, жинақтау әдісі
Көрнекілік

Техникалық құралдар

       1.  Интербелсенді тақта

2.  Слайдтар

3.  Видео камера

4.  Бағалау парағы

Ұйымдастыру 1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың психологиялық ахуалын реттеу, «Мен қазақпын» әуенімен жаттығу орындау

Топқа бөлу  І, ІІ, ІІІ, ІV ширектер арқылы оқушылар төрт топқа бөлінеді
Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

         Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды. Сонда координаталар жүйесі  — санақ басы ортақ, өзара перпендикуляр екі координаталық түзу. Сондықтан мұны тік бұрышты координаталар жүйесі деп атайды. «Координаталар» сөзі латынның coordinatus – қазақша «реттелген» деген сөзінен алынған. Координаталық түзулер координаталық осьтер деп аталады. Горизонталь сызылған координаталар түзу абсциссалар /Ох/ осі деп аталады да, солдан оңға қарай бағытталады. Вертикаль сызылған координаталық түзу ординаталар /Оу/ осі деп аталадда, төменнен жоғары қарай бағытталады.Абсциссалар осі мен координаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координаталар басы О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша origo – «басталу» сөзінің бірінші әрпімен алынған. Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширектер деп атайды. Ширектердің рет саны сағат тілінің қозғалыс бағытына қарсы бағытта анықталады.

 

Координаталық жазықтығы  тақырыбына жеке-жеке нүктелерін орналастырып, әр топта талқылап, постер сызады, суретін салады және қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірін

«бағалау парағы»

арқылы бағалайды

Орындалатын тасырмалар Әр топқа берілетін тапсырмалардың сипаттамасы Бағалау әдісі
«Болжау »

стратегиясы

  Сөзжұмбақтағы жасырын сөзді тапсақ бізге осы «координаталық жазықтықты» ашуға себепші болған ұлы математиктің есімін білесіндер.

Рене Декарт (1596-1650) француз философы,  математик. Декарттың мақсаты табиғатты математикалық заңдылықтар арқылы суреттеу болатын. Координаталық жазықтықты  автор атымен Декарттық координаталық жазықтығы деп атайды.

Д о ғ а л
п р о ц Е н т
К ө б е й т у
с А ғ а т  
б ұ Р ы ш
Т ү з у
«Бағалау парағы» арқылы бағалайды.

 

Дамыту кезеңі   Алдарына үлестірмелер берілу арқылы оқушылар дәптерде жұмыс істей отырып слайдтан асыл қазынаны табады «бағалау парағы» арқылы бағаланады
Сұрақ-жауап    Американдық Торри Эдвин Фуллер «Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді» демекші бір-бірімізге сұрақ қойып өткен тақырыпты еске түсірейік

1-      Сұрақ

Координаталық жазықтық дегеніміз не? Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық кооординаталық жазықтық деп аталады

2 – сұрақ

абсцисса дегеніміз не?

Горизонталь сызылған координаталық түзу абсциссалар /Ох/ деп аталады

3 – сұрақ

Ордината дегеніміз не

Вертикаль сызылған координаталық түзу ординаталар / Оу/ деп аталады

4 – сұрақ

Координаталар басы дегеніміз не?

 

«Бағалау парағы» арқылы бағалау
«Ой қозғау»

стратегия

«Геометриялық бастаулар» тақырыбына оқушылар  Түзү – Шеңбер – Үшбұрыш – Төртбұрыш фигураларын жерде орналасқан координаталық жазықтықта осы фигураларады орналастырып, ойларын ортаға салады.
Үйге тапсырма 1. “Координаталық жазықтық” 254-257 бет оқу,    сұрақтарға жауап беру

2. Эссе жазу “Координатаның өмірдегі рөлі”

 Бағалау   Топ жетекшілері бағалау парақшаларына бағалап отырады

 

Кері байланыс  Онлайн ретінде сабақтан алған әсерлерін айту.