Азаттың күн тәртібі

71

Сабақтың тақырыбы:    «Азаттың күн тәртібі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Азаттың күн тәртібімен таныстыру, сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету.

Дамытушылығы : Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын, ойындар, сөзжұмбақтар арқылы ойлау қабілеттін дамыту.

Тәрбиелілігі: Азаттын күн тәртібін балаларға үлгі өнеге етіп, уақыттарын бос өткізбей тиімді пайдалануға тәрбиелеу .

Сабақтың түрі : аралас сабақ .

Әдіс тәсілдері: тест сауалдары, іздену, үйрету, сұрақ жауап, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер, сөзжұмбақ , қималар, теледидар, интерактивті тақта, кластер ойыны.

Сабақтың барысы  :

I . Ұйымдастыру  кезеңі

II . Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту .

-Сәлеметсіңдер ме, балалар !

-Көңіл – күйлерің қалай ?  Сабаққа дайындықтарың қалай  ?

— Өте жақсы ! Олай болса , сендерге бүгін сабақта не істейтінімізді айтайын:

Өткен сабақты, үй жұмысын пысықтау үшін тест сауалдарына тест жазасыңдар . Қазақ тіліне тән дыбыстарға тілімізді жаттықтырып, дұрыс айтып,дұрыс жазу мақсатымен фонетикалық жаттығу жасаймыз .

 

Қ           қа                 қо            құ             қы             қу

 

К          ка                  кө            кү             кі               ку

 

 

 

 

 

 

Бұл  бала                                                                        Ақ қаздай

Қай бала ?                                                                      Киімі

Пай! Пай!                                                                       Мұнтаздай

Қарашы үстіне                                                              Пай! Пай!

Өзіне!                                                                            Жарайсың,

Бір кіршік                                                                     Балақай !

Түсті ме,                                                                       Дейміз біз

Көзіне ?                                                                         Мадақтай:

Пай! Пай!                                                                      Пай! Пай!

Тап-таза

 

Енді балалар, жаңа сабаққа көшер алдында,  сабаққа белсенділіктеріңді арттыру үшін, сөзжұмбақты шешіп жіберейікші! Орыс тіліндегі сөздерді қазақшаға аударып, тор көзге жазу керек.

  1. школа                           Сентябрь
  2. понедельник Декабрь
  3. суббота Сутки
  4. неделя Четверг
  5. среда                      Воскресенье

 

Осы сөздердің аудармасын тор көздерге  толтырып шыққанда ,оқушылар өздері тігінен қандай сөз шыққанын табу керек .

«Күн  тәртібі »  деген сөз шығады .

Қандай ақылды балаларсыңдар ! Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз да «Азаттың күн тәртібі»  деп аталады.

Сөздікпен жұмыс :

Балалар сөздік қорымызды байыту үшін, ең бірінші тақырыптағы жаңа сөздермен танысайық. Тақтаға жаңа сөздерді ілемін .

Таңертеңгі тамақ –завтрак                                              Түскі тамақ –обед

Кешкі тамақ –ужин                                                            Ұйықтау -спать

Ұйқы – сон

Мұғалім бірінші өзі дауыстап оқиды, кейін оқушылар хормен оқиды, жеке – жеке оқиды .

Енді балалар осы жаңа сөздермен сөйлем құрап көрейікші. Оқушылар жаңасөздерді пайдаланып; ауызша сөйлемдер құрайды .

Мысалы: Мен таңертеңгі тамағымды іштім.Түскі тамаққа борщ іштім. Кешкі тамақты шешем дайындады. Сағат  10.00 де ұйықтауға жатамын .

 

Мұғалім :Азат деген бала үшінші сыныпта оқиды екен. Сендер қалай ойлайсыңдар ол қандай бала екен?

Көрейік: интерактивті тақта арқылы Азаттың күн тәртібін оқушыларға көрсетемін. Көріністі көріп шыққаннан кейін, балалар не көріп, не түсінгендерін айтады.

 

Кітаппен жұмыс : Оқушылар тізбектей оқып,  мәтінді аударады.

Сабақты пысықтау мақсатымен тақтаға Азаттың күн тәртібі туралы суреттерді ілеміз.

Суретпен жұмыс және сұрақ – жауап арқылы екеуара сөйлесу.

 

  1. Азат нешінші сыныпта оқиды ?
  2. Азат таңертең нешеде тұрады ?
  3. Таңертеңгі асын нешеде ішеді ?
  4. Мектепке нешеде келеді ?
  5. Түскі асын нешеде ішеді ?
  6. Сабағын нешеде оқиды ?
  7. Кешкі тамағын нешеде ішеді ?
  8. Сағат нешеде ұйықтауға жатады ?

Мұғалім: Өте жақсы, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Енді балалар бүгінгі танысқан  жаңа сөздерді қаншалықты меңгеріпсіңдер, соны тексері үшін жаттығу жұмыстарын орындайық.

Қазір мен үш топқа, үш түрлі сұрақтардан тұратын  қима қағаздарды таратамын. Қима қағаздарында сөйлемдер берілген. Жаңа өткен сөздерді пайдаланып, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді жазу керек.

Сұрақтар :

  1. Азат 7.30………………………………………………  ішеді .
  2. Сағат 13.30 ………………………………………… ішеді .

 

  1. Азат сағат 20 .00………………………………. ішеді .

2 .  Сағат   21.00…………………………………………..жатады .

 

1 . Азат сағат  13 .30………………………………..ішеді .

2 . Азат сағат  20 .30…………………………………ішеді .

 

  • Қай топ жазып болса, жауабын тақтаға шығып жазсын.

Әр топтың балалары тақтаға шығып жауаптарын жазады.

  • Бағанадан бері өте көп жұмыс жасадыңдар. Сабаққа белсенді қатысып отырсыңдар. Жарайсыңдар балалар!
  • Сергіту жаттығуы: Ал, балалар орнымыздан тұрып жаттғы жасайық.

Оң қолымда 5 саусақ.

Сол қолымда 5 саусақ.

Қосып едім екеуін

Болып шықты 10 саусақ.

Оң аяқта 5 бәшпәй,

Сол аяқта 5 бәшпәй

Қосып едім екеуін

Болып шықты 10 бәшпәй.

Ойнымызды жалғастырайық. «Кластер» ойыны. Ойынның шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді., кластердің тірек – сызбасы сызылған плакаттарды үш топқа беремін Алдыңғы өткен сабақты байланыстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. Ойнымызды бастаймыз.

ЖҰМБАҚ

1Бір ағашта 12 ұя, әр ұяда 30 жұмыртқа бар.

ЖАУАБЫ : 12 ай, 30 күн .

 

2 . Бір жылда неше мезгіл бар екенін жазу.

ЖАУАБЫ қыс, көктем, жаз, күз .

 

3 . Төрт жыл мезгілі неше айлардан тұатынын жазу керек.

ЖАУАБЫ : Қыс: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем:наурыз, сәуір, мамыр .

Жаз: маусым, шілде, тамыз.

Күз: қыркүйек, қазан, қараша.

Осы сөздермен ұяларды дұрыс толтырып шығу керек. Қай топ бірінші болып толтырып шықса, сол топ жеңімпаз атанады.

САБАҚТЫ СҰРАҚ – ЖАУАППЕН ҚОРЫТУ .

-Балалар, бүгін сабақта нені үйрендік, не түсіндік, қандай жаңа сөздермен таныстық?

— Қандай сұрақтарың бар?

— Күнделіктеріңді ашыңдар, үй тапсырмасын жазыңдар 51 бет сөздікті жаттау.

— Дәптерге әркім өз күн тәртібін жазып келсін.

Оқушылардың білімін бағалау: Үй жұмысын бағалау, сабақтағы алған білімдерін бағалау. Сау болыңдар!

 

ТЕСТ   СҰРАҚТАРЫ

 

1 БІР ЖЫЛДА НЕШЕ АЙ БАР ?

А)  9     Б)   23     В)  12      Г)  14

2 . БІР ЖЫЛДА НЕШЕ КҮН БАР ?

А)  275    Б)   365    В) 388   Г)   175

3 .БІР АПТАДА НЕШЕ     КҮН БАР ?

А)5   Б)  6     В)  7   Г)  8