«Еріншек» Шәкәрім Құдайбердиев

53

Сабақтың тақырыбы: «Еріншек» Шәкәрім Құдайбердиев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: «Еріншек» өлеңінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру, өмірмен байланыстыра отырып тақырыптың мәнін ашу, ойларын жүйелеу.

 

Дамытушылық мақсаты: «Нан туралы өлең» тақырыбындағы негізгі ойды және мақсаты мен мазмұнын жан – жақты дамыту, ойларын тиянақтап қорыту.

 

Тәрбиелік мақсаты: жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге, нанды қастерлеуге, есте сақтауға, жақсы әдетті білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктері: көрме, слайд (нан, дәнді дақылдар, авторлар суреті, топ атаулары, ойындар, кітапшалар).

 

Қолдану әдістері: әңгімелеу, салыстыру, байланыстыру, талдау —  жинақтаау, ойын, көрнекілік, топпен жұмыс істеу.

 

Пән аралық байланыс: Еңбекке баулу, дүниетану.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың өтілу барысы:

 

І Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшіні сөйлету, түгендеу. Бүгінгі сабақты  хабарлау. Бес топқа бөлу, топ жетекшілерімен таныстыру. Қонақтар келіп отырады. Бүгінгі сабақтың сәтті өтуіне сәттілік тілейміз.

Топ атаулары: талап, еібек, терең ой, қанағат, рақым.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Нан туралы өлең» мәнерлеп оқыту, түсінігін айтқызу, 2 оқушыдан бөліп оқыту.

 

ІІІ. Білімдерін тексеру, тиянақтау:

«Нан» тақырыбын әр топ өзінше қорғайды. Мысалы:

1топ: өлең, тыйым сөз.

2 топ: Мысал «бидай қаңбақ»

3 топ: Ертегі: «Егінші қасқыр»

4 топ: Көрмені таныстыру

5 топ. Өлеңдерді жатқа айту.

 

Проблемалық сұрақ: Жаздық, күздік бидай.

 

Қорытынды ой: «Нансыз тіршілік жоқ» , «Нанды қастерлеу керек».

 

Сергіту сәті: жаттығу жасату.

 

ІV.  Мақсат қою. «Еріншек» Шәкірім Құдайбердиев. Автордың өмірбаянына тоқталу. Суретіне, кітаптарына, тағдырына тоқталу. 1931-1932 жылдардағы қиын жағдай. «Еріншек» деген сөздің мағнасы қандай?

 

 

 

 

 

  1. Материалды тұсіндіру кезеңі:

           

            Жоспар

 

  1. 2 оқушыға мәнерлетіп оқыту.
  2. Тізбектей, топқа оқытып, мазмұнын айтқызу.
  3. Дәптермен жұмыс. Сөздікті таныстыру, 2 жолды көшіріп жазу, түсіндіру.
  4. Абай өлеңін «Ғылымтаппай мақтанба» талдау. 5 асыл іс, 5 дұшпан. (жазу) тақтаға.

А) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

Ә) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

 

VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.

 

Абайдың қарасөздерінен үзінділер:

  1. Қор қылатын3 нәрсе бар.
  2. Баланың 2 түрлі дүниеге келі.
  3. Бірін – бірі жеңе алмайтын 8 батыр. (күн, түн, тақ – жұп, қыс – жаз, жақсылық — жамандық).

Кейіпкер (көрініс) Салақ оқушы келеді, оны тәрбиелеу жолы.

Ойын: «Жұбын тап! » 6 оқушы шығару олар келіп қарсы мәндес сөздерді табады. (арам- адал, таза – лас, т.б.)

 

VII Бекіту кезеңі: «Кім жылдам? Ойыны. Жағымды жағымсыз қасиеттерді тізіп жазу»

Жағымды және жағымсыз қасиетерді тізіп шығу, есептеу, қорыту.

Топтың атына байланысты мақал – мәтел, қанатты сөздер айту.

 

 

VIII. Қорытынды ой: Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен!  Адамның мінезі арқалай?

 

ІХ Бағалау.

 

Х. Үйге тапсырма  өздеріңе ұнаған өлеңді жаттау. Еріншекке  байланысты мақал – мәтелдер жинақтау.