Р р дыбысы мен әрпі

Р р дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: оқушыларды Р р дыбысымен таныстыру.Буындық,

                                      дыбыстық талдау жасату, р дыбысын сөз ішінен

бөліп алып  жеке дыбыстату, дауыссыз дыбыс

екенін аңғату. Мазмұнды суретке қарап, сөйлем

құрата отырып, оқушылардың білімі мен тілін

дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке,

салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту.

әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, ойын арқылы.

Көрнекілігі: кеспе әріптер,

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен  амандасу. 2)Оқушыларды түгендеу.3) Оқу құралдарын түгендеу. 4)  Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

Психолоиялық  дайындық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру,

1) «Сыйқырлы алма ағашы» ойыны.

— Балалар, қазір қай мезгіл?

— Күз мезгілі.

— Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

— Жемістер піседі.

— Міне біздің бағымыздың алмалары да пісіп жерге түсіп қалыпты, қане осы жемістерді  теріп алайық.

— Балалар, бұл алмалар оңайлықпен жұлынатын емес, олардың әрбіреуінде сендерге арналған сұрақтары бар екен,  сол сұрақтарға жауап берген  оқушылар ала алады екен.

— Кәнекей, кім жауап береді?

1- алма: Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

2- алма:Ғ дыбысы қандай дыбыс?

3- алма: Ғ дыбысына байланысты қандай сөздерді білесің?

4- алма: Ғ дыбысына сөз ойлап, буынға бөл.

5- алма: Ғ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

6- алма: Ғ дыбысына сөз ойлап дыбыстық талдау жаса.

2) Ғ ғ дыбысына берілген сөздерді оқыту, мағыналарын сұрау.

  1. Жаңа сабақ.

— Балалар,  сендерге мен үш жұмбақ жасырамын, кімнің тапқыр екенін  байқайық.

1- жұмбақ:

Қорапқа қамалып,

Айтары жаңалық.

  • Балалар, кәне менің осы жұмбағымның жауабын кім айтады?
  • Радио (Буынға бөліп айтқызу)
  • Дұрыс. Ал енді айтыңдаршы, бұл сөзде қай дыбыс бірінші естіледі?
  • Иә, Р дыбысы. Олай болса бүгін Р дыбысымен танысамыз (Р дыбысын хормен үш рет айтқызу)
  • Тапқырлықтарыңды тағы да байқайын, келесі жұмбақтарымды да шешіп көріңдер.

2- жұмбақ:

Гүлге қонады,

Шырынын сорады.

Түр – түсі сары ала

Бұл не?

  • Дұрыс айтасыңдар, жауабы – ара. Енді тағы бір жұибақтың шешуін шешейік.

3- жұмбақ:

Ірі денесі-

Түздің кемесі,

Жонында бір төбесі.

  • Бұл қандай жануар? Кейде оны «Шөл кемесі» деп те атайды.
  • Дұрыс, олай болса біз бүгін Р р дыбысымен танысайық
  • Р дыбысы дауыссыз дыбыс. Балалар Р дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
  • Балалар Р дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер, кім айтады? Оқулықпен жұмыс. Бағандардағы сөздерді оқытып, мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс.

  1. Р р әрпінің жазба түрімен таныстыру.
  2. Р р әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.
  3. Р р әрпін ауада жазып көріп, дәптерге жазу.
  4. Суреттегі нүктелердің орнына  Р р әрпін қою.

4.Сабақты қорыту.

— Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?

— Рр дыбысы  қандай дыбыс?

— Рр дыбысы  сөздердің  қай жерлерінде кездеседі?

Рр дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.

  1. Бағалау. Оқушылардың білімін мақтап, мадақтап бағалау.