Төрттен бір бөлік (ширек).

127

Сабақ  тақырыбы: Төрттен бір бөлік (ширек).

Сабақ мақсаты:білімділік:оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін

пысықтап,төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.

Дамытушылық:оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін

дамыту.Тиянақты жауап беруді талап ету.Теорияны

практикамен ұштастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге

тәрбиелеу.

Түрі:жаңа сабақ.

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,т.б.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,доп,кесте.

Сабақ барысы:

І.Бағдарлау-мотивациялық кезең.

1.Психологиялық сәт:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сәздерге,

Құрметпенен біз!

 

2 «Тез ойла» ойыны.Доп арқылы 2-нің,3-тің,4-тің көбейту кестесін еске

түсіру.

3.Күн жады, сабақ тақырыбы.

4.Көркем жазу минуты.4 саны мен цифрасы.

 

II.Операциялық-орындаушылық кезең.

1.«Ұғып ал» .Төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын мысалдар арқылы түсіндіру.

Мысалы: қағазды төрке бөлу.

2.Оқулықтағы № 1 тапсырманы орындау.

3.«Қандай сан?».Бос орындарға тиісті сандарды қою.

4.Тақтамен жұмыс. «Кестемен жұмыс»

5.Сергіту сәті.

Шаршасандар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарынды сермендер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

 

6.Теңдеулерді шешу.

х   4 = 28     36 : х = 9

7.Есепті  шығару.

Әкесі  35 жаста.

Лиза әкесінен 23 жас кіші,

Ал оның сіңілісі 5 жаста.

Лиза сіңілісінен неше жас үлкен?

 

ІІІ. Рефлексиялық  бағалау кезеңі.

1.Төрттен  бірі  боялған  фигураларды  табу.

 

2.Қорытынды.

 

  • Біз бүгін ұғыммен таныстық?
  • Басқаша қалай атауға болады?
  • Мына алманы төртке бөл де, бір бөлігін өзін ал. Алманың неше бөлігі қалды?
  • Үштен бір бөлігін Болатқа бер.

 

3.Бағалау.

4.Үйге тапсырма: 75бет  №13