Түбір сөз бен туынды сөз туралы берілген түсінікті Кеңейту

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Сабақтың мақсаты:  Түбір сөз бен туынды сөз туралы берілген түсінікті

Кеңейту,олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін

білдіру.

Білімділігі:  Қазақ тілін оқытудың төл технологиясын сатылай кешенді талдай

оқытуды тілдік материялды талдауда қолдану.

Сөзді құрамына,тұлғасына,құрлысына,мағынасына қарай талдай

білу дағдысын қалыптастыру.

 

Дамытушылығы:  Ойлау және есте сақтау,оз ойын еркін жеткізу,

шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі:  Ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі:  Дидактикалық суреттер,сөз жұмбақ

Сабақтың әдісі:   Сұрақ жауап,сөздерді талдау

Түрі:   Дәстүрлі сабақ

Пән аралық баланыс:   ана тілі,дүниетану

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз

Әрбір адам – туыс,дос,жұрағат

Әрбір сабақ – Үйрену,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің – Тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзің – шындық бірлік адалдық

Ендеше бүгін қазақ тілінен өткен түбір сөзден туынды сөз жасауға,сөзді құрамына, тұлғасына, құрлысына, мағынасына қарай талдауға жаттығу.Ертегіні жақсы көресіндерме?

Ерте,ерте ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті.20 жасында ер жетіп,30-да бұғанасы бекіп,40 жасында кемеліне келіпті,50-ден асқан соң қартая бастаған кейбір бұтақтары сынып,қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті.Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?Ух жаным-ай,жанымай! Енді не қыламын құрт ауруына шалдықтым тесіп жеп барады.Бұтақтарым сырқырайды,жапырақтарым сыздайды,жәрдем ете көріңдер-деп, терек-күндіз түні зарлай береді.Оның дауысын естіп ақ көгершін ұшып келеді.Терек ата ауруыңыз жаман екен мен дәргердің қайда екенін білмеймін дегенмен іздеп көрйін,-деп ұша жөнеледі.Көгершін ұшып кележатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көредіде,оған келіп болған жайды баяндайды.Терекке жақсылық жасай көр деп өтінеді.Әркімнің өз жұмысы барғой көмектесетінге уақытым жоқ-дейді сауысқан ақкөгершін одан әрі ұшып кетеді.Жолда айдын көлде сыланып жүзіп жүрген Аққуға келеді оғанда теректі емдей көр деп өтініш айтады.Сонда Аққу мен қасиетті киелі құспынғой,мен бұл жерден кете алмаймын.Маған көп құстар келіп ақыл кеңес сұрайды.Мен саған ақыл айтайын,ол үшін сен әуелі менің тапсырмамды орында-деп тапсырма береді.Көгершін пәкетті алып,мұны қалай орындасам екен,-деп қиналып,ойланып отырады.

  • Балалар сендер көгершінге көмектесесіңдерме?Көгершін қатты қиналып отыр,олай болса аққудың тапсырмасын орындап көрелік.

Ана тілінен тіл туралы қандай өлең білеміз.

М.Мақатаев.Үш бақытым  Д.Әбілов  Туған тілім

Осы өлеңді мәнерлеп оқу

Осы өлеңді тілім сөзіне ауызша фонологиялық талдау жасау.

                                                        Тілім

  • Бұл сөз атылу жасалу,жазылу жолдарына қарай жіңішке буынды сөз.

Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке д-р-

  • Бұл сөз ті-лім болып екі буынға бөлінеді.Себебі,сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар.ті буыны ашық буын себебі буын дауыссыздан басталып дауысты дыбысқа аяқталып тұр (-лім) буыны бітеу буын,себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

Ті-а.б. лім-б.б.

Сонымен балалар аққудың тапсырмасын орындадыңдар.Көгершін сендерге рахметін айтып,тапсырмалардың жауаптарын аққуға алып келеді.Аққу оған былай деп ақыл айтады.

Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз жұмыссыз жүрген құстар бар,солардың бірін тапта өтініп көр мүмкін солардың біреуі саған ілесіп барып теректі емдеп берер.Аққудың ақылын тыңдап көгершін ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болды.Ол құс көгершіннің тілегін орындап,теректі құрттан,құрт ауруынан жазған екен.Содан бері әлгі терек жайқалып тұр екен.

  • Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?

Тоқылдақ

Дұрыс айтасыңдар сол күннен бастап Тоқылдақ орман дәргері болып,барлық ағаштарды құрттардан тазартып жүрген екен.Біздерде ағаштарды қамқорлыққа алып,олардың әдемі боп өсуіне өз үлесімізді қосумыз керек.Ағаш егіп оны баптап күтіп жүрсек аулымыз көркейіп жасыл желекті елге айналады.Айналамыз жасыл болса,ауамыз таза болады.

-Таза ауада демалсақ денсаулығымыз нығаяды.

Сондықтан теректің жайқалып өскені біздер үшін де пайдалы екенін ұмытпаумыз керек Орман емшісі – Тоқылдақ

Адам емшісі кім?Дәрігер

Ақ көгершін тоқылдаққа рахмет айтса,біз дәргерге рахмет айта отырып жаңа сабағымызды бастаймыз.

Жаттығу жұмысы

Түбір дегеніміз не?

Ережесін сұрау,мысал келтіру.

Енді туынды сөз қалай жасалады?

21 жаттығуды орындаймыз

Түбір сөздерге  -шы,-ші,-ды,-ді,-лы,-лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жаса.

Жыршы,тәрбиеші,еңбекші,сыншы,таулы,сәнді,көрді,көңілді,сулы,құрлысшы,төреші,футболшы.Осы сөздердің қайсысынан тағы қандай туынды сөз жасауға болады?

Туынды сөздің кейбіреуін қатыстырып 2-3 сөйлем құрап айту.

1.Арқар таулы жерде мекендейді

2.Балаларға  тәрбиеші ертегі айтты.

Жұрнақ қосып жаздық.Жұрнақ қосып жазғанда қандай сөз шықты? Туынды сөз

Жұрнақ дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз не?

22 жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу,туынды сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.

Сергіту

Абай өлеңінен үзінді оқу

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім

Осы өлең жолдарындағы ғылым сөзін ауызша сөз құрамына талдау.

                               Ғылым

1.Бұл сөз бір құрамнан тұр: ғылым

2.Тұлғасына қарай- ғылым – негізгі түбір.

3.Құрлысына қарай- дара.

4.Ғылым – не? Деген сұраққа жауап береді.Ендеше,бұл- зат есім

5.Мағынасына қарай – жалпы есім

 

 Ұстайды – сөзін жазбаша сөз құрамына талдау.

1.Бұл сөз үш құрамнан тұр: ұста+й+ды.

2.Тұлғасына қарай – ұста – негізгі түбір

Ұстайды – туынды түбір

3.Құрылысына қарай – дара.

4.Ұстайды – қайтеді? Деген сұраққа жауап береді.

Ендеше,бұл – етістік.

5.Мағынасына қарай – болымды.

23 жаттығу.

Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады?

 

 

 

 

 

 

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсіндір.

Қортындылау

Би – ші,қала – лық, күйші,Етікші,өнерлі,орындық,ойыншық,кітапхана,аққу,қобызшы,іскер,бастық,жүзім,асық,аспан,аспаз,астық

Уақыт қалса фонологиялық талдау жасау: қаламсап,мұғалім,білім

Үйге тапсырма 24 жаттығу.Бағалау

Енді мені мұқият тыңдаңыздар,

Жалқаулық аздырады,еңбек оздырады.Атаңның баласы болма,адамның баласы бол.Орынды айтылған сөз орнына қағылған шеге сияқты.Шешенің сөзі мерген.шебердің көзі мерген.

Бұл тыңдағандарың не?

-Мақалдар

-Мақал қандай әдебиетке жатады?

-Халық ауыз әдебиетіне жатады.

-Неге ауыз әдебиетіне жатады?

-Себебі,мақалдар жазу,сызу болмаған өте ерте кезде,ауызша тараған.

-Дұрыс айтасыңдар.Енді екінші шығарманы тыңдап көріңдер.

Әдептілік белгісі.

Өзіңнен үлкен кісімен үйде,басқа жерде кездессеңде «Сәлеметсіз бе?» деп бұрын амандас.Егер өз туыстарының бірімен кездессең,үй ішінің амандығын сұра Бөтен,жай ғана таныс адам болса,қазбалап еш нәрсе сұрама.Өзіңе сұрақ қойса ұялмай жауап бер.

Өзіңнен үлкен адамның алдына түсіп кетпей,жол бер.Үйге кіргенде есік ашып өзіңнен бұрын кіргіз.Есікті сарт еткізіп қатты жаппа.Қонақ шешінген соң,сырт кимін іл,киім ілгішке бойын жетпейтін болса:ата мына жерге іліңіз деп-,киім ілетін жерді көрсет.Ал бұл тыңдағандарың не?

-Мәтін

-Мәтін екенін қайдан білдіңіздер?Сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұр.Бірін-бірі толықтырып тұр.Негізгі ойы бар-әдептілікке шақыру.Ат қоюға болама?Әрине болады.Қандай ат қойар едіңдер? әдептілік ,әдептілік әлемінде т.б.Сонымен бұл оқыған шығарма мәтін дегеніміз не?Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен құралады.Мәтінді бөлімдерге бөлуге,ат қоюға болады.