Алғыс. М. Төрежанов.

90

Сабақтың тақырыбы: Алғыс. М. Төрежанов.

   Сабақтың мақсаты:

   Білімдік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.

   Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

   Тәрбиелік: мейірімділікке, еңбекқорлыққа, шыншылдыққа баулу.

   Сабақтың көрнекілігі: жеміс-жидек суреттері.

   Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Тақтаға жеміс-жидектер суреттері ілінген. Оқушылар М. Әлімбаевтың «Бау-бақшада» өлеңін айта отырып, аты аталған жемістер мен көкөністердің атауын теріп жазады. Мысалы:
  3. Күзде пісті алма,

Алқызылын таңда.

2.Аулада бар бүлдірген,

Жалықпай тер бір-бірден.

  1. Қарт ұнатып, жас қалап,

Жейтіндері — асқабақ.

  1. Кәдуілгі помидор,

Витаминді нәрі мол.

  1. Мағынаны тану.
  2. Топтастыру.

 

2.Топырақ
Күн
Адам                          сөздері бойынша топқа бөліну.

Су
Жер

  1. «Алғыс» мәтінін әр топ өздеріне берілген бөлім бойынша түсіпіп оқып,

талқылайды. Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Мәтін жан-жақты талқыланғаннан кейін мынадай тапсырмалар беріледі:

а) Мәтінге сүйене отырып, дүниетану пәнінен алған білімдері бойынша әр топ өздерінің тобының атауы болған сөздің тіршілік үшін қаншалықты қажеттігін дәлелдейді.

  1. Өз аттарына сәйкес мақал-мәтел айту.
  2. Мәтінді рөлге бөліп оқу.
  3. Мәтін неліктен «Алғыс» деп аталған?

   III. Ой толғаныс.

«Алғыс» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.

  1. Үйге тапсырма.

Алғыс алған сәттерін әңгімелеуге дайындалу. «Алғыс» мәтінін оқып, мазмұнын айту.