Көбейту мен бөлудің компоненттерін ажырата білуге,кері есептер құрастыруға үйрету

52

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көбейту мен бөлудің компоненттерін ажырата          білуге,кері есептер құрастыруға үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың таным белсенділігін арттыру,ой-өрісін дамыту.Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:бекіту

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету.

Пәнаралық байланыс:ана тілі

Сабақтың көрнекілігі:Слайд,орман суреті,тиін, борсық,кірпі,қоян суреттері,ребус,кеспе.

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

№ 7 есеп

( 20-16)*2  8           ( 9*2)-8   10

3.Жаңа сабақ.

-Жақсы ,балалар.Қазір қай мезгіл?

-Күздегі табиғат құбылыстарын айтайық.( оқушылардан сұрау)

-Балалар,сендер саяхатқа шыққыларың келе ме?

-ия

-Ендеше, біз қазір күзде орманға саяхат жасаймыз. Орманда нелер болады?

Сол орман аңдарының тапсырмасын орындап,әр аңның құпия сырын ашайық.( орманмен таныстыру)

Орманда келе жатырмыз.Аяғымыздың асты судыраған сары жапырақтар.Осы сары жапырақтармен сендердің білімдеріңді бағалаймын.Алдымыздан қоян шықты .

Қоянның тапсырмасы-№1 есеп екен

Кестені пайдаланып есептер құрастыру.

1)Самат 8 теңгеге бағасы 2 теңге тұратын бірнеше дәптер сатып алды.Самат неше дәптер сатып алды?

8:2                    16:2

12:2                       а:2

Қоянның тапсырмасын орындадық,қоянның құпия сыры мынау екен .Қоянның түсі күзде ақ сұр түске айналады,ал қыста оның жүні қандай болады?

-Ақ түске айналады.

-Жақсы ,балалар.Саяхатымызды жалғастырайық .Орман ішімен жүріп келеміз.Алдымыздан ағаштан –ағашқа секіріп жүрген тиін кездеседі.Тиіннің тапсырмасы.

№ 2 есеп

B=3         3*3=9

B=2         3*2=6

B=1         3*1=3

B=0         3*0=0

-Балалар ,тиін бізге саңырауқұлақтарын жинап беруге көмек сұрап тұр?Оған көмектесеміз бе?

-Ия

-Саңырауқұлақтарды жинау арқылы № 3 есепті шығару.

16:2*16:4       12:3*12:2

16:8*4:2          12:3*8:2

-Тиіннің тапсырмасын  орындадық ,оның құпия сыры –тиіннің түсі күзде сарғылтым ,ағаш жапырағына ұқсайды .Ол саңырауқұлақтарын інінің қасына кептіріп іліп қояды екен.

-Саяхатымызды жалғастыра отырып , сергіп алайық.

Сергіту:Күзгі табиғат құбылыстарын қимылмен көрсету.

-Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық .Келе жатып ,алдымыздан ін кездеседі .Бұл борсықтың іні екен .

Борсықтың тапсырмасы

№ 4 есеп

А) Төреші -2                  есе артық

Ойыншы-16

Ш:16:2  8

Ж:8 есе артық

-Борсық қысқа дайындық жасап ,ініне күзгі жапырақтарды төсеп жатыр екен .Оған жапырақтарын төсесіп көмектесеміз бе?

-Ендеше, жапырақтардың артындағы есептерді шығару арқылы ,брсыққа көмектесе аламыз.

№ 6 Теңдеу шешу.

-Борсыққа да көмектестік.Борсық құпия сыры-ол бойы апанында ұйықтап. Өзіне май жинайды.Ал борсық майын адамдар емге пайдаланады.Ол көтеген ауруларға ем болады.

-Саяхатымызды жалғастырайық .Алдымыздан кірпі шығады.Кірпінің тапсырмасы.

№ 7 есеп

18-( 2*9)

-Кірпінің құпия сыры-кірпі өзінің жауынан тікенектері арқылы қорғанады екен.Жауын көрген кезде басын ішіне тығып ,жиырыла қалады екен.Тікенектерін көрген жау оған жоламайды.Сөйтіп, кірпінің де құпия сырын білдік.Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

Cабақты қорыту:

Енді тақтадағы ребусты шешейік .

Көбейту,бөлу.

— Көбейту мен бөлу амалының  компоненттерін атайық.

-Оқушыларды жинаған жапырақтары бойынша бағалау.