Сөз және оның құрамы

Сабақтың   тақырыбы:             Сөз  және  оның    құрамы.  6–13  жаттығулар.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                                  Сөз құрамымен  таныстыру. Түбір  мен  қосымшаның  бір-бірінен  айырмашылығын  аңғарту.  Қосымшаның түрлері жалғау  және  жұрнақ. Олардың  өзіндік  белгілері.

Дамытушылық:                       Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөздік  қорын  дамыту,  сөйлеу,  әңгімелеу  дағдысын  жетілдіре  отырып,  мәнерлеп  сөйлеуге,  әдемі  жазуға,  өз  бетінше  жұмыс  орындауға  дағдыландыру.

Тәрбиелік:                      Ұжымда  өзін-өзі  ізгілікке  тәрбиелеуге  дағдыландыру.Зеректікке,  ұқыптылыққа, адалдыққа  баулу. Көркем  жазу  арқылы  әсемдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:                        Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы.

Әдіс-тәсілдері:                           СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:                                Сөйлем  ,  суреттер,  қи мақағазар

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.    Жаңа  сабақты  пысықтау

ІҮ.     Қорытындылау, бағалау.

Ү.      Үйге  тапсырма.

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу,психологиялық  дайындық.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:.

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Түбір  мен  қосымшаның  шартты  белгілері.

 

 

өнер        лі              — жаңа  мағына  беріп  тұр

 

 

өнер        ге              — сөзді  байланыстырып  тұр.

Жаңа  сабақ.

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру.

  1. Сөздің түбірі  мен  қосымшасын  таба  алу;
  2. Түбір сөз  және  қосымшалы  сөзді  қатыстырып  сөйлем  құрай  алу;
  3. жұрнақ пен  жалғауды  бір-бірінен  айыра  алу;
  4. Жұрнақ пен  жалғау  жалғанған  сөзді  қатыстырып  сөйлем  құрау.

Дәптермен  жұмыс.  Көркем  жазу  сәті

 

———————————————————————

(Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі).

 

6-жаттығу.  Сөздердің  түбіріне  басқа  қосымша  жалғау  арқылы  жаңа  сөз  жаса. Сол  сөздерді  қатыстырып  екі–үш  сөйлем  құрап  жаз.

 

Жұрнақ  жаңа  сөз  жасайды

Дәріні – дәрі – дәрігер

Жұмыспен – жұмыс – жұмысшы

өнерім – өнер – өнерлі

оқуға – оқу – оқушы

кітаптан – кітап – кітапхана

бүркіті – бүркіт – бүркітші

 

7–жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  жалғауды  қойып  жаз.

 

Еңбектің  наны  тәтті,  жалқаудың  жаны  тәтті.  Ердің  атын  еңбек  шығарады.  Жері  байдың – елі  бай.  Шеге  тағаны  сақтайды,  таға  тұлпарды  сақтайды.

     Жалғау  сөз  бен  сөзді  байланыстырады

 

 

 

 

 

 

8-жаттығу  ауызша  орындалады.

  1. Өлеңді  оқы
  2. Түбір  сөздерді  тап.
  3. Қарамен  жазылған  сөздерді  сөз  құрамына  талда.
  4. Жаңа,  кең,  жас  сөздеріне  мағынасы  қарама–қарсы  сөздер  тауып  айт.

 

 

9–жаттығу.

Суретпен  жұмыс

Әуе  шарымен  ұшуға  көмекке  кел.  Ол  үшін  ұш  сөзінен

Бірнеше  қосымшалы  сөз  жасап  жаз.

Бір–біріңді  тексер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10–жаттығу.  Достық  сөзі  шығатындай  етіп  сөзжұмбақ  құра.

12–жаттығу.  Сөздерді    оқы.  Құрамына  қарай  қандай  сөздер?

Сөздерді  сызба  бойынша  өзгертіп  жаз.

 

Қосымшалардың  жалғану  реті.

 

 

 

 

жұрнақ

Түбір

жалғау

 

жұрнақ + жалғау

 

Ән,  жұмыс,  мұнай,  өнер,  су,  таза

13–жаттығу.  Сызбаға  сай  сөздер  табу.

 

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Үйге  тапсырма: Ереже  жаттау   11-жаттығу.  .

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау