Негізгі және туынды зат есім. 24–30 жаттығулар.

88

Сабақтың   тақырыбы:    Негізгі  және  туынды  зат  есім.  24–30  жаттығулар.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                          Оқушыларды  зат  есімнің  негізгі  және  туынды  түрлерімен  таныстыру.  Негізгі  және  туынды  зат  есімді таныту.

Дамытушылық:                       Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөздік  қорын  дамыту,  сөйлеу,  әңгімелеу  дағдысын  жетілдіре  отырып,  мәнерлеп  сөйлеуге,  әдемі  жазуға,  өз  бетінше  жұмыс  орындауға  дағдыландыру.

Тәрбиелік:                      Ұжымда  өзін-өзі  ізгілікке  тәрбиелеуге  дағдыландыру.Зеректікке,  ұқыптылыққа, адалдыққа  баулу. Көркем  жазу  арқылы  әсемдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:                        Оқушылардың  игерген    білімді  пысықтау   сабағы.

Сабақтың  түрі:             Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:                           СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:                                Сөйлем  ,  суреттер,  қи мақағазар «Сөз  таптары»  картасы

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Өткен  тақырыпты  пысықтау.

ІҮ.     Қорытындылау, бағалау.

Ү.      Үйге  тапсырма.

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу,психологиялық  дайындық.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:.

Білімді жан-жақты  тексеру кезеңі.

Зат  есім  негізгі  және  туынды  болып  екіге  бөлінеді

Негізгі  түбірден  болған  зат  есімді  негізгі  зат  есім  дейміз: ана,  жер,  көз.

Түбір  сөзге  жұрнақ  жалғану  арқылы  жасалған  зат  есімді  туынды  зат  есім

дейміз:  іскер,  байлық,  кезекші.

 

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

ЗАТ  ЕСІМ

 

 

Негізгі  зат  есім                    Туынды  зат  есім

Жаңа  сабақ.

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру.

  1. Оқушыларды  зат  есімнің  негізгі  және  туынды  түрлерімен  таныстыру.
  2. Негізгі  және  туынды  зат  есімді таныту.

(тақтада жұмыс)

Түбір  сөздерге  тиісті  жұрнақтарды  жалғап,  туынды  зат  есім  жаса.

шебер,  таза,  жақсы,   ем,  ас,                                    -лық,  -лік,  -хана

ойын,  тал,  жаңа,  әділ,  дос                                       -шық,  -дік,  -тық

 

Дәптермен  жұмыс.  Көркем  жазу  сәті

 

———————————————————————

(Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі).

 

24-жаттығу.

  1. Туынды  зат  есімдерден  негізгі  зат  есімді  ажыратып  жаз.
  2. Негізгі  және  туынды  зат  есімдерге  сұрақ  қой,  бір-бірінен  өзгешелігін  айт.

 

Адалдық,   астық,  ұзындық,  көрік,  жолдас,  сызғыш,  қырат,  өшіргіш,  татулық.

 

25–жаттығу.

  1. Туынды  зат  есімдерден  негізгі  зат  есімдерді  ажыратып  жаз.
  2. Негізгі  және  туынды  зат  есімдерді  қатыстырып  сөйлмдер  құрап  жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27-жаттығу.

  1. Мақалды  жатқа  жаз.
  2. Туынды  зат  есімді  тап,  сөз  құрамына  таллда.
  3. Туынды  зат  есімнің  түбірі  қай  сөз  табы?

 

Талант  қартаймайды,

Білім  ортаймайды.

 

28-жаттығу. –қыш, — кіш, -ғыш,  -гіш, -лық,  -лік,  -дық,  -дік  жұрнақтарын  жалғап,  қандай

зат  есім  жасауға  болатынын  айт.

Үлгі:  ілгіш,  тазалық,  …

 

 

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау

Үйге  тапсырма: Ереже  жаттау . 29, 30-жаттығу.