Қосындыны санға бөл

38

Сабақтың   тақырыбы:        Қосындыны  санға  бөлу.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                       Оқушыларды  қосындыны  санға  бөлу  тәсілдерімен  таныстыру

Дамытушылық:          Есепті  шығару  және  түрлендіру,  ауызша  және  жазбаша  есептеу дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік:                      Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-

қатынасқа    тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:            Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы.

Сабақтың  түрі:              Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:            Түсіндіру,  сұрақ-жауап, көрнекілік  көрсету ‚  практикалық  іс–әрекет

арқылы  түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік:                   Тақырыпқа  байланысты  «Қосындыны  санға  бөлу»   кестесі.

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Жаңа  сабақ.

ІҮ.     Жаңа  сабақты  бекіту.

Ү.      Қорытындылау, бағалау.

ҮІ.     Үйге  тапсырма.

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй   тапсырмасын   тексеру:

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Жаңа  сабақ.

Сабақ  мақсатымен  таныстыру.

Қосындыны  санға  көбейту  тәсілдерін  еске  түсіру.

 

І тәс. (3+4)×2 = 7×2=14

Әуелі  қосындының  мәнін  есептеп,  содан  кейін  оны  санға  көбейтіп,  өрнектің  мәнін  таптық.

 

ІІ  тәс.  3×2+4×2= 6+8=14

Әуелі  көбейтінділердің  мәнін  есептеп,  содан  оларды  қосу  арқылы  өрнектің  мәнін  таптық.

 

Түсіндірме  жұмыс.

К                                             Д

 

 

 

 

 

Е                                           М

 

Қосындыны  санға  бөлу.

 

ЕКДМ  тік  төртбұрышы  неше шаршыдан  құрастырылған?

Қызыл  шаршыларды  тең  екіге  бөлу  керек. Көк  шаршыларды  тең  екіге  бөлу  керек. Сонда  әр  бөлікте  неше  шаршы  болады?  Ол  үшін:

 

(6+4) :2= 6:2+4:2=3+2=5

 

Әуелі  қосылғыштардың  әрқайсысын  санға  бөліп,  бөлінділердің  мәнін  есептеп,  содан  кейін  оларды  қосып,  қосындының  мәнін  таптық.

 

 

Пысықтауға  арналған  тапсырмаларды  орындау  – 2,3,4–тапсырмалар.

 

  1. Суреттегі фигуралардың көлемдерін  табу.

1)  1 см3×(4×2) = 8 см3

2)  1 см3× (4×3)= 12 см3

3)  1 см3× (2×4)= 8 см3

4)  1 см3× (3×4)= 12 см3

5)  1 см3× (4×4)= 16 см3

 

Есептерді  шығару.

 

Әкелінді – 24 пиранья мен 36 тұсқанат

Бөлінді – 6 аквариум

Әр  аквариумда – ? балықтан

 

І тәсіл.      (24+36) :6=60:6=10 (б.) –әр  аквариумда

ІІ тәсіл.     24:6+36:6=4+6=10 (б.) –әр  аквариумда

Ж:

 

Натюрморт – 14

?, 1/7 бөлігіндей  портрет

Пейзаж – ?, одан 3 есе  артық

Көрмеге  неше  портрет  қойылды?

14×3 :7=6  – портрет

Ж:

 

10,  11–тапсырмаларды  орындау.

Қосымша  тапсырма.

 

Берілді:  шаршы

Р=20 см

а – ?  см

Р= а×4, яғни  20:4   немесе     а×4=20

а=20:4

а=5(см) – қабырғасы                                   5 см

Ж:  шаршының  қабырғасы  5 см

 

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.

Үйге  тапсырма:    7–тапсырма(2)‚ 9–тапсырма.