Түбір мен қосымша

98

Сабақтың   тақырыбы:             Түбір  мен  қосымша.   305–309  жаттығулар.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                                  Сөз құрамымен  таныстыру. Түбір  мен  қосымшаның  бір-бірінен  айырмашылығын  аңғарту.  Қосымшаның түрлері жалғау  және  жұрнақ. Олардың  өзіндік  белгілері.

Дамытушылық:                       Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөздік  қорын  дамыту,  сөйлеу,  әңгімелеу  дағдысын  жетілдіре  отырып,  мәнерлеп  сөйлеуге,  әдемі  жазуға,  өз  бетінше  жұмыс  орындауға  дағдыландыру.

Тәрбиелік:                      Ұжымда  өзін-өзі  ізгілікке  тәрбиелеуге  дағдыландыру.Зеректікке,  ұқыптылыққа, адалдыққа  баулу. Көркем  жазу  арқылы  әсемдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:                        Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы.

Әдіс-тәсілдері:                           СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:                                Сөйлем  ,  суреттер,  қи мақағазар

 

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу,психологиялық  дайындық.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:.

Білімді жан-жақты  тексеру кезеңі.

 

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Жаңа  сабақ.

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру.

  1. Сөздің түбірі  мен  қосымшасын  таба  алу;
  2. Түбір сөз  және  қосымшалы  сөзді  қатыстырып  сөйлем  құрай  алу;
  3. жұрнақ пен  жалғауды  бір-бірінен  айыра  алу;
  4. Жұрнақ пен  жалғау  жалғанған  сөзді  қатыстырып  сөйлем  құрау.

 

Дәптермен  жұмыс.  Көркем  жазу  сәті

 

———————————————————————

(Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі.

 

Сөз  жұптарын  салыстыру.

 

Ән — әнші                                        қаз — қаздар

Жаңа – жаңалық                            егін — егінші

Оқу – оқулық                                сурет — суретші

305-жаттығу.

  1. Сөйлемдерді көшіріп  жаз.
  2. Сөздерді салыстыр.  күй – күйші,  балық – балықшы,  құрылыс – құрылысшы,  жылқы – жылқышы.
  3. Әр сөздің  мағынасын  айыр.
Ереже:  Сөздің  одан  әрі  бөлінбейтін  мағыналы  бөлігін  түбір (түбір  сөз)  дейміз:  көк,  күріш,  қобыз.

Сөздің  түбірге  жалғанған  бөлігін  қосымша  дейміз:  көкшіл,  күріштің,  өріктің,  қобызшы.

 

 

 

 

 

 

Сергіту  сәті.    

306–жаттығу.

Өлеңді  оқы

Қарамен  жазылған  сөздердің  түбірін     қосымшалардан  сызықшамен  бөліп,  көшіріп  жаз.

 

Суретші  ме,  мүсінші  ме  – әлде  кім?

Бояп кетті терезенің  әйнегін.

Түс  кезінде  ғайып  болды  әлгісі,

Бақсам,  оным – қысқы  каяздың  белгісі.

 

 

307 -жаттығу  орындалады.

Түбір  сөзге  қосымшалардың  тиістісін  жалғап  жаз.

 

Түбір  сөздер.                                        Қосымшалар.

 

Қала,  жұмыс,  сый,  біл,  өнер,                               -ді,  -шы,  -лық,  -ты,

түсін,  ұш,  күрек,  ойын.                                         –ті,  -шық,  -гіш,  -ім.

 

308-жаттығу.

Жүн-нен,  мақта-дан,  тоқыма-шы.

Сөздердің  қосымшадан  кейін  мағынасының  өзгерген  немесе  өзгермегенін  аңғарту.

 

Сыныппен  жұмыс.

                                                 Дән

 

Бір  түйір  дән  кесек  топырақтың  астына  түсіп  қалды.  Кесек  оны  өлтірмек  болды.  Жаныштай бастады.  Дән  оған  сасқан  жоқ.  Қыс  өтті.  Көктем  келді.  Күн  жылынды.  Дәннен  сабақ  өсе  бастады.  Ол  бір  күні  әдемі көк  жапырақ  болып  шыға  келді.  (37)

 

Тапсырма:

  1. Түбір сөздерді теріп  жаз.
  2. Дән, кесек,  күн,  көк  сөздеріне  қосымша  қосып  жаз.

 

 

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

 

Үйге  тапсырма:   309-жаттығу. Ереже  жаттау

 

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау