Әр құстың өз тұмсығы қажет

30

Сабақтың тақырыбы:   Әр құстың өз тұмсығы қажет

Сабақтың мақсаты :  1.Құстардың тұмсығының ерекшеліктерімен таныстыру және олар үшін

тұмсықтарының қорегін аулау үшін  маңызы зор екенін  түсіндіру

  1. Сөздік қорын артыру, сөйлеу тілін дамыту . Құстар жөніндегі танымдық

білімін дамыту.

  1. Оқушыларды құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Құстардың суреті ,  схема , қиылған құс суреті .

Сабақтың түрі :  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру ,  оқу, жұмбақ шешу, сұрақ -жауап.

Сабақтың жүрісі :

Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі .

Оқушылардың оқу өқұралдарын шығарып ,  үй тапсырмасын тексеру.

ӀӀ . Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушыларға сабақтың жүрісі туралы түсіндіріп өтемін  .

  • Біз оқып отырған бөлім қалай аталады?
  • Жануарлар тіршілігі
  1. Схема арқылы құстар туралы түсіндіріп өту .

 

Зиянкестермен  күреседі

    құстар

 

 

 

Еті, жұмыртқасы                                                                              құрт-құмырсқамен қоректенеді

мамығы

Жұп құрып, ұя салып,

жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді

үй құстары                       жабайы құстар

  • Құстардың жойылып бара жатқан түрін қызыл кітапқа енгізеді және оларды арнайы қорықтарға қорғауға алып , санын молайтады. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген .
  1. Тапсырм

Өткен сабақты қайталау барысында тест сұрақтарына жауап аламын.

Тест сұрақтары

  1. Жануарлар неше топқа бөлінеді

а) 4

ә)2

б) 6

  1. Сүтқоректі жануарлар деп неге атайды  ?

а) төлдерін үнемі қасына ертіп жүреді

ә)Олар төлдерін емізіп , сүтпен  асырайды

б) Далада жүретін болғандықтан

  1. Бунақденелілерді тап

а) балық, бақа

ә)қасқыр , ит, түйе

б) балара, көбелек, шыбын

  1. Қосмекенді сөзі қандай ұғымды білдіреді?

а Суда жүзеді

ә)Екі мекені бар

б) құрлықта жүреді

  1. «жыртқыштар» деп қандай жануарларды айтамыз?

а) Жануарларды тірілей  ұстап жейтін

ә)өлекселерді жейтін

б) құрт-құмырсқамен қоректенетін

ӀӀ-тапсырма.                                                                                                                                               Мәтінмен жұмыс. Оқып мазұмынын түсіну.  Оқушыларға оқыту .  «Бейімділік»  сөзіне  түсінік беру.

Бейімділік-

ӀӀӀ-тапсырма                                                                                                                                                    «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы екі қатар жұмбақтар айтып,  шешімін табу.

ӀV-тапсырма                                                                                                                                              «Бұл қай құс» ойыны.  Онда конверттің ішінде қиылған құс бөлшегін құрастырып , сол құс туралы айту және мақал айту.                                                                                                                     Мысалы:     Аққу- киелі құс . Ол суда жүзеді    Мақал: Аққуды атпа, досыңды сатпа.

V-тапсырма

Тоқылдақ пен бірқазан , бүркіттің ортақ қасиеттерімен , айырмашылықтарын айту.