Сөз құрамы.

42

Сабақтың тақырыбы:          Сөз құрамы.

 

Сабақтың мақсаты

Білімділік:            Қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру;

                               түбірден ңосымшаны, жалғаудан жұрнақты ажырата білуді үй-

рету; туынды сөздер туралы білімін пысықтау.
Дамытушылық:    Танымдық, есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу

қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік:           Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа,  адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі:   Аралас  сабақ.

Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Түбір, жұрнақ, жалғау туралы алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы

пысықтау.

— Түбір деген не?

— Түбірге қосылатын бөлшек қалай аталады?

— Жұрнақтың жалғаудан ерекшелігі неде?

— Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?

  1. Суретпен жұмыс.

 

«Сөйлем қуаласпақ» ойынын ойнату.

Тақтаға Крыловтың «Қарға мен түлкі» деген мысалы бойынша салынған суретті ілу.

Сурет мазмұнын ашатын сөйлемдерді бөлек-бөлек карточкаларға жазып, оқу- шыларға таратып беру. Карточкасында әңгіменің бастамасындағы, бірінші тұратын сөйлем берілген. Осы тәртіп бойынша қалған сөйлемдердің табылуына қарай оқушылар тақта алдына қатар тұрады. Сосын сөйлемдерін кезекпен оқып шығады. Ең соңында бір-екі оқушы карточкалардағы сөйлемдер бойынша әңгіменің жалпы мазмұнын айтып береді.

 

Қарға мен түлкі

 

Қарға ірімшік тауып алды. Ол ірімшікті тістеп, бұтаққа қонды. Қонғанын түлкі көрді. Түлкі қарғаны алдап, ірімшікті жегісі келді. Түлкі қарғаны өтірік мақтады. Қарға оған сенді. Түлкі оның ән салуын сұрады. Қарға қарқ етті. Ірімшік ұшып кетті. Түлкі оны қағып алды. Қарға алданып қалды.

 

  1. Оқулықпен жұмыс.

 

1 – жаттығу.

 

Сөйлемдерді көшіріп жазу.  Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгілерін қою.

 

2 – жаттығу.

 

Берілген сөздерге – пан,  -шақ,  -ша, -тай  жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу. Жұрнақ қосылған сөздермен сөйлемдер құрастыру.

 

3 – жаттығу.

 

Ребусты шешіп, сол сөздердің түбірі мен қосымшасын табу. Ребустың шешуі

болған сөзді қатыстырып мақалдар жазу.

 

5 – жаттығу.

 

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

 

 IҮ. Сабақты бекіту.

 

   «Не қажет?» ойыны.

«Балалар серуен… шық… . Олар орман… іші… кел… . Биік өскен ағаш… көрін…».

 

Ойын тәртібі: ойынға қатысушы оқушыларға қосымшалары қалдырылып кеткен карточкалар үлестіріледі. Әр оқушы өз карточкасындағы сөйлем сөздерінің қалып қойған қосымшаларын тауып, дәптеріне жазуы тиіс. Тез әрі дұрыс жазған оқушы ұтқан болып табылады.

 

  1. Үйге тапсырма беру.

 

Сөз құрамы ережелерін жатқа білу. 106 –беттегі 4-жаттығуды орындау

 

   VІ. Сабақты қорытындылау.

 

Қосымшалардың әсерінен сөз мағынасы өзгереді.

Жалғау  жұрнақтан кейін де жалғана береді

 

VІІ. Бағалау.