Сан есім

27

Сабақтың  тақырыбы.   Сан  есім

Сабақтың  мақсаты  1. Сан  есім  туралы өткен  сабақта алған  білімдерін еске  түсіру.

  1. Сан есімнің  түрлерін ажырата  білуге және сұрақты  дұрыс қойып

үйрену. Есептік  сан  есімді  реттік  сан  есімге айналдыра  білу,

реттік  сан  есімнің жалғауларын  есте  сақтау.

3  Халықтық  педагогикада  кездесетін өлшем  бірліктерін меңгеру,

Күнделікті  өмірде  пайдаланып, қолдана  білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың  көрнекілігі   Жеке  оқушыларға  берілетін  құзіретті  тапсырмалар.

Тірек  сызбалар, интерактивті  тақтамен  жұмыс.

 

Сабақтың  түрі Сұрақ- жауап әдісі, салыстыру,  ой  шақы,  топтық  жұмыс.

 

Сабақтың өтілу  барысы.   1.  Психологиялық  дайындық

 

Әрбір сабақ-үйрену,  ұғу,  ұлағат

Әрбір  ісің  адалдық  пен  адамдық

Гүлдей  жайнап арайлап,

Судай  мөлдір  тазалық.

Сабақты  топпен  жұмыс  жасаудан  бастау.Оқушыларды  үш  топқа  бөлу

 

1-тапсырма.  1-топ        Еске  түсір  Сан  есім  дегеніміз ————-

                                          Оның  сұрақтары  ———————-

2-топ        Сан  есімнің  түрлері ——————

3-топ        Мына  сан  есімдерді  реттік  сан  есімге  айналдыр

 

Үш…. күн,  тоғыз…..  вагон,  екі…..  орын,  жиырма  сегіз….. пәтер.

( қалай  жасалғанын  дәлелдеу)

 

2-тапсырма.  1-топ Мына  сөздерді  сәйкестендір

 

Бір  асым                                          қамыр

Бір жұтым                                        тұз

Бір  ауыз                                           бұлт

Бір  шымшым                                   өлең

Бір  шөкім                                         су

Бір  жайым                                        ет

 

2-топ Сөздер  ойлап  құрастыр. 100-ік, 100-ім,  1 қазан,   жел 90,   6 бақан, тү-1

(Бірқазан,жүзік,жүзім,желтоқсан,алтыбақан,түбір.)

3-топ  Мақалдарды  толықтыр

1.Досыңды  үш  күн  сынама, …..  жыл  сына.

2.Ат  баспаймын  деген  жерін ….  рет  басады.

3.Отыз  тістен  шыққан  сөз …..  рулы  елге  тарайды.

4.Бір  кісі  қазған  құдықтан ….  кісі  су  ішеді.

  1. …. ай аш  болсаң  да, атаңның  салтын  ұмытпа.

6.Ер …. рет  өледі,

Қорқақ  …. рет  өледі.

 

Әртоптан бір-бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды.

 

 

3-тапсырма.  1-топ       Өрмекші  сызбасын  құрастыр.

Үш  қуат                                            Үш  жүз 

 

 

 

Ақыл           Жүрек        Тіл             Ұлы жүз     Орта жүз    Кіші жүз

 

 

2-топ   

Жеті  санына  байланысты сөз  тіркестерін ойлап  жаз.

7 ата    7 жұт    7тиын садақа    7  жоқ     7  апта    

 

3-топ  Осы  сөздерге  анықтама  беру.      Мысалы:

7 жұт→соғыс,оба,өрт,тапан су,мал шығыны,зілзала,қуаңшылық.

7жоқ→Жылқыда өт жоқ

Аққуда сүт жоқ

Аспанда тіреуіш жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ

Тасбақада талақ жоқ

Аллада бауыр жоқ

Таста тамыр жоқ

 

4-тапсырма

1- топ Фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндір.

1.Сегіз қырлы, бір сырлы.

2.Екі езуі екі құлағында.

2-топ 3.Отызында орда бұзбаса,

Қырқында қамал алмайды.

4.Алпысты алқымдаған кісі

 

5-тапсырма

3- топ  Саусақпен өлшенетін қазақы ұғымдарды қолдың қимылымен көрсет.

 

Елі, қарыс, тұтам, шынтақ, құлаш, уыс.

 

Рефлексия:Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға сала отырып тақтаға смайликтер   арқылы өз көңіл-күйлерін орналастырады.

 

Сабақты бекіту:Әр топ қарсылас топтың жұмыстарын бағалай отырып,сабақты

қорытындылау.Сабақтың жүргізілу жүйесінде формативті бағалау қолданылады.Топты бағалау барысында әр топтың жеңімпаздары анықталады.