«Жүзден жүйрік» білімпаздар сайысы.

97

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» білімпаздар сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау,шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру. Өз ой-пікірін қорғай аоуға үйрету.

Жүрісі:  Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Жүзден жүйрік» атты сайысымызды бастаймыз. Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа,жарыстың бірі ескірген

Айнала отырып ап иісі қазақ

Азаматын өзара күрестірген.

Сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық. Сахнаға сайысқа қатысатын 5 оқушы шығады.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Білімпаз балалар өздерін таныстырады.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады. 1-бөлім: «Кім көп біледі?»

2-бөлім: «Тіл-өнер» сайысы

3-бөлім: «Қызықты жетілік»

4-бөлім: «Ата салтың – халықтық қалпың»

5-бөлім: «Жорға»

Сонымен оқушылар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!

1-бөлім: «Кім көп біледі?»   Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысасыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.

Сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

  1. Жаңа әнұран қай кезде шырқалды? (2006ж 1 қаңтар)
  2. Қазақстан Республикасының ақшасы (теңге) қашан енгізілді? (1993ж 15 қараша)
  3. «Кел балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
  4. Басты байлық? (Денсаулық)
  5. Күйді орындаушы адам? (Күйші)
  6. Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)
  7. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж 16желтоқсан)
  8. «Көксерек» кімнің әңгімесі? (М.Әуезов)
  9. а+37 бұл қандай өрнек?               ( Әріпті өрнек)
  10. Жеміс неден пайда болады? ( Тұқымнан )
  11. Құстар қалай көбейеді? (Жұмыртқа салу арқылы)
  12. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айт.
  13. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? (Ы.Алтынсарин)
  14. Абай Крыловтан қандай мысал аударды? («Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі»)
  15. «Алып бала» кім туралы? (Қажымұқан)
  16. Ұя салмайтын құс? (Көкек)
  17. Жұмадан кейін қай күн? (Сенбі)
  18. Орман дәрігері? (Тоқылдақ)
  19. Қазақша жылдың басы? (Тышқан)

ІІ бөлім: «Тіл-өнер» сайысы. Мұнда сіздер сұраққа жауап беріп, жауапты орыс тіліне аударсаңыздар 20 ұпай, ал аудара алмасаңыздар тек 10 ұпай ғана беріледі.

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем – Весна)
  2. Жүз теңгең болғанша, жүз …… болсын. (Дос-Друг)
  3. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.                                           (Кітап —  Книга)

  1. Ұшқан ……., — жүгірген аң (Құс-Птица)
  2. Жеті қазынаның бірі- адамның досы (Ит- Собака)
  3. Шағын мемлекет (Отбасы-Семья)
  4. Футболшының алаңдағы ойын заты (Доп Мячь)
  5. Әрі қызыл,әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты.                                    (Қарбаз-Арбуз)

  1. Жылт-жылт еткен,жылғадан өткен (Су-вода)

ІІІ бөлім:  «Қызықты жетілік»

Бұл кезеңде оқушылар өздері таңдап алған сұраққа жауап береді. Жеңіл сұрақ алғысы келсе 20 ұпайлық, орташа 30 ұпайлық, ал күрделі сұрақ арқылы 40 ұпай жинақтауға болады. Бұл ойынды ұпайы ең аз оқушы бастайды.

20  оң жақтағы:  Қазақ билерін ата?     (Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)

20  сол жақтағы: Шаршының ауданы 36см, периметрі нешеге тең?          (24см)

20  ортадағы: Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?                    (Компас)

30  оң жақтағы:  Әнұранның сөзін жазған кім?         (Ж.Нәжімеденов, Н,Назарбаев)

30  сол жақтағы:  Етістік дегеніміз не?

30  ортадағы:   Киіз үйдің есігі қалай аталады?           (Сықырлауық)

40  сол жақтағы:  Кубтың көлемі 64см , бір қабырғасы қанша см?    (4см)

40  оң жақтағы:  Жеті атаны ата?         (Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

40  ортадағы:  Кесіндінің бестен бір бөлігі 15 см. Ұзындығы қанша?        (75см)

ІҮ бөлім:  «Ата салтың – халықтық қалпың» . Бұл кезеңде салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Сәукелені желегімен кім,қай уақытта киген? (Жаңа түскен келін киген)
  2. Үш арсыз,үш қуатты ата? (Ұйқы,күлкі,тамақ, ақыл,жүрек,тіл)
  3. 7 санына байланысты қандай ұғым бар? (7 киелі сан)
  4. Айтыстың ең көне түрі (Бәдік айтысы)
  5. Қазақтың қандай тұрмыс-салт жырлары бар? (Жар-жар,сыңсу,беташар, қоштасу)
  6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Тоғызқұмалақ,Бестас,Ақсүйек,Ханталапай т.б)
  7. Көне заттарды сақтайтын орын? (Мұражай)

Ү бөлім: «Жорға» Бұл кезеңде белгіленген уақыт ішінде берілген 20 сұрақтың нешеуіне жауап бергеніне қарай ұпай жинайды.

  1. Сиырдың пірі. (Зеңгі баба)
  2. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
  3. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан (масштаб)
  4. Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға ( Президент)
  5. Қара алтын  (Мұнай)
  6. 100 жыл (Ғасыр)
  7. Абайдың әжесі (Зере)
  8. Көру мүшесі (Көз)
  9. Бір өркешті түйе қалай аталады? (Нар)
  10. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)
  11. Заттың санын білдіретін сөз табы (Сан есім)
  12. Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр)
  13. Жаңа туған балаға ат қойып,оны алғаш бесікке бөлеу? (Бесік той)
  14. Ләззат Асанова Кім? (Желтоқсан батыры)
  15. Табиғатта су неше күйде кездеседі? (Үш күйде)
  16. Күз айларын ата? (Қыркүйек,қазан,қараша)
  17. Ас қорыту мүшелерін ата? (Ауыз,өңеш,асқазан, ішек)
  18. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер? (Т.Әубәкіров)
  19. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
  20. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар? (Дауыссыз дыбыстар)

Осымен сайыстың шарттары аяқталды.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?

Әділқазыларға сөз беріледі. Ұпай сандары бойынша сайыс қорытындысы айтылады.