9 саны

75

Ақтөбе облысы,

Темір ауданы,

Ж.Кереев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Ишниязова Айжан Іздашқызы

Сабақтың тақырыбы:  9 саны

Сабақтың мақсаты: 

  1. Оқушылардың 9 санының құрамымен таныстыру. 9 көлеміндегі қоcу, азайту амалдарын орындату, қатесіз, тез ауызша есептеуге үйрету.
  2. Ойын есептер арқылы ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытып, топпен жұмыс жасай алуға дағдыландыру. Сабаққа қызығушылығын арттыру.
  3. Оқушыларды тапқырлыққа тәрбиелеу. Еліміздің болашағына деген сенім мен білімнің әрқашан қымбат екенін түсіндіру.

 

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: ойын суреттері, оқулық, асық, 9 санының құрамына байланысты балықтың суреттері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

Балалар, бүгін сендер күндегіден де көркемсіңдер. Сендерді әдемі де, көркем етіп тұрған үстеріңе киген ұлттық киімдерің.

Бүгін , біз саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығар алдында қоржыннан асық алу арқылы тобымыздың атын анықтап алайық.

1-номерлі асықты алған топ «Балдырған» тобы.

2-номерлі асықты алған топ «Еркетай » тобы болып бөлінеді.

Саяхатымызды бастамас бұрын өзімізді-өзіміз тексереміз.

  1. Өткен сабақты пысықтау.

а) 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау ( асық санау)

ә) «Көршілер» ойыны. Мына сандардың көршілерін табайық.

 

б) Ойын «Дұрыс ата»

Қосудың компоненттерін атау.

Азайтудың компоненттерін атау.

в) Ойын «Кім жылдам?»

 

8 санының құрамын қайталау. Мысалдардың тек жауабын ғана айту.

 

8 7 6 5 4
       

 

  1. Жаңа сабақ.
  • Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
  • Президентіміз кім?
  • Осы елдің болашағы кімдер?
  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
  • Астана қандай қала? (Оқушылардың жауабы тыңдалады)

 

Елордамыз Астана күннен күнге көркейп келе жатыр. Бүгінгі сабақта Астана қаласындағы ең әсем, ең биік ғимарат «Бәйтерекке» саяхат жасаймыз. Саяхатқа дайынбыз ба? Ойын арқылы сабағымыздың тақырыбын білейік. Ойынның аты «Қателеспей жолды дұрыс тап». Ойынның шарты бойынша орны ауыстырылған әріптерді дұрыс қойсақ, тақырыбымыздың, яғни жолымызды дұрыс табамыз.

 

6-2 Ы
3-2 Т
3+2 З

 

1 2 3 4 5
Т О Ғ Ы З

 

Демек бүгінгі тақырыбымыз «9 санының құрамы» Саяхатымызды бастайық.

«Бәйтерек» қай жерде орналасқан? (Бәйтеректің суретін көрсету).

«Бәйтерек»- Тәуелсіздіктің символы. Оның ұзындығы -97м.

Қазақстан Тәуелсіздігін алғанына 21 жыл толды. Бүгінгі сабақта, біз Бәйтеректің ең төбесіне шығып, өз арман-тілектерімізді айтамыз.

«Бәйтерек» үш бөліктен тұрады.

  1. Төменгі бөлік
  2. Негізгі бөлік
  3. Ғажайып шар

Ал, енді төменгі бөлікке кірейік. Төменгі бөлікте бізді екі күзетші қарсы алды. Күзетші ағайларға амандасып, өлең айтып берейік.

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам-

Әсем қалам, бас қалам!

Енді «Бәйтеректің» ішіне кіреміз. Төменгі бөлікті аралап қызықтаймыз.

  • Мынау не?
  • Аквариум
  • Аквариумда нелер өмір сүреді?(Оқушылардың жауабы тыңдалы)

а) Аквариумдағы балықтар бойынша 9 санының құрамын түсіндіру.

9                    9                   9              9

1      8             2       7           3     6       4     5 

 

 

9                    9                   9              9

5     4              6       3           7     2         8    1

 

     Балалар, Бәйтеректің негізгі бөлігіне кіру үшін бізге не қажет? (Билет)  Ендеше, билет алу үшін тапсырма орындауымыз қажет.

ә)  Оқулықпен жұмыс.

№ 1 – сурет бойынша түсінік.

 

 

Теңдіктер құру.

8+1=9               7+2=9       6+3=9    5+4=9

1+8=9               2+7=9       3+6=9    4+5=9

9-1=8                9-2=7       9-3=6     9-5=4

9-1=8                9-7=2       9-6=3      9-4=5

 

№2. Салыстыру.

9 см  > 8см

 

Тапсырмаларды орындадық, енді кассадан билет алайық.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

Қолымыздағы билетпен лифтке кірейік. Яғни негізгі бөлікке келдік. Лифт туралы не білеміз. (Оқушылардың жауабын тыңдау). Лифттің ішінде тапсырмалар орындаймыз.

 

б) Дәптермен жұмыс жүргізу. Өз бетімен жұмыс.

 

 

 

 

 

6
4
1
2

 

в) Оқулықпен жұмыс.

№ 3 Өрнектерді салыстыру.

 

9-1 * 8-4                   6+3 * 2+4

5+3 * 9-7                  9-5 * 4+3

9-8  * 3+0                 1+8 * 5+2

 

Сергіту сәті.

 

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Юестік баға аламыз,

Үлгілі бала боламыз.

 

Негізгі бөліктің тапсырмасын орындадық. Енді ғажайып шарға кірейік.  Шардың ішінен не көріп отырсыңдар?

Әр түрлі гүлдер өсіп тұр. Гүлдердің жапырақтарына байланысты «Ойлан, тап» ойыны ойналды.

Ғажайып шардың ішінен қараймыз. Астана қаласының суреттерін көрсету арқылы қаланы аралау. Астанада көптеген әдемі сәулетті ғимараттар бой көтерді. Астана шексіз сәулетті. Міне, балалар, біз сендермен Астана қаласына саяхат жасадық.

 

  1. Сабақты қорыту:
  2. Әр бөлікті қорыту.
  3. «Кел, ойнайық» ойыны.

 

    9-5

                                       4

                              9-6

                               3

                       9-7

                         2

            9-8

             1     

 

  9-9

   0

 

 

 

Әрбір жоғары шыққан бала, қолдың бейнесі салынған дөңгелекке қолын қойып, өз арман-тілегін айтады.

 

  • Бүгін біз қандай сабақ өттік?
  • 9 санының құрамымен таныстық.
  1. Үйге тапсырма: № 4 (түсіндіріп беру)
  2. Оқушыларды бағалау.