Қош бол, құтты Әліппем!

87

Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!

Мақсаты: оқушылардың әліппеден арналған білімдерін ортаға салу. Олардың кітап оқу шеберлігін, тақпақ айту мәнерін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.

Көрнекілігі: «Қош бол, құтты Әліппем!» атты слайд, шарлар, гүлдер.

Ертеңгіліктің барысы:

Мұғалім:

Құрметті қонақтар, бүгін гимназия- интернатының 1-сынып оқушылары алғашқы оқулығы- Әліппемен қоштасқалы отыр. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бір саты көтеріліп, білімдерін ортаға салмақшы. Бүгінгі таңда бұл балалар -есі кіріп, жауапкершілікті түсінетін нағыз оқушылар. Бұл той барлығымызға ортақ. (слайд- шоу)

1- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, қадірлі аталар!

2- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, ақылды әжелер!

1- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, асқар таудай әкелер!

2- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар!

1- жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, сүйікті ұстаздар!

Бірге:

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

2- жүргізуші

Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесі қарсаңында өтіп жатқан «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

1- жүргізуші:

Болашағы елімнің

Басталады біздерден деп,

ортаға 1-сынып оқушыларын шақырайық.

2- жүргізуші:

Қарсы алайық! Мухамеди Адия

1- жүргізуші: Жансеитова Даяна

2- жүргізуші: Салимгерей Айдана

1- жүргізуші Исимбаева Жанна

2- жүргізуші: Серғалиева Алина

1- жүргізуші: Курмантаева Асель

2- жүргізуші: Иркенбулан Алина

1- жүргізуші: Мырзабаева Айкүміс

2- жүргізуші: Сарсенова Айкерім

1- жүргізуші: Кабдулмажитова Айгерим

2- жүргізуші: Жакупова Даникер

1- жүргізуші: Капен Айгерим

2- жүргізуші: Минайдар Амира

1- жүргізуші: Тулебаев Мансур

2- жүргізуші: Ербулан Алишер

1- жүргізуші: Негмеджан Алимжан

2- жүргізуші: Ағзам Әмір

1- жүргізуші: Төкенов Нұрлан

2- жүргізуші: Серік Аблай

1- жүргізуші: Қайырбек Мағжан

2- жүргізуші Шалбай Алишер:

1- жүргізуші: Темірболатов Дамир н

2- жүргізуші: Нурмаханов Рамаза

1- жүргізуші: Ахметов Алишер

Мен — Куанганов Жамшид

2- жүргізуші: Және мен — Саянова Асемгуль

Қазақстан Республикасының Гимні

1- жүргізуші:

2- жүргізуші

І жүргізуші:  Іші толған әріпке.

ІІ жүргізуші:  Білімдегі жарық не?

Хормен оқушылар: Болашаққа жол ашар Ол сүйікті — Әліппе!

Әліппе: Барлық әріп бағалы,

Сөзге тірек болады.

Жетелеймін білімге,

Мені сүйген баланы.

Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім. өзімнен бастау алып, білімдеріңді әрі жалғастыратын достарың «Ана тілі» оқулығын шақыра келдім:

Ана тілі: Ана тілің – арың бол,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте – деп, ақын ағамыз айтқандай, мен ана тілі оқулығымын. Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланып та келдім.

І жүргізуші:  « Әліппе » — біздің білім бесігін ашқан оқулығымыз болса, « Ана тілі » сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болады.

ІІ жүргізуші: Ендеше, төрге шығып, төрлетіңіздер, өнерімізге ортақ болыңыздар.

 І жүргізуші:  Жақсы білім – көрімдік.

Болсын сізге халайық.

ІІ жүргізуші:  Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық!

 

1.

Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

 

Сөйледі олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды.

Тыңдай бердім мен жұтып,

Тіл біткен тақпақ, жырларды.

2.

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе- білім бесігі.

 

Қош бол, құтты Әліппем!

Тіл тұсауын кестің сен.

Аялы анам болып сен,

Айыбымды кештің сен.

3

Келгенімде алдыңа

Қызыл- жасыл гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

«Шәкіртім» деп қуанып.

 

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

4

Өркенім өссін десең, кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма-

Өскеніңді өшірерсің.

8

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз

 

Ән Нұрмаханов Рамазан

5.

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

 

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең, табылар

Бар жақсылық басыңнан

6

Көмірдің аты жанумен шығар.

Балғаның аты қағумен шығар.

Қашаудың аты бекумен шығар.

Батырдың аты жеңумен шығар.

 

Жомарттың аты берумен шығар.

Ақынның аты жырлаумен шығар.

Шәкірттің аты тыңдаумен шығар

7

Анам күнім, жүрегім,

Әкем өмір тірегім.

Мен бақытты ұланмын,

Бәрі маған қуансын.

 

Әжем асыл ардағым,

Атам дана қорғаным.

Мен бақытты ұланмын,

Бәрі маған қуансын.

9

Алақай-ау, Алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай»

Осыдан да көлемді

 

Оқи алам өлеңді.

Бардым биыл мектепке,

Оқушымын мен енді!

Ән

 

10

Бау-бақша, белдер,орман, тау, көлдер

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті асқан, сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.

Жадырап күндей, жайнаған гүлдей-

 

Бақытты біздер баламыз!

Өзіміз туған, көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып, көңілге тоқып-

Білімді адам боламыз

11

Зеңгір көктен нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен, жайнап өскен

Біз өмірдің гүліміз

 

Бал достыққа, жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта, нұр құштық та,

Бақыттымыз бәріміз!

 

12 Бірге

Екі көің не үшін керек?

Құлақ деген не үшін керек?

Екі қолың не үшін керек?

 

—         Жақсыларды көру үшін!

—         Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

—         Елге көмек беру үшін!

 

13

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем , жақын кеп

Сәлем берем ізетпен,

Ассалаумағалейкум!-деп

 

Алдан әже жолықса,

Бөгелем кеп әдейілеп.

Сәлем берем сол тұста,

Есенсіз бе, әжей!-деп.

Би

 

14

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Жақсы болу — өзіңнен,

Жаман болу — өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

15

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

 

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай

16

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

 

Жақсы көрер бар адам.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай

17

Әрбір іске жауапты,

Бала болам талапты.

Уәдесінде тұратын,

Адам болам салмақты.

 

Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салайық.

Тек мақтанбай, жасқанбай,

Сұлу жанды болғайық!.

16

Таудай бол!- дер атам да

Таудай бол! – дер апам да.

Асқар таудай жігіттер

Қажет дейді Отанға.

Желкілдеген баудай көк

Балдырғандар балдай көп-

 

Өсіп келе жатырмыз

Бір-бір асқар таудай боп.

Жаттап ертек, мол аңыз,

Өсіп, өніп толамыз

Алатаудай айбынды

Ел қорғаны боламыз.

Ән

 

17

Бүгін титтей баламын,

Әлі-ақ жігіт боламын.

Сонда, мүмкін, мен ғалым,

Әлде банкир болармын.

Ел сыйлайтын мұғалім,

Әлде шахтер болармын.

 

Сонда аспаз, не әртіс

Не дәрігер болармын.

Әлде, әлде… Білсеңдер,

Жалғыз ғана талабым:

Ер жеткенде, ел сенер

Нағыз адам боламын!

18

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.

 

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ болып шабамыз.

Болашаққа талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

19

Алтын ұям – мектебім,

Біліміңмен көктедім.

Саған деген жүректе

Ақ алғысым көп менің.

 

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппем…

20

Кім ұғады оқушының тілегін,

Кім ұғады оқушының жүрегін.

Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,

Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.

21

Өсті міне, бойымыз,
Өсті міне өйымыз,
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз!

Көрініс
22

Төтеп беріп барлық сынға

Біз жетеміз не бір шыңға.

Жол табамыз білім алып,

Ант етеміз баршаңызға!

23

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

26

Қош бол, ұлы Әліппем!

Білімге жол бастадық.

Қиындығын, қызығын

Осы кезде байқадық..

 

Ыстықсың бізге, Әліппе!

Азамат қылу тілегің.

Кетсек те біз қоштасып,

Бізбен бірге жүрегің.

Ән

 

 

Әліппенің  батасы:

Оқуда зейінді болындар,

Еңбекке бейімді болыңдар,

Ақ жол болсын қабақтарың,

Күнделіктерің беске толсын,

Әумин!

Ана тілі:

Құрметті « Әліппе ». Біз де саған ақ жол тілейміз! ( Әліппе кетеді )

І жүргізуші:   Рахмет  «Ана тілі». Дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Бізбен бірге болыңыз.

Гимназия-интернатының гимні

ІІ жүргізуші:  Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.

Балалар есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Әжелер шашу шашады, тілек айтады

І жүргізуші: Сөз кезегін гимназия-интернатының директорының орынбасары Бұлбұл Ахмадиқызына береміз

1- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, қадірлі аталар!

2- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, ақылды әжелер!

1- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, асқар таудай әкелер!

2- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар!

1- жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, сүйікті ұстаздар!

Бірге:

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

2- жүргізуші

Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесі қарсаңында өтіп жатқан «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

1- жүргізуші:

Болашағы елімнің

Басталады біздерден деп,

ортаға 1-сынып оқушыларын шақырайық.

2- жүргізуші:

Қарсы алайық! Мухамеди Адия

1- жүргізуші: Жансеитова Даяна

2- жүргізуші: Салимгерей Айдана

1- жүргізуші Исимбаева Жанна

2- жүргізуші: Серғалиева Алина

1- жүргізуші: Курмантаева Асель

2- жүргізуші: Иркенбулан Алина

1- жүргізуші: Мырзабаева Айкүміс

2- жүргізуші: Сарсенова Айкерім

1- жүргізуші: Кабдулмажитова Айгерим

2- жүргізуші: Жакупова Даникер

1- жүргізуші: Капен Айгерим

2- жүргізуші: Минайдар Амира

1- жүргізуші: Тулебаев Мансур

2- жүргізуші: Ербулан Алишер

1- жүргізуші: Негмеджан Алимжан

2- жүргізуші: Ағзам Әмір

1- жүргізуші: Төкенов Нұрлан

2- жүргізуші: Серік Аблай

1- жүргізуші: Қайырбек Мағжан

2- жүргізуші Шалбай Алишер:

1- жүргізуші: Темірболатов Дамир н

2- жүргізуші: Нурмаханов Рамаза

1- жүргізуші: Ахметов Алишер

Мен — Куанганов Жамшид

2- жүргізуші: Және мен — Саянова Асемгуль

Қазақстан Республикасының Гимні

1- жүргізуші:

2- жүргізуші

І жүргізуші:  Іші толған әріпке.

ІІ жүргізуші:  Білімдегі жарық не?

Хормен оқушылар: Болашаққа жол ашар Ол сүйікті — Әліппе!

Әліппе: Барлық әріп бағалы,

Сөзге тірек болады.

Жетелеймін білімге,

Мені сүйген баланы.

Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім. өзімнен бастау алып, білімдеріңді әрі жалғастыратын достарың «Ана тілі» оқулығын шақыра келдім:

Ана тілі: Ана тілің – арың бол,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте – деп, ақын ағамыз айтқандай, мен ана тілі оқулығымын. Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланып та келдім.

І жүргізуші:  « Әліппе » — біздің білім бесігін ашқан оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болады.

ІІ жүргізуші: Ендеше, төрге шығып, төрлетіңіздер, өнерімізге ортақ болыңыздар.

 І жүргізуші:  Жақсы білім – көрімдік.

Болсын сізге халайық.

ІІ жүргізуші:  Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық!

Әліппенің  батасы:

Оқуда зейінді болындар,

Еңбекке бейімді болыңдар,

Ақ жол болсын қабақтарың,

Күнделіктерің беске толсын,

Әумин!

Ана тілі:

Құрметті « Әліппе ». Біз де саған ақ жол тілейміз! ( Әліппе кетеді )

І жүргізуші:   Рахмет  «Ана тілі». Дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Бізбен бірге болыңыз.

Гимназия-интернатының гимні

ІІ жүргізуші:  Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.

Балалар есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Әжелер шашу шашады, тілек айтады

І жүргізуші: Сөз кезегін гимназия-интернатының директорының орынбасары Бұлбұл Ахмадиқызына береміз