Таңертеңгі жаттығулар

253

Тақырыбы: Таңертеңгі жаттығулар

Мақсаты: 1. Таңертеңгі жаттығулардың маңыздылығын білу.Таңғы жаттығуға уақыт арнаса, уақыт үнемдейтінін ұғыну.

  1. Таңертеңгі жаттығуларды жасауға дағдылану.
  2. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, «Қара жорға» биінің музыкасы, ақ қағаздар, түсті қарындаштар, фотолар, спорттық аяқ киім.

 

Сабақ барысы

І. Қызығушылығын ояту

Сабақты таңертеңгі жаттығумен бастау

  • Таңғы жаттығуға уақыт бөлсең, бір күн бойы шаршамай, өзіңе күш жинайсың. Сондықтан көбірек еңбектенуге мүмкіндік аласың.

 

ІІ. Мағынаны ашу

  1. Жұппен жұмыс ( дайындыққа 1 минут уақыт беру)

Әр жұпқа түрлі жануарлардың суреттерін тарату. Тапсырма: Берілген жануардың қимылын қайталап көрсету. Екі оқушы  қимылды бірдей жасауға тырысу.

Қорытынды: адамдар әрдайым қоршаған ортадан үйренеді

  1. Минутқа киіну. Тапсырма: Оқушылар аяқ киімдерін ауыстырып киеді. Тез және дұрыс кию. Ауыстырған аяқ киімін жинап қою. (музыка үнімен үнсіз орындайды, музыка әуені біткенде тоқтатады)

Қорытынды: тез және ұқыпты киінуге жаттығу

  1. Мамандықтардың атауларын не суреттерін тарату. Тапсырма: дененің қай бөлігі шаршайтынын анықтау және дәлелдеу
  2. «Мен айналысатын спорт жайында.» Оқушылар өздері айналысып жүрген спорт түрі жайлы әңгімелеп береді. Фото не сурет көрсетеді.
  3. «Қара жорға» биінің қимылдарын үйрену. Музыка әуенімен билеу.

 

ІІІ. Ой толғау

Сурет салу және көрме ұйымдастыру. «Мен және спорт»

  • Балалар, бүгін не туралы әңгімелестік?
  • Таңғы жаттығу не үшін қажет?
  • Жаттығуға уақыт жете ме?
  • Қазақтардың қай биі дене жаттығуына арналған?
  • Көрмедегі суреттер жайында үзілісте бір-біріңе айтып беріңдер.