Тапқыр болсаң,тауып көр

Атырау қаласы,Жаңаталап селосы,

Жамбыл орта мектебінің

Бастауыш сынып мұқғалімі

Башиева Ақерке Шамилқызы

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң,тауып көр»

Мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып,ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту,логикалық ойлауын,шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіру.

2.Оқушыларды ана тілін сүюге,адамгершілік ізгі қасиеттер қалыптасытру, тереңнен ой толғауға үйрету.

3.Топпен бірлесіп ұйымшылдықпен  жұмыс жасауға,шығармашылық ізденістерге баулу.

Сайыстың жүру барысы:

Сайыс кезеңдері:

1.Таныстыру.

2.Бәйге жарыс

3.Сөзжасам

4.»Кім көп біледі?» Ана тілі

  1. «Кім жылдам?» математикалық сайыс
  2. Ұшқыр ой сайысы «Дүниетану»

7.Балғын балалық шақ.

Сайысқа  қатысатын топ атаулары: «Алғырлар», «Тапқырлар»

1-жүргізуші: Армысыздар,мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп ,инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Білімменен сусындатқан біздерді.

2-жүргізуші:    Армысыздар,оқушылар,балғындар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

2-ші сынып оқушыларын қарсы алыңдар

1-жүргізуші:      Ал келіңдер,келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

2-жүргізуші:    Құрметті  ұстаздар мен оқушылар !

Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді

саралап,өнерімізді ортаға салмақпыз.

1-жүргізуші:     Біліміміздің артып,санамыздың өскенін,сөз

байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

2-жүргізуші:     Олай болса,2-ші сыныптар арасында «Тапқыр

болсаң,тауып көр» атты сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:    Кім жеңді,кім жеңілді деп жүрмейік,

Әділ-қазы бағасына жүгінейік.

Сайысқа баға беріп,сөз айтатын,

Қазыларға төрден орын берейік.

Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз: Бибігүл  апай,Малика апай,Айжарқын апай.

2-жүргізуші:       Алғашқы кезегіміз таныстыру,

Топтарды бір-бірімен табыстыру.

Айдар таққан атауларын қорғайтындай

Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.

Топтар өзара кезегін анықтайды.

«Алғырлар»           Армысыздар,ұстаздар мен оқушылар,

Білімді санасына тоқушылар.

Білімімен,өнерлерін ортаға сап,

Шықты міне,Алғырлар атты сайысшылар.

 

Топ атын алғыр қойған алғырлармыз,

Шетімізден білімді балғындармыз.

Топ жарып,алға шығып озып жатсақ,

Бұл қалай болды екен деп таң қалмаңыз.

Біздің  топ ұраны: Нақты жауап,саналы шешім береміз,

Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!

«Тапқырлар»        Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,

Жарыс көрсе күш-қуаты жалындар.

Логикалық тапсырмалар шешуде,

Алдыңғы топ қатарынан табылған.

Біздің топ ұраны: Тапқыр болу-ізгі арман,мұратымыз,

Талмасын әрдайым да қанатымыз!

 

2-кезең: «Бәйге» жарысы:

1-жүргізуші:        Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие-тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол алда.

Келесі кезекті Бәйге жарысқа берейік:

  1. Жыл мезгілдерін ата?

2.1 жылда неше ай бар? Екі жылда ше?

  1. 1 аптада неше тәулік бар?
  2. 1 тәулікте неше сағат бар?

5.1 сағатта неше минут бар?

6.Ж.Жабаев қанша жыл өмір сүрген.?

7.Жұмбақ:  Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара   (Жыл,ай,күн мен түн)

8.5 жыл бұрын Айжан 3 жаста болды.Қазір жасы нешеде?

 

1-жүргізуші:  Сөзжасам бұл әркімге ой салады,

Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.

Сөзден-сөз шығаруға жетік болсаң,

Сөзжасам кезегі енді басталады.

3-кезең: «Сөзжасам;  Балдырған,  Жауқазын

2-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелсең жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат –сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен ертеңі,

Ана тілі пәнінен сараптаймыз

Сұрақтар мен тапсырмалар тізбегін.

4-кезең: «Кім көп біледі?» Ана тілі пәні

1.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім? Кел,балалар,оқылық! Өлеңін  жатқа айт:

2.Күн шыққанда өлеңінің авторы кім? Өлеңді жатқа айт

3.Абай Құнанбаев кім? Туған жерін ата?

4.Абай өлеңдерін еске түсір

-Күз

-Ғылым таппай мақтанба

5.Ертегі түрлерін ата?

 

5-кезең: Математикалық сайыс:

1-жүргізуші:     Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін математикаға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік!

«Кім жылдам?» ойыны:

15-10  ж            19-10   р              17+3с          15+15 т

10+6    й            20-6  а                20+5ә          20+20 л

12+2    а           19+2    ы             35+2  і         30+7  і

27-7   с             23+3 ң                40-10т         70-20 к

 

 51491416202126
Жарайсың

 

2025303037403750
сәттілік

 

1.Мен бір сан ойладым,оған 30-ды қосқанда 80 шықты.Мен қандай сан ойладым?

2.1 дм неше см бар?

  1. Ең үлкен бір таңбалы сан, ең кіші екі таңбалы сан, ең кіші үш таңбалы санды ата?

4.10 ондық  неше бірлік ?

  1. 3 онд.8 бірл. 9 онд,5 бірл 6 онд.о бірл        8 онд.7 бірл

 

 

Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (5қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 7 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (12алма)
6-кезең:

2-жүргізуші:  Халқымыз шешендігімен танылады,

Жүйрік тіл,ойлы сөзі мағыналы.

Шешен тіл,мақал сөзбен сөз бастаса,

Көпшілік басын изеп бағынады.

Мақал сайысы:

7 кезең:

1-жүргізуші:    Айналадағы дүниенің

Тылсымы көп ғажайып,

Қызықтырған әлемге

Кәне назар салайық!

  1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
  2. Құлағы үлкен жануар? (піл)
  3. Ағаш тазалайтын орман дәрігері (тоқылдақ)
  4. Шөлге шыдамды жануар? (түйе)
  5. Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын   көл-шалшықта

Бірін – бірі мақұлдап,

Бірін – бірі жақтайды?   (бақа)

  1. Мойыны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы?      (аққу)

8-кезең: «Балғын балалық шақ» Өз шығармашылықтарын қорғау.

 

2-жүргізуші:   Сайыстың ақыры да таяп қалды,

Топтағы өрендер де шаршап қалды.

Сайыстың қорытындысын білу үшін,

Қазыларға сөз кезегін ұсынады.

1-жүргізуші:Жарайсыңдар барлығың да өренім,

Асып-тасып төгілді ғой кемелің.

Риза болды қатынасқан көрермен,

Сайыстағы бар қызықты көргендер.

2-жүргізуші: Қош болыңдар,тыңдаушылар,көрермен,

Шықтық-ау деп ойлап тұрмыз көңілден.

Сайысымыз аяқталды бүгінгі,

Өрелі ой,жұмбақ сөзден өрілген.

Қош сау болыңыздар!