Аққу, құс қанаты элементінен ою-өрнек жасау

97

Сабақтың  тақырыбы: Аққу, құс қанаты  элементінен  ою-өрнек  жасау

Мақсаты:  Оқушыларға қазақтың ұлттық  ою-өрнектер өнерін  өнерін  үйрету  үстінде   эстетикалық  талғамдары мен өнерге  деген шеберлік  ынта – қабілетін  арттырып  дамыту.

Көрнекіліктер: А3 қағазына  салынған  «құс қанаты» элементі.»ТМ» қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз,  түрлі – түсті  мата, қайшы, желім, ине, жіп.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

Карточка арқылы  жұмыс  істеу.

 

Жаңа сабақ.

Оқушыларға ою-өрнектер  туралы  толық  мағлұмат  берген соң, қағаз  қайшы алып, ою-өрнекті оңай, аз  уақыт  алатын  тәсілмен «құс қанаты» элементін  түрлендіріп, басқаша  ою-өрнекті   қиып  көрсетуге болады.   Ілулі  тұрған  үлгіге  қарап,  көрсетілген  әдісті  пайдаланып,  түрлі-түсті  қағаздан  қия  бастаймыз.  Қиып  алынған  ою-өрнек   өз  түс  үйлесіміне  сай  қағазға  желімделінеді.   Осы  орындалған  жұмыс  дұрыс  болғангнан  кейін ғана  матаға   ою- түсіреміз.

 

 

Сергіту сәті.

 

Бүктеу бағыты

 

Қорытындылау.

Жасалынған жұмыстар  салыстырылып, бағаланады.

 

Үйге  тапсырма:  Құс қанаты ою -өрнегін   түрлендіріп  жасап  келу.