Туған жер Қ. Мырза Әли

57

Тақырыбы: Туған  жер Қ. Мырза Әли

Мақсаты: «Отан», « сүйіспеншілік», « туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

— Отан, сүйіспеншілік , туған жер туралы түсініктерін кеңейту;

— туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

— туған жерін сүюге , қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: туған жер  туралы  мақал-мәтелдер,Шалқардың  суреттері

Барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй  тапсырмасы  «Ғасыр  саңлағы»

1Тізбектей  оқыту

2.Мазмұнын  сұрау(3-4оқушы)

3.Сұрақ-жауап арқылы бекіту

а) Әңгімедегі Тоқтар кім?

б)Анасы  екеуі  келе  жатып қандай көріністі тамашалады?

в)Тоқтар  кішкентай  кезінен кім  болуды  армандады?

г) Тоқтар  қай  жылы  ғарышқа  ұшты?

д) Тоқтар  туралы  тағы  не білесіңдер? (оқушылар  жауабы )

(1-слайд)

 

Сергіту сәті

Қуанамын  мен де,

Қуанасың  сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап  атқан  күнге!

Жаңа  сабақ

Қ.Мырза Әли «Туған  жер»

Қ.Мырза Әли туралы  мәлімет (2-слайд)

Aқын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылыҚазақмемлекеттікуниверситетініңфилологияфакультетінтәмамдаған.Еңбекжолынсолкездежаңаданашылғанбалаларжурналы«Балдырғаннан»бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімініңмеңгерушісі, жауаптыхатшы, бас редактордыңорынбасары, 1968-1973жылдары«Жазушы» баспасындақазақпоэзиясыбөлімініңмеңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейінҚазақстанЖазушылародағында поэзия секциясыныңкеңесшісі болған.1966 жылы «Ой орманы» жинағыүшінҚазақстан Ленин комсомолыныңсыйлығыберілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыркітабыүшінҚазақ КСР Мемлекеттіксыйлығының лауреаты атанды. ОлҚазақстанныңхалықжазушысы. 2001 жылыТәуелсіз «Тарлан» сыйлығыналды. 2011 жылы қайтыс болды

  • Балалар сендер  хайуанаттар  бағына барып  көрдіңдер ме?(Оқушылар  жауабы) (3слайд)
Қайран зыл құмым-а

Бұл хайуанаттар  бағы.Мұнда Үнді пілінен  бастап  Бетпақдаланың Батбатына  дейін  бар.

Батбат дегеніміз-кәдімгі кесірткенің  бір түрі.

Кесіртке,көлбақа,пингвин бала  кездері естеріне  түсіп,көңілдері  құлазып туған  жерлерін

еске алады.(4-слайд)

Қайран қызыл құмым-ай!

 

 

Ауыздарыңа Арктика мен Антарктида неге түспейді?
Сен бетпағыңды, мен батпағымды сағындым

 

 

Бұлардың  үшеуінің  де  айтқаны  дұрыс.Өйткені әркімнің туған жері өзіне  ыстық  болып көрінеді.

-Балалар сендердің  туған  жерлерің қалай  аталады?(оқушылар жауабы  тыңдалады)

-Шалқар

-Биыл біз Шалқардың неше  жылдығын  тойлағалы отырмыз?

-80 жылдық мерекесі  екен.

Олай  болса  өзіміздің туған  жеріміз  туралы  қысқаша  айтып  өтейік

Шалқар  Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының орталығы, қала ірі темір жол станциясы. Тарихқа жүгінсек, сонау 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік-батыс беткейіне, Шалқар көлінің жағасына қазақ шаруалары келіп, қоныс тебеді.Олар бұл өңірде мал шаруашылығымен айналысып, алғаш жеркепе үйлер салған. 1901-1903 жылдары осы өлкеде Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы басталып, алғашқы өнеркәсіп орны-Шалқар паравоз депосының іргетасы қаланды. 1932 жылы  Шалқар ауданы болып құрылады. (Шалқардың құмы,көлі,эмблемасын көрсету    5-слайд)

Балалар үнтаспаға қосылып, «Шалқар вальсі»әнін айтады.

Әркімге өзінің туып өскен жері, оның сылдырап аққан суы, биік таулары, ағаштары, хош иісті гүлдері де ыстық. Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махаббатын, Отанына сүйіспеншілігін , мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді. Ақын – жазушыларымыз туған жердің сұлу табиғатын, байлығын жырласа, суретшілеріміз суретін салады.

Ұлтарақтай  болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат  төбеліндей  болса да,

Туып  өскен ел  қымбат.

 

Дәптермен жұмыс

Туған жер  туралы  мақал –мәтелдер жазу.

Туған  жер-алтын  бесік.

Туған  елдей ел болмас,туған  жердей  жер  болмас.

Сөздік  жұмыс

Жұмақ-рақат орын,пейіш.

Қорытындылау.

Бағалау .

Үйге тапсырма беру