Сандар әлеміне саяхат

 

Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат
Мақсаты: 1.Білімді, жан — жақты болуға, білуге деген қызығушылығын арттыру.

                   2.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру.
3.Ұлттық тәрбие бере отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Слайдтар, мақал — мәтелдер, кеспе есептер, ғарыш кемелері.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сайыстың барысы:
Мұғалім сөзі: Балалар, математикалық апталыққа арналған бүгін біз сайыс — сабақ өткіземіз. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» дегендей, математикадан алған білімдерімізді осы сайыста шыңдайтын боламыз. Енді ойын шарттарымен таныстырайын.
Топтастыру. Әр топ өз девиздерін айтады. Топ басшылары өздерін таныстырады.

«Қызықты шаршылар». Топ басшылар сайысы
Сандар сыры. Топаралық жарыс.
«Кім шапшаң?» Ғарыш кемелерімен тапсырмалар беріледі.
Мақал — мәтел сайысы. Кубизм әдісі.
Қорытындылау. Топ басшыларына сөз беріледі.

Шарт бойынша І кезең. Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 топ: «Болашақ» тобы. Девизі: «Еліміздің болашағы біз боламыз!»
2 топ: «Білім» тобы. Девизі: «Білімді мыңды жығады».
3 топ: «Достық» тобы. Девизі: «Бәріміз біргеміз берік іргеміз!»

І кезең: «Қызықты шаршылар».

Топ басшылар сайысы:
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Сұрақтар: 1. Сабалақ деген атпен 7 жасында Абылайды қай би өз қамқорлығына алды?(Төле би)
2. 7 күндік аптаны енгізген мемлекет? (Вавилондықтар)
3. Кубты қалай табамыз? (Үш өлшеммен: енін, ұзындығын, биіктігін көбейту)
4. Ені мен ұзындығын көбейту арқылы нені табамыз? ( ауданды)
5. Ағайынды 5 жігіт келеді. Әрқайсысында бір-бірден қарындасы бар. Барлығы неше ағайынды? (6)
6. Мен 1 адаммен келемін. Ол әкем емес. Ол кім маған? (анам)
7. 7 ғаламды атаңыз. (Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Аспан, Жер, Жерасты)
8. Мына геометриялық фигуралардан не құрастыруға болады? (құс ұясын)
 

 

 

ІІ кезең. Сандар сыры.
3 топқа үш санға байламдар айту тапсырылады.
І топ: 7 санының сырын ашу.
ІІ топ: 5 санының сырын ашу.
ІІІ топ. 3 санының сырын ашу.

ІІІ кезең. «Кім шапшаң?»

Апталықтың ашылуы 12 сәуір – ғарышкерлер күнімен қатар келді. Ғарышқа қай топ алғаш боп ұшады?
Топтарға ғарышкерлер кемесіне жазылған тапсырмалар беріледі. Қай топ 1 — ші болса, сол топ ұтады.
♦ І топ тапсырмасы:
1) Сөзжұмбақ шешу.
1. Жеті күннің бірі.
2. ___ ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
3. 21: 3 нешеге тең?
2) Ауызша сұраққа жауап беру.
♦ ІІ топ тапсырмасы:
Сөзжұмбақ шешу.
___ атасын білмеген жетесіздің белгісі (Жеті)
Үш жұрттың бірі.
99: 33 нешеге тең?
2)Ауызша сұрақтарға жауап беру.
♦ ІІІ топ тапсырмасы:
1) Сөзжұмбақ шешу.
Бір елі ауызға ______ елі қақпақ.
Жұма нешінші күн?
25: 5 нешеге тең?
2) Ауызша сұрақтарға жауап беру.
ІҮ кезең. Мақал — мәтел сайысы. Кубизм әдісі

1.___ аяқтыда бота тату,___ аяқтыда бөле тату.
2.___- лік болмай, тірлік болмас.
3.___ — еуі түгел болса, төбедегі келеді, ___- ауы ала болса, ауыздағы кетеді.
4. Білімді ______- ды жығады, білекті ____- ді жығады.
5. Ағайын ___ — ау, ана ___ — еу.
6. Жігіттің құны ______ жылқы, ары ______ жылқы.

Ү кезең. Қорытындылау.
Топбасшылар сөз алады. Өз топтарының жинаған ұпай сандарын есептеу.
Интерактивті тақтада слайдпен сабақты қорытындылау.