Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!

Мақсаты:
Білімділік: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Дамытушылық: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
Тәрбиелік: Білім берер ордасы — мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар. Қанатты сөздер.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

                      Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!

мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. «
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым! мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 А- сыныбыны ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 — сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап әртүрлі тақырыпта ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата — аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

 Альбина : Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр — алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Әлішер : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Альбина: Армысыздар әкелер — аналар!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби — еркелер!
Ән: «Ардақты ұстазым.»Диас ,Сайра

Мектебімізге арналған тақпақтар орындау:

Диас: Мектебім — сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ, мен — қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

Батыр: Мектебім — білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата — анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Қ.Мирас: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Би қазақша.

Жүрсінай: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Лаура: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата — анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Ән: «Мектебім»
Асылтас: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз — ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән — жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
— Ендеше өзіміздің ұстазымызға арнап өлеңдер айтайық.
Дана: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Мирас: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Әсен: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сіздің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғыс отты жүректерден!
Ән: «Ұстазға мың тағзым»Альбина,Нұршат
Ән орысша Жазира ,Альбина.

Көрніс Пәндерайтысы.Альбина,Еркін,Асылтас,Диас,

Жазира: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби — балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Нұршат: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Зубаржат:Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Лаура:  Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
Жәнібек: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

 Еркін: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте — бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Жасұлан: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның

Сатира Еркін.
Би: «Үнді биі»Жазира

Жазира    Анам әрі ұстазым  Бақыттыгүл апайыма арнау;

Бақыттыгүл апай өзіңізсіз әріптерді үйреткен,

Өзіңізсіз білім ал деп алға қарай жол көрсеткен.

Өзіңізді қиып қалай кетеміз.

Өзіңізсіз мұратымзға  қалай  ғана жетеміз.

Ұстазым қиналмаңыз жасымаңыз

Әрқашанда қолдап жүреміз қасыңдамыз

Қанша жерден қиналмаймын  десеңізде

Әрқайсымыз  ақ алтындай басыңдамыз.

Басыңыздан бақыт нұры арылмасын

Шәкірттерің биік шыңнан жалындасын.

Келесі қабылдайтын шәкірттеріңіз

Өзіңізді мейріммен қабылдасын.

Атыңызға затыңыз да сай болсын

Жүрегіңіз мейрімге бай болсын.

Шәкірттердің әрқашанда өзіңізге

Мінгізері өмір бойы тай болсын

Бұл өмірде сізге ешкім жетпейді

Асыл бейнең көз алдымнан кетпейді.

Сен бойыма дарытқан тәрбиелер

Ешқашанда мәңгі естен кетпейді.

Халқыңның сен ақ батасын ала берші

Күнен күнге құлпырып сен жана берші

Ақ көңілді ақ пейілді мінезіңмен,

Ел есінде өмір бойы қала берші.

Әрине қоштасуға біз қимаймыз,

Жанардағы жасымызды  тыймаймыз.

Ең бастысы мынаны сіз білгейсіз

Өле –өлгенше өзіңізді сыйлаймыз да ұмытпаймыз.

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде!

Даярлық сыныбындағы ұстаздарға арнау Айгүл апай

Дана                          

Айгүл апай айдай болып жанады,

Шәкірттердің жүрегінде қалады.

Сіз өсірген балаларың  әрқашанда

Би билеп әнде шырқап салады.

 Орыс тілі сабағынан беретін Айнагүл ,Жадыра апайларға  арнау. 

Максим

Орыс тілді мына бізге үйреттіңіз

Орысша біл деп бізді алға сүйредіңіз

Айнагүл,Жадыра  апайлар аман-есен жүріңіз,

Бұл өмірде бақытты өмір сүріңіз.

Улыбка өлең орысша.

Асылтас 

 

 

 

 Набира: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата — анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Ендеше аналарымызға өз жылы лебіздерімізді білдірейік.

Айгүл: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым

Ән «Мама» Асылтас,Дана
Сайра: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең — ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Серік  Әкенің ақылы керек екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жасалған үш әріпке,
Өмірде еш нәрсе теңелмеген.

Жазира  Әке. Әке. Әке! Қымбат, әрине.
Ол қамқоршы жанұяға, әр үйге.
,Отан үшін, жанұя үшін, мен үшін,
Аямайды не өмірін, не күшін,-

Нұршат Ән:«Әкешім»

Әлішер  Отан деген сенің байтақ қуатың 
Ұлы көште мәңгі соғып тұратын
Мен оның жерінде жер басып
Отанымның өркендеген жүрегін 

Ән Мирас,Әсен,Рауан  «Тұлпар »

Әсен Отан сенің сарқылмайтын қуатын 
Жүрегіңде мәңгі соғып тұратын
Мен оның қуатымен күн кешем
Отан деген менің байтақ ұлы өлкем

Көрніс Максим,Еркін,Елдана.

ҚАЗЫБЕК ПЕН БҰХАР

Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаздауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
—     Бірден онға дейін санның мағнасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші,— деген екен.
Сонда Қазыбектің берген жауабы:
Бір дегеніңіз — бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз — егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз — үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегеніңіз — тарыққанда көмек бермеген жаман.
Бес дегеніңіз — білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз — аймағын билей алмаған адам жаман.
Жеті дегеніңіз — жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз — серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз — толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз — өткеніңіз, о дүниеге жеткен.

Ән  «Көк тудың желбірегені»

Көктудың желбірегені —          
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
Қайырмасы
Көктудың желбірегені —
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Жан жаққа тартпай, Қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені —
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған Қазақтың
Көзінің мөлдірегені.

Қоштасу вальсі.
Ұстаз тілегі:

4 сыныпты бітіуші қымбатты менің шәкірттерім!
Білімнің бастауы болған бастауыш сыныппен қоштасып,мектеп атты кеменің екінші басқышына көтерілесіңдер.

Ойлы жүздеріңді ,балғын күлкілеріңді ,сәби қылықтарыңды ,тәтті сөздеріңді  қимай қоштасамын.

Бүгінгі талпыныс шақтарыңа жарқын болашақтарыңды елестете отырып,әрқайсысың Егемен Қазақстанның бір-бір парасатты тұлғасы болып қалыптассаңдар екен деп тілеймін және сенемін.

Есейдіңдер қатарға енді қосылып,

4 жыл жанды ойымызда осы үміт.

Біз де ертерек мектеп жаққа жүгірдік,

Сендерге ұқсап қалмайық деп кешігіп.

Әрқайсысың бейне туған баламыз,

Төмен баға алсаң жасып қаламыз.

Өздеріңнен он есе артық сабаққа

Біле тұра біз де дайындаламыз.

Түсінікті болсын деп әр сөзіміз,

Сөз сұрыптап өтеді көп кезіміз.

Қуанамыз үздік баға қоярда,

Бестік алып отырғандай өзіміз.

Өздеріңсіз жоқ біздің еш ісіміз,

Сендерге сай  киінетін кісіміз.

Сендер барсың біздің жүріс тұрыста,

Өздеріңсің біздің көрген түсіміз.

Қадам сәтті болсын ұл мен қыздарым,

Ұмытпаңдар ұстаз салған із барын.

4-шіні сендер бітіріп кеткенмен ,

     Қайталаймыз тағы бастан біз бәрін
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап — жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Құттықтау сөздер

Мұғалім: Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей сөзің алтын, — дей келе

келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі

 жөніндегі орынбасарына беріледі.
Мұғалім: Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген – бір мұрат. Алдына түсіп ананаң, Жүргенін көрген – бір мұрат, — деп ата — ананаң өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған — барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.

      Альбина   Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

 Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде!

 

 

Мұғалім:  Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз МұхтарӘуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы — бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез — келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін!

                                   Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін,

Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап — жарқын жүздеріңнен,

 Аластайтын жаныңды күз көңілден

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

                                       Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. 
Балаларды мақтау қағазымен марапаттау

Әлішер  Осымен Сарқылмас ұлылықтың,

Саған мәңгі бастауысың басымды ием, Бастауышым!

атты мерекеміз аяқталды.