Теңдеу құру арқылы есептер шығару

382

 

Сабақтың тақырыбы «Теңдеу құру арқылы есептер шығару»
Мақсаты: 1.     Бағдарлама межесіне сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға жаттықтыру.

 

2.     Оқушылардың ақыл-ойының, математикалық стилін, шығармашылық сезімін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

3.     Оқушылардың танымдық және құзыреттілік іс-әрекетпен білім алуға және еңбекке бейімдеу. Пәнге деген көзқарасын, білімге құштарлығын қалыптастырып, ұжымшылдыққа, ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ұстаз еңбегінің қыр-сырын ұғынып, оған деген құрмет сезімдерін ұштау.

 

Сабақтың типі Пысықтау сабағы

 

Сабақтың түрі
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, ой шақыру, өзіндік, жұптық, жеке, топтық жұмыстар, өткенмен байланыс, мадақтау, талап қою, талдау-жинақтау.

 

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар, көрнекіліктер Компьютер, проектор, экран, оқулық, үлестірмелер, қағаз, маркер, қосымша тапсырмалар .
Пәнаралық байланыс Ана тілі, ән-күй, өзін-өзі тану

 

Барысы
І Ұйымдастыру кезеңі 1.  Психологиялық әзірлік

Үлкенге де сіз,

Кішеге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

2. Кезекші мәліметі.

3. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалау.

4. Жұлдызшаларымызды әзірлеп, өздеріңді бағалап отыруды ұмытпаңдар.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 1.     Үлестірмелер беру арқылы жылдамдық, уақыт, қашықтыққа байланысты білімдерін еске түсіру

 

2.     №8 тапсырма бойынша есеп құрастыру. Шығарылу жолын түсіндіріп айту.

 

3.     Шығармашылық тапсырма. «Сиқырлы көпбұрыш». Дәлелдеу.

 

4.     Қандай фигуралардан құрастырылған? Неше ұшбұрыш көруге болады.

 

5.     Бұл көпбұрыштың ауданын табуға бола ма? Қалай табамыз? Нені қолданасың?

 

6.     Мадақтау.

 

ІІІ Білімді бекіту кезеңі І «ОЙ ҚОЗҒАУ»

 

1.     Олай болса балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің атын жазайық.

 

2.     Көркем жазу сәті. 1392 саны.

 

3.     Енді алдарыңда мына тұрған, өлшемдері берілген төртбұрыштың периметрін кім өрнек түрінде жазып көрсетемін дейді. (Тақтаға жазып көрсету)

а) Р=Хсм + 4см + 3см + 3см

ә) Р=Хсм + 2см + Хсм + 2см

Р=(Хсм + 2см)*2

Р=((Хсм + 2см)*2): 2 (жарты периметрі)

 

-Бұл фигураның периметрін өрнек түрінде жаза отырып біз қандай өрнектер жаздық? (Әріпті өрнектер)

 

— Дұрыс. Әріпті өрнектерді біз көбінесе нелерден кездестіреміз. (Теңдеулерден)

 

-Олай болса, біз бүгін сабағымызда теңдеу құру арқылы есептер шығара отырып алған білімімізді пысықтаймыз.

 

 

—         Қазір сендерге бейбітшілік құсы көгершіннің сендерге әкелген сәлем-хаты бар екен. Көгершін не дейді?

 

—         Иа, сендердің мына тұрған сөзжұмбақты шешулеріңді өтініпті.

 

(Әр жұп оқушыға тапсырмалар таратып бере отырып, сөзжұмбақты шешеміз.)

 

-Сонымен сөзжұмбағымыздың айрықша қатарынан қандай сөзді оқуға болады?

 

-Олай болса бүгінгі сабығымызды ұстаздарға арнамақшымыз. «Ұстаз» атты сызба жасап, оған ұстаздарды сипаттайтын сөздер жазып тұрайық жарай ма?

 

-Сендерге сол білімді кім береді? (Ұстаз сөзін сызбаға түсіру)

 

— Әрине, олай болса ұстаздардың өздері де қандай деп ойлайсыңдар? (Сызбаға білімді сөзі түсіріледі)

 

«ЖОҒАЛҒАН СӨЗДІ ТАБАЙЫҚ». Қосымша  тапсырмамен жұмыс. Тағы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

 

ІІ ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

 

№2 тапсырма. Тапсырма оқылып талданады. Екі тәсіл арқылы орындалады.

1 тәсіл: 80: 4=20   Жауабы сәбіздің бағасы 20 теңге

 

2 тәсіл:  Х * 4 = 80

Х = 80: 4

Х = 20

20 * 4 = 80

80 = 80    Жауабы: сәбіздің бағасы 20 теңге

 

ІІІ. Қосымша тапсырма: Теңдеу құру арқылы шығару.

Мұғалім оқушыларға 50 күрделі теңдеу дайындап, күніне 2 теңдеуден шығартып жүрді. Балалар 24 теңдеуді шығарып қойды. Қалған теңдеулерді олар неше күнде шығарады?

Х * 2 = 50 — 24

Х * 2 =  26

Х = 26 : 2

Х = 13

13 * 2 = 50 — 24

26 = 26

Жауабы: Қалған 26 теңдеуді балалар 13 күнде шешеді.

 

-Балалар, сендердің аналарың дүкеннен тәттілер, жемістер әкеліп, күнде сақтап беріп жүреді иа. Ұстазың да сенің анаң сияқты алдын-ала сабақтарға дайындалып, көптеген қызықты тапсырмалар дайындап, күнде сабақ сайын беріп жүреді. Бұл ұстаздың сендерге деген несі деп білесіңдер? (Қамқорлығы. Сызбаға түсіру)

 

«ЕСІҢДЕ МЕ?»  Қосымша тапсырмамен жұмыс. Мәтіннен үзінді оқып, сәйкес сурет бойынша мәтін тақырыбын, авторын тауып айту.

 

№4 тапсырма. Мазмұны оқып, талданады. Есепті теңдеу құрау арқылы шығару.

Х – қапшықтар саны

3 * Х – барлық қапшықтардағы ұнның массасы

(10+2) – барлық кіртастардың массасы

Таразы теңеліп тұрғандықтан:

3 * Х = 10 + 2

3 * Х = 12

Х = 12 : 3

Х  = 4

3 * 4 = 10 + 2

12 = 12     Жауабы: 4 қапшық

 

ІУ. Шығармашылық тапсырма: Теңдеу құру арқылы шығару.

 

Мұғалім оқушылардың саны бірдей 2 сыныпты циркке алып барды.  Бірінші сыныпты теңдей бөліп екі қатарға отырғызды, ал екінші сыныптың 14 балысн бір қатарға, 10 баласын  екінші қатарға отырғызды. Әр сыныпта неше оқушы бар? Бірінші сынып әр қатарға неше оқушыдан отырғызылған?

 

 

 

Х – оқушылардың саны

Х * 2 – екі қатарға тең бөліп отырғызылған бірінші сыныптың оқушыларының саны

14 + 12 —  екінші сыныптың балалары

Х * 2 = 14 + 10

Х * 2 = 24

Х = 24 : 2

Х  = 12

12 * 2 = 14 + 10

24 = 24     Жауабы: Әр сыныпта 24 оқушы және бірінші сыныптың оқушылары әр  қатарға 12 оқушыдан отырғызылған.

 

— Балалар, оқушылармен сыртта жүру мұғалімге оңай ма? Қандай қасиет керек? (Ұстамдылық, батырлық, қайсарлық) Кестеге түсіру.

 

«Кім көп біледі?» Батырлық, ерлік туралы тоқтамастан бірнеше мақалдар айту.

 

Сергіту сәті:

—         Мына екі бейненің қайсысы көбірек ұнайды?

—         Олай болса, ұстаздарыңды қуанту үшін мына бір өлең жолына қарайықшы. Жоқ сөзді орнына қойып, өлеңді аяқтау.

—         Ол сыныптың кімі екен? (Анасы. Кестеге түсіру)

 

Тапсырма: Ана туралы өткен ана тілі сабақтарында өз шығармашылықтарыңнан өлеңдер шығарып едік қой естеріңде ме? Кім айтып беремін дейді?

 

—         Балалар, сендердің білімдеріңе ұстаздар риза болып, сұрақ қойғылары келіп отыр екен. Қарсы емессіңдер ме?

 

У. Ұстаздың тапсырмасы: Топпен жұмыс

Мен ұстазбын. Күнделікті сабақтарға дайындалуға 95 минут, дәптер тексеруге 125 минут жұмсаймын. Бос уақытым сол екі жұмысқа кеткен уақыттан 2 есе кем. Менің бос уақытым қанша минут. Сағат және минутпен өрнекте.

 

 

 

 

Х – бос уақыт

95 + 125 – сабақ қарауға және дәптер тексеруге кеткен уақыт.

Х * 2 – бос уақытты 2 есе арттырғандағы уақыт мөлшері

Х * 2 = 95 + 125

Х * 2 =  220

Х  = 220 : 2

Х  = 110

110 * 2 = 95 + 125

220 = 220         110 минут = 1сағат 50 минут

 

—         Осы есептен не байқадыңдар? (Мұғалімнің өзі үшін де, өз отбасы үшін де уақыты өте аз екенін көрдік)

 

—         Иа, бала оқыту қиын іс. Сонда да шыдап, табанды еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымызды қандай деуімізге тұрарлық екен? (Еңбекқор) кестеге жазу.

 

«Бейнелі сөз шешейік» —  Ердің атын еңбек шығарады.

 

УІ. Геометриялық материал. Жұптық жұмыс.

 

1 столдың беті тік төртбұрыш тәріздес. Ұзындығы-9дм, ал ені одан 3 есе кем. Периметрін тап.

 

2 столдың беті шаршы тәріздес. Қабырғасының ұзындығы 8дм. Периметрін тап.

 

-Қай столда жұмыс істеген мұғалім үшін тиімді?

 

УІІ. «Ұстазға естелік» Оқулықпен жұмыс.

№5 тапсырма. Оқып талдау. Теңдеу құру арқылы шығару.

(56+Х)*2=192

56+Х=192:2

56+Х=96

Х=96-56

Х=40

(56+40)*2=192

192=192          Жауабы: ені 40см, ұзындығы 56см

 

№6 тапсырма. Оқыта отырып талдау. ТЕңдеу құру арқылы шығару.

Х*20=300+100

Х*20=400

Х=400:20

Х=20

20*20=300+100

400=400          Жауабы: 20 теңгеліктерінің саны — 20,

 

УІІІ «Ұстаздарға гүл шоқтарын сыйлайық» Сабақты қорытындылау.

 

Есеп мазмұнын оқу. Сурет бойынша талдай отырып, екі тәсіл арқылы шешу.

1 тәсіл:  1) 87:7=12 (ыдысқа)     2) 60:12=5 (ыдыс қажет)

2 тәсіл:   60:Х = 84:7

60:Х = 12

Х = 60:12

Х  = 5

60:5 = 84:7

12 = 12     Жауабы: 60 тал гүлді салу үшін 5 себет қажет.

 

ІХ. Үйге тапсырма: №7,8 117 беттегі шығармашылық тапсырма.

 

Х. Оқушылар білімін бағалау. Марапаттау. Кәне балалар, енді алдымыздағы жұлдыздарымызды санап жіберейік. Кімдікі екіден көп екен?

 

ХІ. Сызбаны қорытындылау.

Ұстаз еңбегіноқушылардың сипаттауы.

Ұстаздарға алғыс сезімдерін білдіру.

«Ұстаз» әнімен сабақты аяқтау