Судың маңызы

38

Сабақтың тақырыбы:   Судың маңызы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларға су қоймаларын ластанудан сақтандыру шаралары туралы әңгімені жалғастыру. Суды үнемдеп пайдалану және оны босқа шығындауға болмайтындығын түсіндіру.

2.Дамытушылық. Оқушылардың ой–өрісін, танымдық  белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту.

  1. Тәрбиелік. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуге баулу, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Қолданылатын құрал – жабдықтар: суреттер, слайд, плакат тар.

Сабақтың жоспары:                 І Ұйымдастыру кезеңі

                                                              ІІ Үй тапсырмасын тексеру

                                                              ІІІ Қайталау

                                                              ІV Қорытынды

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сынып оқушыларының сабақ алды даярлықтарын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:    

Су туралы мақал – мәтелдер айтып жарысу;

Су туралы өлеңдер, әңгіме, ертегі айту;

Сұрақ – жауап:           Су табиғатта қандай күйде кездеседі?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Кесте толтыру: судың күйі 

түрлі күйде болуының себептері

қатты / температура 0 градустан төмен болған кезде

сұйық / температура 0 градустан жоғары болған кезде

газ тәрізді / Температура, 100 градуста қайнайды. Буға айналады.

ІІІ. Қайталау

Пікірталас ұйымдастыру:

«Су – тіршілік көзі» деген пікірді дәлелдеңдер.

Су жер бетінен жойылып кетсе не болады?

Сұрақ – жауап:

— Мемлекет тарапынан суды қорғауға қандай шаралар жасалынады?

— Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы және қорғауы үшін не істеу керек?

          Оқулықпен жұмыс:  Мәтінмен жұмыс

ІV Қорытынды:        Сұрақ – жауап:

—          «Суға қауіп төніп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар «Суға қауіп төніп тұр» тақырыбында сурет салып, қорғайды.

 Үйге тапсырма:         Мәтінді оқу, мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру.