Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың тақырыбы:  Ю  дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:     1.Юю әрпі және дыбысымен танысу.

2.Юю әрпін дұрыс оқи білуге,сөздер

тізбегін   мәнерлеп  оқуға,  мәтіннің мазмұнын

аша білуге дағдыландыру.

3.Үлкендерді сыйлауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

 Сабақтың көрнелігі: суреттер, әріптер, слайдтар, электронды оқулық.

  Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар, топтық жұмыс.

 

Сабақтың барысы.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдарын түгелдеу.

Психологиялық дайындық:   Күннің нұры шуақты

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты

Оқушымын мен енді.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 

  1. Тақтамен жұмыс

А) «Я» әрпі кездесетін сөздерді теріп жазу:

Алаша, қияр, ұят, кітап, пияз, оймақ.

Ә) «Ж» әрпінен басталатын сөздерді теріп жазу:

Жаға, сағат, жастық, жусан, марал, зығыр.

Б) Буынға бөліп сөйлем құра: шаянның суреті.

  1. Партадағы оқушылармен жұмыс:

         А) Сөздер тізбегін оқыту;

Ә) «Сұр қоян» өлеңін жатқа сұрау;

Б) Кісі аттары мен жер-су аттырын оқыту.

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту 

 

  1. Дыбыстық талдау жасау: баян, мая, таяқ, егіз.
  2. Ұйқасын тап ойыны

Қонып алып жарға,                        Моп-момақан өзі,

Қарқылдайды   … . (қарға)            Сүп-сүйкімді  … . (қозы)

  1. Топтық жұмыс

«Кім тапқыр?» ойыны

І топ. Жемістердің суреті.  «А» дыбысын тап. (А дыбысы кездесетін жемісті табу)

ІІ топ. Аңдардың суреті.  «Қ» дыбысын тап. (Қ дыбысы  кездесетін аңдарды табу)

ІІІ топ. Көкөністердің суреті. «З» дыбысын тап. (З дыбысы кездесетін көкөністерді табу)

  1. Яя – қосарлы дауысты дыбыс. Й+А= Я

Айтылуы                    Жазылуы

Тайақ                          Таяқ

Шайан                        Шаян

Майа                          Мая

ІҮ. Сергіту сәті

           «Маша мен аю» ертегісін көрсету.

   Ү. Жаңа сабақ

— Балалар, біз жаңа қандай мультфильм көрдік?

— Осы мультфильмнің кейіпкерлерін атаңдар.

— Маша, аю.

— Аю сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?

— Ю.

— Ендеше біз бүгін Ю дыбысымен танысамыз.

  1. Жұмбақ шешу

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.  (Аю)

  1. Кіріспе әңгіме

Ю дыбысы – дауысты дыбыс.

Қосарлы дыбыс –  й+у= ю

Орыс тілінен енген.

Юра, оюлап, азаю.

  1. Оқулықпен жұмыс

А) суретпен жұмыс;

Ә) сөздер тізбегін оқу;

Б) «Ою» мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру.

В) «Жақсы көрем» өлеңін оқыту.

  1. Дәптермен жұмыс

Ю ю дыбысының баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Тақтада жазу, ауада жазу, дәптерде жазу.

Отыру ережесімен таныстыру.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау

  1. Мияны жеп қоян,

Атанды ол ноян.

  1. Балды жеп аю,

Ұйқыға батты қою.

(Оқушыларға екі рет оқытып, жатқа сұрау)

  1. Ол балды жақсы көреді? Ол кім?
  2. Атам қандай шай ішеді?
  3. Әжемнің сүйікті ісі.
  4. Адамзаттан ең бірінші ғарышқа ұшқан кім?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

«Ою» мәтінін оқу.

«Жақсы көрем»  өлеңін жаттау.

Жазу қатарындағы үлгіні жазу.

ҮІІІ. Оқушыларды мадақтап, бағалау.